Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет11/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

1.3 Мал денесінің мүшелері
Организмнің ішкі құрылысы, зат алмасуы мен ӛнімдік бағыты дене 
мүшелерінің дамуы мен сырт тұлғасымен тығыз байланысты келеді. Сондықтан 
сырт тұлғасына қарап малдың тұқымын, дене құрылысының ӛнімдік бағыты 
мен ӛнімділігін, денсаулығының мықтылығын, ӛсіру жағдайлары мен ӛндірістік 
технологияға бейімділігін болжауға болады. Мысалы, сиыр желінінің формасы 
мен емшектерінің орыналасуы, ұзындығы олардың машиналық саууға 
бейімділігін кӛрсететін маңызды белгілері болып табылады. Басты дене 
мүшелеріне малдың басы, шоқтығы, кеудесі, арқасы, белі, сауыры, аяқтары, 
желіні, сыртқы жыныс мүшелері, терісінің, сүйегінің (қаңқасының) және 
бұлшық еттерінің дамуы жатады. Оларды сипаттауды бастан бастап, аяқтармен 
аяқтайды. Сипаттағанда осы дене мүшелерінің кемшіліктеріне баса назар 
аударады. 
Мүйізді ірі қара малдың мүшелері 
Бас. 
Ӛнімдік бағыты, ӛнімділігі, дене бітімі мен жынысына қарай малдың 
басы түрліше болатындықтан, оның кӛлемі мен профилін анықтап, мүйіздеріне, 
құлақтарына, кӛздеріне, әукесіне, тістеріне баға береді. Сүтті сиыр басы шағын, 
жеңіл, ұзынша және жіңішкелеу болып келеді. Етті сиыр басы жалпақ, бет 
сүйектері қысқалау болады. Жұмыс малының басы ауыр, ауқымды. Сиырдікіне 
қарағанда бұқаның басы шомбал, маңдайы мен желкесі кең болады. 
Мойын
. Жанур мойны денесінің ұзындығының 27-30 пайызын құраса – 
орташа, одан кем болса – қысқа, артса – ұзын болып саналады. Ұзындығымен 
қоса мал мойнын аумағы мен жуандығына қарай бағалайды. Сүтті сиыр мойны 
ұзын, жіңішке, терісі қатпарлы болып келеді. Етті малдың мойны қысқа, әукесі 
жақсы жетілген. Сиырдікіне қарағанда бұқа мойны жуан да қысқа. 
Шоқтық
. Шоқтық құрылысы алғашқы арқа омырқалар қырының, 
жауырын биіктігінің, ондағы бұлшық еттер дамуына байланысты. Оның 
шамасы мен пішінін бағалайды. Сүтті сиыр шоқтығы түзу, жуандығы орташа, 
бұлшық еттері әлсіздеу. Етті малдың шоқтығы аласа әрі жуан, кейде аша 
тәріздес, бұлшық еттері дамыған. Шоқтықтың ӛте биік әрі ашалануы малдың 
сыртқы пішінінің үлкен кемістігі болып табылады. 
Кеуде
. Тіршілікке маңызды жүрек пен ӛкпе орыналасқандықтан, кеуде 
жануар сыртқы пішінінің негізгі мүшелірінің бірі болып саналады. Оны 
ұзындығы, тереңдігі мен жауырын сыртындағы енімен бағалайды. Денсаулығы 


30 
мықты, мол ӛнімді малдың кеудесі кең әрі терең болады. Оның тереңдігі 
шоқтық биіктігінің 50 пайзынан асса – терең де жақсы дамыған кеуде болып 
бағаланады. Одан таяз әрі жіңішке кеуде организм әлсіздігін білдіреді. 
Жота
. Дене бітімінің үйлесімділіг (пропорциалдығы) мен мықтылығын 
аңғартады. Жотаның иілуі – малдың сртқы пішінінің үлкен кемістігі. 
Бел
. Бел ойыстанбай, малдың сауырына ӛтуі тиіс. Оның қысқа, тегіс әрі 
жалпақтығы дене бітімінің мықтылығын мезгейді. 
Сауыр
. Сербек сүйек тұсы мен жамбас буыны, шондай тӛмпешігінде түзу 
әрі жалпақ болуға тиіс. Жануар сауырын қысқалығы мен ұзындығы, 
жалпақтығы мен жіңішкелігі, түзілігі, кӛтеріңкілігі мен салбыраңқылығы 
бойынша бағалайды. Бӛксенің шатыр тәріздес, қушық, салбыраңқы болуы 
сыртқы пішін кемістіктеріне жатады. 
Аяқ
. Жануар аяқтарын дұрыс, тік орыналасуларына, мықтылығы мен 
бұлшық еттерінің дамығандығына, сіңірлерінің жетілуіне, тұяқтарының 
беріктігіне қарап бағалайды. Жүріс буындардың жақындығы, артқы аяқтарының 
қылыш тәріздес иілуі, піл сирақтылық пен жалпақ табандылық сыртқы пішіннің 
кемістіктері болып табылады. 
Желін
. Сүтті сиыр сыртқы пішінін бағалаудағы маңызды мүше. Оны 
пішіні, бӛлімдерінің дамуы, емшектерінің орыналасуы мен ӛлшемдері, сауу 
жеңілдігі мен сүт шығару жылдамдығы бойынша бағалайды. Сүттілігі мол сиыр 
желіні тостаған не ванна тәріздес, алдыңғы және артқы бӛлімдері дамыған, 
емшектері машинамен саууға ыңғайлы салалы, цилиндр тәріздес, біркелкі 
дамыған, алшақ орыналасқан. Жұмыр, әсіресе ешкі желінді сиыр сүттілігі кем 
болады. Желіннің машинамен саууға жарамдылығын оның алдыңғы 
бӛлімдерінен саулатын сүт үлесінің жалпы саулған сүт мӛлшеріне шаққандағы 
кӛрсеткіші болып табылатын 
желін индексімен
бағалайды. Оның 0,5-тен (50%-
дан) асқаны жӛн. 
Ұрғашы және еркек малдың 
жыныс мүшелері
мен 
жыныстық белгілері
жақсы жетілуге тиіс. Еннің дамуына, оның ұмада орыналасуына, еннің шамасы 
бірдей болуына кӛңіл бӛледі. Крипторхизм және жыныс бездерінің әркелкі 
дамуы еркек малдың үлкен кемістігі болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет