Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет12/89
Дата25.03.2022
өлшемі1,05 Mb.
#136731
түріПрактикум
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   89
Байланысты:
Азықтандыру практикумы (копия)

Балық майы үлгісін алу. Май үлгісін сифон не шыны түтікпен араластырғаннан кейін 1 кг мөлшерінде алады. Цистерналардан үлгіні диаметрі 12,5мм шүмекпен майдың бір бөлігін құрғақ ыдысқа құйып алып, жалпы сынаманы жинайды да, аузы тығыз жабылатын ыдысқа 250 г майды құйып, орташа үлгі алады.
Сүт үлгісін алу. Үлгіні сүтті мұқият араластырып, ыдыстың түбіне тік батырылған диаметрі 9 мм металл түтікпен алады. Түтіктің жоғарғы аузын саусақпен басып тұрып, ыдыстан суырып алады да, ішіндегі сүтті аузы тығызжабылатын таза құрғақ ыдысқа ағызады. Зерттеуге сүттің 250-500 мл орташа үлгісі керек. Сүт құрамындағы құрғақ затты, ақзатты, майды, күлді, калцийді, фосфорды, А витамині мен каротинді екі тәуліктік сынамасынан, қышқылдығы, сыр жасауға жарамдылығы мен С витаминін таңертеңгілік үлгіден анықтайды. Сүттің екі тәуліктік үлгісін сақтау үшін, 100 мл-не 40 %-тік формалин ерітіндісінің 1-2 тамшысымен консервілейді. Егер сүттің минералдық құрамы зерттелмесе, 100 мл 10%-тік қос қышқылды калиймен консервілеуге болады. Сүт қанттын, альбуминін, казеинін, глобулинін, май түйіршіктерінің тығыздығы мен мөлшерін салқында сақталған консервіленбеген сүт үлгісінен зерттейді. Сүттің майлылығын екі тәуліктік үлгісінен 10 күнде бір рет анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет