4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20мин(22% )
1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.
2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.
5.Сабақты қорытындылау: 3мин ((3,3%)
1.Оқушыларды бағалау.
2.Сабақтың тақырыбы: 1945-1990 жылдардағы КСРО.
6..Үй тапсырмасы: 2 мин(2,2%)
1.Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.
2.Қосымша жұмыс:
Реферат тақырыбы:
1.Соғыстан кейінгі КСРО-да қираған ауылшаруашылығын қалпына келтіру.
2. «Қайта құру» саясаты.
№ 13 сабақ
І.Тақырыбы: Еуропа және Солтүстік Америка елдерінің экономикалық және саяси дамуындағы ерекшеліктер.
ІІ.Оқу сағаты-2 90 мин (100%)
ІІІ.Сабақтың түрі: аралас
ІV.Сабақтың мақсаты:
-Оқушыларға екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыс Еуропа елдерінің әлеуметтік экономикалық жағдайы туралы түсіндіру.
-Реконверсия, репарация терминдеріне түсінік беру.
-Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде екі үлкен державалар пайда болып, Ақш пен КСРО елдері арасында «қырғи-қабақ» соғыстың басталғанын айтып өту.
V. Пәнаралық байланыс: Этнография ғылымы, жағрафия, археология ғылымы, қазақстан тарихы.
VІ. Сабақтың әдістемелік қамтамассыз етілуі:
а) әдебиеттер:
Қазақстан тарихы 11-кл.Алматы «Мектеп» 2007 ж.
Дүниежүзі тарихы 10-сынып
ХХғасырдағы дүниежүзі тарихы. 11-сынып 2005 ж.
б) тесттер, кестелер, қима қағаздар
Оқыту орны: аудитория
VІ. Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі : 5 мин.(5,5%)
Мақсаты:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа дайындығын қалыптастыру.
1.Үй жұмысын тексеру: 10 мин(11%)
2. сабақтың тақырыбы бойынша жан-жақты сұраулар қою.
1.Ұлы Отан соғысынан кейін КСРО халық шаруашылығын қалай, қанша уақытта қалпына келтірді.?
2. Сталиннің жеке басына табыну мен оның зардаптары қалай әшкереленді.?
3. Ұлттар Лигасы ұйымы мен БҰҰ – ның айырмашылығы қандай?
4. «Қырғи қабақ» соғыстың себептері мен мәні.
5. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қандай одақтар құрылды?
6.Брежнев тұсында КСРО- да іске асырылған реформалардың жүзеге аспау себебі?
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20 мин(22%)
Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру.
1.1Тақырып жоспары:
1.Соғыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру және тоталитаризмнің нығаюы.
2.КСРО – сыртқы саясаты.
3.Жеке басқа табынуды әшкерелеу.
4.Тоқырау кезеңі.
5. М.С.Горбачев және оның «қайта құру» мен «жариялылық» саясаты.
6. ТМД-ның құрылуы.
Ақпараттық дидактикалық бөлім.
50- жылдардың басында Еуропа елдері өңдірістің соғыстан бұрынғы деңгейін қалпына келтірді. 50 – 60 жылдары батыс елдерінің көпшілігінің экономикасы өте жылдам қарқынмен дамыды. Сол кездің өзінде «италян ғажабы», «батыс герман ғажабы», «жапон ғажабы» деген терминдер пайда болды.1948 -1963 жылдары Франция 4,6 % ГФР 7,6 % ,Италия 6 % , Голландия 4,7 %, Ұлыбритания 2,5 % біршама артты.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ, Еуропа елдерінде қаржы былығы болып, соны қайталамас үшін екінші дүниежүзілік соғыс болып жатқан кездің өзінде валюталық тұрақтандыру шараларын қабылдаған болатын.
1944 жылы Бретон-Вудсте БҰҰ конференциясында 44 елдің өкілдері қатысқан бретонвудс валюталық жүйесін құрды. Конференцияға қатысушылар басқа валюталардың курсы бағытталатын доллардың тіркелген алтын мағынасын тіркеуге келісті. АҚШ «Маршалл жоспары» бойынша батыс еуропа елдеріне 1948-1952 жылдары 13 млрд.доллар көмек берді.
АҚШ екінші дүниежүзілік соғыстан кейін оқшаулану саясатынан бас тартып, ашық рыноктық саясатқа көшті.
1947 жылы 23 индустриялды ел Сауда мен тарифтер туралы Бас келісімге қол қойды. 1995 жылы СТБК орнына Бүкілдүниежүдзілік сауда ұйымы құрылды.
1950-1970 жылдары Еуропада сауда көлемі 18 млрд. 129 млрд. өсті. Жаңа техника мен технология дамыды. Мұнай экономикалық өрлеудің басты күшіне айналды. Осы жылдары мұнайды өңдіру алты есе артты. Таяу Шығыста, Африкада, Азияда арзан мұнай көздері ашылды.
Экономикасы жоғары елдерде халықтың әлеуметтік жағдайына көп көңіл бөлді. Білім саласына, денсаулық сақтауды дамытуды, көп балалыққа берілетін, зейнетақы, степендия т.б Егер Еуропада 1945 жылы 5 млн автомобиль болса, 1970- ші жылы 100 млн. жетті. Ауылшаруашылығында да жұмыс қолы азайды. Ауылшаруашылығы толығымен техникамен жабдықталды, ал ауылшаруашылығынан босаған адамдар денсаулық сақтау, білім т.б қызметтерге ауысты. 1970-ші жылы батыс елдерінде кемелденген индустриялды қоғам аяқталды.
1974-1975 жылдары 1980-1982 жылдары Еуропаны, АҚШ-ты, Жапонияны экономикалық дағдарыс қамтыды. Алпысыншы жылдардың аяғында доллармен жапон валютасы иена, ГФР-маркасы, швейцар франкі бәсекеге түсті. АҚШ-тан кейін француздардың,ағылшындардың да алтынға теңелген валюталардың құны төмендеп кетті.
80-ші жылдардың екінші жартысында ғылыми техниканың дамуының екінші кезеңі басталды. Еңбек құарал жабдықтары компьютерленді. Бұл деген сөз түрлі құралдар адамсыз өнім шығара беретін болды. 80-90-жылдары батыс елдерінде жұмыссыздық 5 – 11% жетті. 70- 90 жылдары әлеуметтік саясатқа жұмсалатын шығындардың ары қарай өсуі әлеуметтік елдер үшін ауыр тиді. Дәл осы кезде жұмыссыздардың саны одан да өсіп, әлеуметтік қамсыздандыру бұрынғыдан да күшейтілді. Америкаға келсек, АҚШ дүниедегі еңқуатты мемлекетке айналды. Америка әскерлері Германияға, Жапонияға, Италияға орналастырылды. 1945 жылы АҚШ президенті болып, Гарри Трумэн тағайындалды. Реконверсия немесе кері қайта құру бойынша соғыстан кейін 12 млн. солдаттың 1млн. ғана қалды. АҚШ 1950 жылы басталған Корея соғысына араласты. 60 жылдары орын алған Вьетнамдағы соғыста бес жүз мыңдай американ әскері соғысып жатты. 70-ші жылдары орын алған экономикалық дағдарыс АҚШ-та да орын алды.
1980-1988 жылдары үкімет басына Р. Рейган келді. Рейганның кезінде жұмыссыздардың саны 10 млн. 7 млн. дейін азайды.
1986-шы жылы АҚШ пен КСРО арасында қысқа қашықтықта ракеталарды жою туралы келісімге Вашингтонда қол қойылды. Ауғанстаннан кеңес әскерлері шығарылғаннан кейін 1991-ші жылы КСРО мемлекеті ыдыраған соң «қырғи –қабақ» соғыс аяқталды.
Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)
1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.
2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.
5.Сабақты қорытындылау: 3 мин (3,3%)
1.Оқушыларды бағалау.
2.Сабақтың тақырыбы: Еуропа және Солтүстік Америка елдерінің экономикалық және саяси дамуындағы ерекшеліктер.
6..Үй тапсырмасы: 2мин(2,2%)
1.Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.
2.Қосымша жұмыс:
Реферат тақырыбы:
1.Соғыстан кейінгі Германия мемлекеті.
2. АҚШ-тың ұлы державаға айналуы.
№ 14 сабақ
І.Тақырыбы: Қазіргі замандағы Азия елдері.
ІІ.Оқу сағаты-2 90 мин (100%)
ІІІ.Сабақтың түрі: аралас
ІV.Сабақтың мақсаты:
-Оқушыларға екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия елдерінің әлеуметтік экономикалық жағдайы туралы түсіндіру.
-Доминион терминіне түсінік беру.
-Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде пайда болған тәуелсіз Азия елдеріндегі реформалардың ұқсастығымен айырмашылығын талқылау.
V. Пәнаралық байланыс: Этнография ғылымы, жағрафия, археология ғылымы, қазақстан тарихы.
VІ. Сабақтың әдістемелік қамтамассыз етілуі:
а) әдебиеттер:
Қазақстан тарихы 11-кл.Алматы «Мектеп» 2007 ж.
Дүниежүзі тарихы 10-сынып
ХХ ғасырдағы дүниежүзі тарихы. 11-сынып 2005 ж.
б) тесттер, кестелер, қима қағаздар
Оқыту орны: аудитория
VІ. Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин.(5,5)
Мақсаты:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа дайындығын қалыптастыру.
1. Үй жұмысын тексеру: !0мин(11%)
2. сабақтың тақырыбы бойынша жан-жақты сұраулар қою.
1.Батыс елдерінің экономикасы жедел қарқынмен қалпына келу себебі?
2. 50-60-шы жылдары Батыс елдерінде тұрмыс пен еңбек ету және өмір сүру деңгейі қалай өзгерді?
3. Соғыстан кейін Италияның тез дамуының себептері?
4. 1974-1975 және 1980-1982 жылдардағы экономикалық дағдарыстың себептері?
5. Рейган мен Тетчер үкіметтерінің қызметтерінде қандай ұқсастық бар?
6.Соғыстан бұрынғы кезеңмен салыстырғанда АҚШ -тың саяси стратегиясы қалай өзгерді?
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20 мин( 22%)
Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру.
1.1Тақырып жоспары:
1.Соғыстан кейін Тәуелсіздік алған Азия елдері.
2.Үндістан мемлекетінің доминион болып жариялануы.
3.Қытай Халық Республикасының құрылуы.
4.Соғыстан кейінгі Түркияның дамуы.
5.Ирак, Иран елдері
Ақпараттық дидактикалық бөлім
Соғыста Германия мен Италия елдері талқандалғаннан кейін Азия және Африка елдерінің көпшілігі өз тәуелсіздіктерін алды. Жапонияның жеңілуі Индокитай, Бирма, Индонезия халықтарының көтерілісіне алып келді. Тіпті ағылшындар да отар елдерін ұстап тұра алмады. 1947 жылы Үндістан мен Пакистан өз тәуелсіздіктерін алды.
Палестина жеріне арбтар мен еврейлер арасында талас болып, 1948жылы еврейлер Израиль мемлекетін құрды. Осыдан бастап елде азамат соғысы басталды. Бұл соғыс әлі күнге дейін жалғасуда.
Қытай. 1946-1949 жылдарындағы азамат соғысында коммунистік партия дүниеге келді. 1949 Қытай Халық Республикасы құрылды. Аграрлық реформа жүргізіліп, шаруалар ұжымдастырылды. 1958 жылы үлкен секіріс саясаты басталып, сәтсіздікпен аяқталды. 1976 жылға дейін елді Мао Цзедун басқарып қайтыс болады. Орнына Дэн Сяопин келеді. Ол арлас реформа құрып халықтың наразылығын басады. 1988-1989 жылдары әлеуметтік шиленіс қайта күшейді. Қазіргі таңда Қытай дүниежүзіндегі рынокты қамтамассыз етіп жатқанымен халық санының көп болуына байланысты ішкі шешілмей жатқан проблемалары жеткілікті.
Жапония. Екінші дүниежүзілік соғыстан қирап шыққан Жапония экономиканы қалпына келтіру үшін реформалар жүргізді. Реформаларда шаруаларға жер бөліп беру басты меселе болып саналды. Жапонияның экономикасы жылдам қарқынмен дамыды. Қазіргі кезде жапондық тауарларға деген сұраныс өте жоғары.
Үндістан, Пакистан. 1947 Үндістан мен Пакистан доминион болып жарияланды. 1950 жылы Үндістан Республикасы болып жарияланды. Тұңғыш үкіметті Джавахарлал Неру басқарды. Кейіннен Индира Ганди, оның ұлы Раджив Ганди басқарды. Үндістан капиталистік жолмен дамып келеді. Халқының арасында алауыздық, дінге бөлінушілік, кастаға бөліну сияқты ішкі проблемалары жеткілікті.
Пакистан. Үндістанның бір бөлігі. 1955 Пакистан Ислам Республикасы деп жарияланды. Пакистанда капиталистік жолмен дамып келе жатқан мемлекет. Аграрлық реформалар жүргізді.
Туркия . Республика болып құрылғаннан кейін дін мемлекеттен бөлінді, медреселер таратылды, еуропалық киім кию міндетті болды. Көп әйел алушылыққа рұқсат берілмеді. Латын алфабитіне көшірілді. Соғыстан кейін жеке кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасалды.
Иран. 60 аграрлық реформа жүргізілді, оның мақсаты жердің жетіспеушілігін жою болды. Мұнайдан түскен қаржы ғимараттар салуға, көшелерді түзеуге т.б Шахқа қарсы қозғалысты Аятолла Хомейни басқарды. 1997ж. Иранда президент сайлауы болып өтті. М. Хатами жеңіске жетті.
4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20мин (22%)
1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.
2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.
5.Сабақты қорытындылау: 3мин(3,3%)
1.Оқушыларды бағалау.
2.Сабақтың тақырыбы: Қазіргі замандағы Азия елдері.
6..Үй тапсырмасы: 2мин(2,2%)
1.Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.
2.Қосымша жұмыс:
Реферат тақырыбы:
1.Соғыстан кейін тәуелсіздік алған Азия елдері.
2. Тәуелсіз Үндістан Республикасының құрылуы.
№15 сабақ
І.Тақырыбы: Қазіргі замандағы Африка елдері.
ІІ.Оқу сағаты-2 90 мин (100%)
ІІІ.Сабақтың түрі: аралас
ІV.Сабақтың мақсаты:
-Оқушыларға екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия елдерінің әлеуметтік экономикалық жағдайы туралы түсіндіру.
-Доминион терминіне түсінік беру.
-Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде пайда болған тәуелсіз Азия елдеріндегі реформалардың ұқсастығымен айырмашылығын талқылау.
V. Пәнаралық байланыс: Этнография ғылымы, жағрафия, археология ғылымы, қазақстан тарихы.
VІ. Сабақтың әдістемелік қамтамассыз етілуі:
а) әдебиеттер:
Қазақстан тарихы 11-кл.Алматы «Мектеп» 2007 ж.
Дүниежүзі тарихы 10-сынып
ХХғасырдағы дүниежүзі тарихы. 11-сынып 2005 ж.
б) тесттер, кестелер, қима қағаздар
Оқыту орны: аудитория
VІ. Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.(5,5%)
Мақсаты:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа дайындығын қалыптастыру.
1.Үй жұмысын тексеру: 10 мин(11%)
2. сабақтың тақырыбы бойынша жан-жақты сұраулар қою: 30 мин(22%)
1.Израиль мемлекетін құрушылар кімдер ?
2. 50-60-шы жылдары Африка елдерінде тұрмыс пен еңбек ету және өмір сүру деңгейі қалай өзгерді?
3. Соғыстан кейін Жапонияның тез дамуының себептері?
4. Бірінші араб – Израиль соғысы қашан басталды.?
5. Қытайда «үлкен секіріс» саясаты қай кезеңдерді қамтыды ?
6.Соғыстан кейін Азия елдерінің тәуелсіздігін алуға қандай жағдай әсер етті?
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру.
1.1Тақырып жоспары:
1.Соғыстан кейін Тәуелсіздік алған Африка елдері.
2.Алжир Халық демократиялық Республикасының құрылуы.
3.Революцияға дейінгі Эфиопия.
4. Африка елдерінің экономикалық даму бағыты.
Ақпараттық дидактикалық бөлім
Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін отар территорияларда жер бетіндегі халықтың үштен бірі өмір сүрді. Соғыста Италия, Германия жеңілгеннен кейін олардың отар елдеріне тәуелсіздіктерін алуға жағдай туды. Ол мемлекеттерге көрші жатқан Францияның, Ұлыбританияның отар елдері де тәуелсіздіктерін талап етіп күрес жүргізді. Отар елдерді бұрынғыдай күшпен ұстап тұру мүмкін болмай қалды. Басқа мемлекеттерге қарағанда Африка елдері отаршылдықтан кейінірек босатылды.
1968 жылы Англия Суэцтен Шығысқа қарай орналасқан соғыс базаларынан кететіндігін жариялады. Франция 1946-1954 жылдардағы Вьетнамда болған соғыста жеңіліп тізе бүкті. 1956 Марокко мен Тунис тәуелсіздік алды. 1962 жылы Алжир сегіз жыл соғысып ақыры өз тәуелсіздігін жеңіп алды. Алжир халқы 130 жылдан астам француздардың отарында болды. 1954 француздарға қарсы күресті бастады. Жұмысшылар мен еңбекшілер Ұлттық азаттық майдан құрды. Француздар АҚШ көмегіне сүйенді. 1,5 млн. алжирлік қазаға ұшырады, 2 млн.түрмелерге жабылды. 1962-ші жылы Франция атысты тоқтату туралы Эвиан келісіміне қол қойды. Осы жылы қыркүйекте Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы құрылғанын жариялады. Алжир үкіметі жеке меншікті шектеп, мемлекеттік меншікті ұлғайту шараларын жүргізді. Бұрынғы феодалдардың жерлері ұлттандырылды. Бюджеттің отыз пайызы оқу- ағарту ісіне жұмсалды.
70- ші жылдарда азаттық қозғалыс Африканың солтүстік- шығысында да қанат жайды. Эфиопия жартылай капиталистік, жартылай феодалдық ел болды. Халықтың 93 % сауатсыз болды. Балалардың 15 % жуығы мектепке бармады. Жұқпалы аурулар көбейді. Хлықтың медициналық көмекке қолы жетпеді.
1974-ші жылы халық революция ұйымдастырып, император құлатылды. Революциядан кейін аграрлық реформа қабылданды. 1984 ж. Эфиопия жұмысшы партиясы құрылды. 1987 Эфиопия Халық демократиялық Республикасы болып жарияланды.
Бұрынғы Италияның отарлары алғашқыда БҰҰ. қамқорлығына алынып, 1951 Ливия, 1960 Сомали тәуелсіздіктерін алды. Осман империясы ыдырағаннан кейін бірнеше араб мемлекеттері пайда болды. 1932 Ирак, 1936 Египет мелекеттері пайда болды. 1945-1946 жылдары Франция Сирия мен Ливанға иелік етуден бас тартты. Африканы отарсыздандыру процесіндегі шешуші оқиғалар 1960 жылдары орын алды, сондықтанда бұл жыл тарихта «Африка жылы» деген атпен қалды.
Африка территориясы негізінен Англия мен Францияның иелігінде болды. 1960 жылы қырық бестей ел тәуелсіздік алды. Португалиядағы авторитарлық режим құлағаннан кейін Ангола мен Мозамбик күрес нәтижесінде тәуелсіз ел болды. Ең соңында 1990 жылы Намибия бостандық алды.
Африканың отарсыздануы тайпалар арасында қақтығыстар нәтижесінде жүзеге асты. Жаңа мемлекеттердің көпшілігінде билік басына әскери диктатуралар, монархиялық режимдер, азғана билеуші партиялар басқарады. 80- жж. Африка халқы дүниежүзі халқының шамамен 10 % құрады. Дүниежүзілік өнеркәсіп өнімінің 1% құрады. Африканың сыртқы қарызы жыл сайын өсіп отырды. 1950-1982 жж. 6 млрд –тан 32 млрд. долларға өсті. Африка халқының арасында босып жүрген босқындар өте көп. Тәуелсіздік алу қай елдің болса да еркін өмір сүруіне жағдай туғызады. Орталық және Оңтүстік Африка елдері бытыраңқы толық қалыптаспаған ел болып қала берді.
4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20мин(22%)
1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.
2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.
5.Сабақты қорытындылау: 3.мин(3,3%)
1.Оқушыларды бағалау.
2.Сабақтың тақырыбы:Қазіргі замандағы Африка елдері.
6. Үй жұмысын тексеру: 2 мин(2,2%)
1.Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.
2.Қосымша жұмыс:
Реферат тақырыбы:
1.Соғыстан кейін тәуелсіздік алған Африка елдері.
2. Африка елдерінің экономикалық жағдайы.
№16 сабақ
І.Тақырыбы: Қазіргі замандағы Латын елдері.
ІІ.Оқу сағаты-2 90 мин (100%)
ІІІ.Сабақтың түрі: аралас
ІV.Сабақтың мақсаты:
-Оқушыларға екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Латын Америка елдерінің әлеуметтік экономикалық жағдайы туралы түсіндіру.
-АҚШ, Еуропа елдерінің экономикасын Латын Америкасымен салыстыра отырып түсіндіру.
-«Прогресс жолындағы одақтың» мақсаты, маңызы туралы айтып өту.
V. Пәнаралық байланыс: Этнография ғылымы, жағрафия, археология ғылымы, қазақстан тарихы.
VІ. Сабақтың әдістемелік қамтамассыз етілуі:
а) әдебиеттер:
Қазақстан тарихы 11-кл.Алматы «Мектеп» 2007 ж.
Дүниежүзі тарихы 10-сынып
ХХғасырдағы дүниежүзі тарихы. 11-сынып 2005 ж.
б) тесттер, кестелер, қима қағаздар
Оқыту орны: аудитория
VІ. Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: 5мин.(5,5%)
Мақсаты:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа дайындығын қалыптастыру.
2. сабақтың тақырыбы бойынша жан-жақты сұраулар қою: 30мин(33%)
1.Африка елдерінің соғыстан кейін тәуелсіздік алуына не себепті жағдай туды ?
2. 50-60-шы жылдары Африка елдерінде тұрмыс пен өмір сүру деңгейі қалай өзгерді.?
3. Алжир мемлекеті француздармен неше жыл соғыс жүргізді ?
4. Бірінші араб – Израиль соғысы қашан басталды.?
5. Эфиопиядағы 1984 жылы орын алған аштықтың салдары ?
6. 1960 неліктен Африка жылы деп аталды ?
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20мин(22%)
Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру.
1.1 Тақырып жоспары:
1.Соғыстан кейінгі кезеңдегі Латын Америка елдеріндегі саяси жағдай.
2.1970 – 2000 жж. Латын Америка елдерінің әскери режимдердің жаңару саясаты.
3.Аргентинадағы перонизм қозғалысы.
4. Мексикада Институтциялық – революцияшыл партияның билікке келуі.
Ақпараттық дидактикалық бөлім
Латын Америка елдеріне Аргентина, Чили, Мексика, Бразилия, Куба, т.б құрайды. Латын Америка елдерінің соғыс жылдарында және соғыстан кейінгі жылдарда экспорттық тауарларының құны өсті. Олар ұлттық экономиканы жедел дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтылды. Осы негізде ұлтшыл реформистік партиялар мен қозғалыстар өріс алды. Олар елдің егемендігін нығайту үшін, әділдікке жету үшін күреске шақырды. Осы сипатта Аргентинада перонизм қозғалысы болды. Қозғалысты Хуан Доминго Перонның жақтастары ұйымдастырды. Ол тәуелділіктен құтылу үшін, гүлденген қоғам орнату үшін аргентин халқын бірлікке шақырды. Ол халықты өзіне сендіре білді. Перон елде кәсіпкерлердің қолдауына ие болды. 1946-1955 Перон президенттік қызмет атқарды. Перон еңбекшілердің құқығын қорғайтын конститутция енгізді, жалақысын арттырды, ақылы демалыс енізді, жалпылама зейнетақы енгізді. Экономикалық дамудың бес жылдық жоспары жасалды. Өңдіріс кәсіпорындары, транспорт магистралдары салынды, ұлттық капиталға қолдау көрсетілді. Бірақ елуінші жылдардың ортасында аргентина экспортына баға төмендеп, одан түсетін табыс қысқаруына байланысты әлеуметтік және экономикалық саясатты одан әрі жалғастыру мүмкін болмай, шектеу жасалынды. Осы жағдай Мексикада ұлтшыл- реформистик 40 жылдары орын алған. Мексикада институциялық-революцияшыл партия билік жүргізді. Партияның басшысы республика президенті болды. Мексика үкіметі соғыстан кейін жергілікті өнеркәсіп капитал қолдау көрсетіп аграрлық реформаны жалғастырды.
50-70 жж аса маңызды оқиғалар Кубадағы және Чилидегі революциялар болды. 1953 ж Кубадағы жас революционерлердің бір тобы Фидель Кастроның басшылығымен генерал Фульхенсио Батистаның диктаторлық режиміне қарсы көтерілді. Ф.Кастро аралдың шығысында 1956 жылы партизан соғысын бастады. 1959 жылы 1-ші каңтарда диктатураны құлатып орнына революциялық үкімет құрылып билікке Ф.Кастро келді. Кубаның дамуы көптеген қиыншылықтарымен карама-қайшылыққа тап болды. АҚШ-пен экономикалық байланыстын үзілуі бастаған халық бірлігінің үкіметін құрды. ішкі шиіленісті бұрынғыданда күшейтті. Халыққа кунделікті тұрмыспен қамтамасыз етуі карточка жүйесі арқылы іске асырылды. Куба басшылығы 60 жылдары «коммунистік қоғам орнатуға» бағыт алды. Деревняларда жеке шаруашылықтар жойылды. Жеке кәсіпкерлік жойылып барлығы мемлекеттің қарамағына өтті. Халық жұмыс аяқталғаннан кейін тегін еңбек ету жүйесі еңгізілді. 1965 жылы елдегі барлық партиялар бірігіп коммунистік деп аталды.
1973 жж. Чилиде солшыл күштер халық бірлігі одағын құрып революцияны бейбіт жолымен ұйымдастырып конституциялы мемлекетке көшті. 1970ж 4-кыркүйекте Сальвадор Алленде бастаған «Халық бірлігі» үкіметін құрды. 1973 ж. Альенде үкіметі құлатылып, генерал Аугусто Пиночеттің диктатурасы орнады. Латын Америка елдеріне АҚШ президенті Джон Кеннеди «Прогресс жолындағы одақ» бағдарламасын ұсынып, 1961 жылы 19 латын американ республикасын қабылдады. Бағдарлама он жылға есептелген болатын. Осы жылдары жедел индустрияландыруды, тұрғын үй құрылысын дамыту, денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін жақсарту шаралары қарастырылды. Аталған бағдарламаны іске асыру үшін АҚШ жиырма млрд. доллар несие берді. 60 ж. шетел капиталдарының жәрдемімен өнеркәсіп өңдірісі дами бастады. Жетпісінші жылдардың ортасында аймақтың көпшілік бөлігі диктаторлық билікке көшті. 1980 ж. Латын Америка елдерінің ішкі өнімдерінің көлемі 1960 жылмен салыстырғанда 8 есе көп болды. Шетелдерден қарыздары 1970 ж. 20 млрд. 400 млрд. өсті. Тоқсаныншы жылдардың соңында Латын Америкасы елдерінің экономикасы бұрынғыдан да төмендеп кетті.
4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20мин(22%)
1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.
2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.
5.Сабақты қорытындылау: 3мин(3,3%)
1.Оқушыларды бағалау.
2.Сабақтың тақырыбы:Қазіргі замандағы Латын елдері.
6..Үй тапсырмасы: 2 мин(2,2% )
1.Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.
2.Қосымша жұмыс:
Реферат тақырыбы:
1.Соғыстан кейін тәуелсіздік алған Латын Америка елдері.
2. Латын Америка елдерінің экономикалық саяси жағдайы.
№17сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |