123
дамып жетіледі (54-сурет), ал ондағы генетикалық ӛзгергіштіктің бір ғана
кӛзі кездейсоқ мутациялар болып табылады. Бір аналық дарадан дамитын
бір-біріне ұқсас ұрпақтар
клон
деп аталады. Жыныссыз кӛбеюдің бірнеше
формалары бар.
1.
Вегетативті көбею
– жаңа ағза аналық ағзаның бір топ
жасушаларынан пайда болады. Гидраға, губкаға жалпақ және жұмыр
құрттарға тән.
2.
Полиэмбриония
– мұнда эмбрион бірнеше бӛлікке бӛлінеді,
олардың әр қайсысынан ағза дамып жетіледі. Бұл категорияға бір зиготалы
егіздер жатады.
3.
Спора түзу
– тіршілік циклының бір сатысы, кӛбею үшін жүретін
процесс. Бұл процесс ӛсімдіктерге тән.
Достарыңызбен бөлісу: