Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет49/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   292
ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ
(870-950)


Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, ежелгі Отырар, арабтар Фараб деп атаған қалада дүниеге келді.Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр аталған.
Энциклопедист, ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі – ғалымның жан-жақты тұлғасын көрсетеді. Деректерде сауатын түрікше ашқаны, өзін ақын және күйші, әнші ретінде танытқаны айтылады.

Бауырым, қанша сүйгенмен,


Бітеді өмір күйбеңмен.
Шындыққа бас тік алаулап,
Пенделіктен бол аулақ.
Жататын дәйім жаңғырып,
Бұл өмір емес мәңгілік.
Бейопа мына заманда
Бақұл боп кетер адам да.
Жұрт кешкен күнін көп қызық,
Жіберер зая өткізіп.
Қағаздың түсті бетіне,
Сызықтай бейне тартылған.
Тап болып, жігер сарқылған,
Кездейсоқ өмір өтіне
Қайыспай тұрса нар тұлғаң
Сонда да беріп кетеміз,
Жүректің отын молында,
Арманды аңсап өтеміз
Ұлы мұрат жолында.
*** ***
Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәртебе алдаса да өзіңді.
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,
Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған.
Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
Жүргендер көп достың атын малданып,
Алайда тек қалма оған алданып.
Аударған А. Нысаналин. (Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. 2-том: Шығыс әлемі (орта ғасыр)/Жетекшісі Ә.Н. Көшербаева. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2009– 400 бет. 167-168 - беттер.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет