Нұр-Сұлтан 2021 ж. Тақырыбы: «Өмір, сені мен сүйемін!»


Сыйлыққа берілетін құндылықтар



бет4/4
Дата16.09.2022
өлшемі0,64 Mb.
#149738
1   2   3   4
Байланысты:
Мен өмірді сүйемін

Сыйлыққа берілетін құндылықтар:
1. Денсаулы 6. Қуаныш 11. Махаббат
2. Бақыт 7. Сүйіспеншілік 12. Жақындарының саулығы
3. Білім 8. Кешірім
4. Батылдық 9. Жарқын болашақ
5. Шаттық 10. Отбасы саулығы


6. «Сағаттық достар» сергіту жаттығуы
Мақсаты: Эмоционалды босаңсу, стресті түсіру, релаксация.
Студенттерге «сағаттың» суреті салынған қызыл, жасыл, сары, көк түсті текшелерді таратып беремін, түстер бойынша 4 топ құрылады, енді сағаттың тілінде көрсетілген 4 цифрға 9, 12, 15, 18 сандарына кім-кіммен қай уақытта кездесетінін келісіп жазады, итерактивті тақтаға келесідей тапсырма шығады;
Сағат - 9.00 кездесетіндер - күлімдейді.
Сағат -12.00 кездесетіндер - ауада сүйіспеншіліктерін көрсетіп жібереді.
Сағат -15.00 кездесетіндер - қолдарын бұлғайды.
Сағат 18.00 кездесетіндер - қолдарын шапалақтайды.
- Жаттығудан қандай әсер алдыңдар?
7. «Сиқырлы сандық» жаттығуы
Жақсы әуен ойналып тұрады.
- Мен «1,2,3» дегенде көзімізді жұмамыз, мен өзім әрқайсыңның қасыңа келіп, сиқырлы сандықты ашамын «мұнда қара және оған жыми» дегенде көзіңді ашып жымиясың (сандықшаның ішінде айна болады. Оқушы көзін ашқанда өзін көріп, жымияды). Барлығы көздерін ашқанша ойынды солай жалғастыра беремін.

- Жақсы балалар!(Жаттығу бойынша ойларын тыңдау).


- Сиқырлы сандықтың ішінен кімді көрдіңдер?
- Әрине, өздеріңді.
- Біз әрқайсымыз кімбіз?
- Дұрыс, әрқайсысың қайталанбас тұлғасыңдар, айнадағы көрген адамдай сендер үшін ешкім күле алмайды, сендер үшін дәл сен сияқты қайырымды мейрімді, жомарт, ақылды, кішіпейіл бола алмайды.
Қымбатты балалар! Өмір адамға бір рет беріледі, оны мәнді өткізу өздеріңнің қолдарыңда.
8. «Модерация» әдісі бойынша берілген стикерлерге топтағы («Сағаттық достар» жаттығу бойынша бөлінген топ) достар студенттер «өмір» сөзіне қатысты сөздерді жазады. Топ ішінде жазғандарын іріктейді, қайталанған сөздерді алып тастайды. Ең көп сөз жазған топтан бір студент шығып, тақтадағы «күн шапағына» жазғандарын оқып тұрып жапсырады, басқа топтар қайталанған сөздер болса, алып тастайды. Солайша, барлық топтар сөздерді жапсырып шығады.


9. Рефлексия:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет