Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы


Азық қоректілігін химиялық құрамымеи бағалау



бет32/89
Дата25.03.2022
өлшемі1,05 Mb.
#136731
түріПрактикум
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   89
Байланысты:
Азықтандыру практикумы (копия)

2.1. Азық қоректілігін химиялық құрамымеи бағалау

Азық қоректілігінің алғашқы көрсеткіші –химиялық құрамы.Шаруашылықтағы жемшөптің химиялық құрамын арнайыалынған орташа үлгісін зерттеу арқылы анықтайды. Ондай мүмкіншілік болмаған жағдайда қажетті азықтар құрамын арнайы анықтамалықтардан алады. Азық құрамында, неғұрлым жеңіл қорытылатын, энергия мен құрылыстық қосындыларға бай қоректік заттар көп шоғырланса, соғұрлым қоректілік потенциалы жоғары болып есептелінеді.


1- тапсырма. Әр азықтар тобындағы (көк, пішен, сабан, сүрлем, тамыржемістілер,дән, күнжара, азықтық техникалық өндіріс қалдықтары) бір азықтан кестеге жазып химиялық құрамымен танысыңдар.

Азықтардың химиялық құрамы



Азықаты

Су

Құрғақзат

Про­теин

Май

Клет­чатка

АЭЗ

Күл

1






















2






















3.т.б.
























2- тапсырма. Өнімділігіне сәйкес кестеде келтірілген азықтардың қоректік заттартүсімін есептеңдер.

Азық өнімділігіне байланысты қоректік заттар түсімі



Азықаты

Өнімі,
га/ц

Про­теин

Май

Клет­чатка

АЭЗ

%

кг

%

кг

%

кг

%

кг

1




























2




























3.т.б.





























2.2. Азық қоректілігін қорытылатын қоректік затымен бағалау

Азық қоректілік қасиеті малға жегізілгеннен кейін ас қорыту барысында айғақталады. Ac қорытудың алғашқы сатысы - қорытылу, яғни желінген азық қоректік заттарының ас қорыту жолында ыдырап, сіңірілуі. Оны қоректік заттардың (ҚЗ) желінген азықтағы және қорытылмай нәжіспен (тезекпен) шыққан айырмашылығы бойынша есептеп, қорытылу коэффициенті (ҚК) арқылы белгілейді:


Қорытылған ҚЗ= Азықпен енген ҚЗ - Тезек ҚЗ, г
ҚК = (Қорытылған ҚЗ: Азықпененген ҚЗ) х 100, %
Қорытылу коэффициенттерін арнайы тәжірибеде анықтайды. Тәжірибе екі кезеңге бөлінеді. Алғашқы дайындық кезеңінде күйісті малдың ас қорыту жүйесі - 10-15, шошқаныкі - 7-10, құстікі - 3-5 тәулік бойында бұрынғы азықтардан арылып, жаңа, зерттелетін азықтарға үйретіледі. Одан кейінгі негізгіесептік кезеңінде мал 5-7 тәулік зерттелетін азықтармен азықтандырылып, олардың желінген мөлшері мен малдың шығарған тезегі өлшеніп, есептелінеді. Жегізілген азық пен тезектен орташа үлгі алынып, зерттеледі. Қорытылу коэффициенттері екі тәсілмен есептелінеді:
1)Тік тәсіл - азықтандырудағы жалғыз азықтың немесе жалпы рацион қорытылуын зерттегенде қолданады; бір тәжірибе жүргізу жеткілікті;
2) Жанама тәсіл - күрделі рациондағы жеке азық қорытылуын анықтағанда қолданады; тіркес екі тәжірибе жүргізеді.
Жанама тәсіл бойынша алғашқы тәжірибеде малға негізгі рационды жегізіп, қорытылу коэффициенттерін шығарады. Оның соңынан өткізілетін екінші тәжірибеде негізгі рационды біршама кемітіп (20-30%), орнына кеміген құрғақ заттың қоректілігіне сәйкес зерттелетін азықты үстемелеп қосады.
Азық қоректілігін алмасу тәжірибесіз де анықтауға болады. Мысалы, азыққа қорытылмайтын инертті заттарды (ИЗ) біркелкі араластырып жегізеді де, мал тезегінің орташа үлгісін зерттеу арқылы органикалық заттар қорытылуын табады:
ҚК = 100 - [Азықтағы ИЗх ҚидағыK3] %
[Қидағы ИЗ х Азықтағы ҚЗ]
Инерттізаттар ретінде іс жүзінде қорытылмайтын шақпақ қышқылын, хром, темір тотығын, лигнин секілді қосындыларды пайдаланады. Бірақ бұл әдістің дәлдігі шектеулі, өйткені шақпақ қышқылы біршама қорытылуы, біршамажайылымдағы жерден енуі, ал хром, темір тотығы тезекте біркелкі араласпауы мүмкін. Сондай-ақ, органикалық қорытылуын регрессиялық теңеулермен есептеуге болады.Мысалы сауын сиырдың жаздық рационының қорыту коэффициентін тезек органикалық затындағы азоты (а, %)бойыншакелесі теңеумен есептейді: ҚK = 46,89 + 8,21 а;
Көптеген тәжірибе мәліметтерінматематикалық өңдеуден өткізіп, Ж.Аксельсон органикалық зат қорытылу коэффицентін(ҚК,%) азық құрғақ затындағы клетчатка көлемі (к, %) келесі теңеулермен есептеуді ұсынған:
Ірі қараға ҚК = 90,1 - 0,88 к; - жылқыға ҚК = 97,0 - 1,26 к; шошқағаҚК = 92,2 - 1,68 қ; - тауыққа ҚК = 88,1 - 2,33 к;
Қоректік заттар қорытылуын малға жегізбей-ақ, организмнентыс, in vitro, әдісімен анықтауға болады. Ол үшін азық үлесі біршама уақыт термостатта 37°С-та ... табиғи пепсин + тұз қышқылымен... (азотты заттар қорытылуынашу үшін) немесе ... тазқарын сұйығы + пепсин + НСl-мен...(барлық органикалық заттар қорытылуын анықтау үшін) инкубацияланады.
Р.Л.Тэрмен мен Дж.Е.Уехунт ұсынған әдіс бойынша мұқият ұнтақталған азық үлгісінің 2-3 г автоклавта 6,8 кг қысымда 1:19 арақатынасында сумен араластырылған тұз қышқылмен өнделеді.Содан кейін колбада суытылып, үстіне метилрот тамызылады да 20%-дық NaOH ерітіндісіменбейтараптандырылады. Колбадағы сұйықты фильтрденөткізіп ондағы қалдықты шаяды да, 105°С-дакептіріп өлшейді. Оның салмағын "қорытылмаған" зат деп есептейді.
Малмен in vitro және in vivo жүргізілген тәжірибелер, органикалық зат қорытылымы бойынша клетчаткасы аз, протеині көп азықтарға олардың нәтижесінің сәйкестігін, ал заттар қорытылымы бойынша клетчаткасы көп күздік дақылдар сабанында in vitro әдісінде жоғары болған.
Қорытылу барысына және қоректік заттардың тиімді пайдалануына негізінен түзу үрдісіне жұмсалатын азоттық қоректік заттар мен энергетикалық үрдіске жұмсалатын азотсыз қоректік заттар аралығы игерімге тиімді қатынастаболған жөн. Оны рациондағы қорытылатын протеиннің әр бір салмақ бөлігіне келетін қорытылатын май (оның энергетикалық куаттылығын басқа қоректік заттармен теңестіру үшін 2,25-ке көбейтеді) мен көмірсулар қосындысының бөлігімен есептелінетін протеиндік қатынаспенбақылайды.
Протеиндік қатынас 1 : 6-8 аралығында болса - орта, 1 : 6-дан аз болса - тар, 1 : 8-ден көп келсе - кең деп саналады.Бірқарынды мал үшін бұл көрсеткіш 1 : 8-10 аралығына дейін кеңейтіліп, төл үшін 1 : 5-6-ға дейін тарылса да болады.
1-тапсырма. Тәулігіне 3 кг пішен, 25 кг сүрлем,25 кг қызылша, 3,8 кг жем жеген сиыр рационы қорытылу коэффиценттерін есептеңдер. Тәжірибе кезінде сиыр орташа есеппен 33,3 кг тезек шығарған. Желінген азық пен тезектің құрамы келесідей болған.
Азықтар мен тезектің химиялық кұрамы, %

Сиыр азығы мен тезегі

Протеин

Май

Жасұнық

АЭЗ

Пішен

9,0

2,6

25,5

41,6

Сүрлем

2,4

0,7

4,6

11.1

Қызылша

1,1

0,1

0,9

11,9

Жем

17,0

2,5

2,9

59,7

Тезек

1,7

0,6

3,2

8,0

Рацион қоректік заттарыныңҚКесептеу (тік тәсілмен)



Көрсеткіш

Протеин

Май

Жасұнық

АЭЗ

1. Азықпен енгені:
- 3 кг пішенмен, г
- 25 кг сүрлеммен, г
- 25 кг қызылшамен, г
- 3,8 кг жеммен, г
Барлығы, г













2. 33,3 кг тезекпеншыққаны, г













3. Қорытылғаны, г













4. ҚК, %















2-тапсырма. 1-тапсырма рационындағы пішеннің қорытылуын алу үшін жанама тәсілмен екінші тәжірибе жургізілгенде, рацион құрғақ заты 80% сақталып, қалған 20% қосымша пішенмен толықтырылған. Пішенде 83,7%, сүрлемде 20,0%, қызылшада 15,0%, жемде 85,5% құрғақ зат болғандықтан, бүкіл рационның 14,52 кг құрғақ затының 20% (14,52x20:100) 2,9 кг құрайды, оны толықтыру үшін 1 кг-да 0,837 кг құрғақ заты бар пішеннің ( 2,9 : 0,837 ) 3,5 килограмы қосылған. Бұл тәжірибеде сиыр құрамында 1,65% протеині, 0,6% майы,3,85% клетчаткасы, 7,7% АЭЗ бар 34,4 кг тезек шығарған. Пішен қоректік заттарының қорытылу коэффициенттерін есептеңдер (кесте бойынша).

Рациондағыжеке азықтың корытылу коэффициенттерін есептеу


(жанама тәсілмен)

Көрсеткіш

Протеин

Май

Жасұнық

АЭЗ

1.Азықпен енгені:
-негізгі рационның 80%,
(11,62 кг)құрғақзатымен, г
-қосымша 3,5 кг пішенмен, г
Барлығы, г













2. 34,4 кг тезекпен шыққаны, г













3.Қорытылғаны, г
оның ішінде
- негізгі рационнан, г
- қосымша пішеннен, г













4. Пішеннің ҚК, %













3-тапсырма. Сиыр рационындағы клетчатканың үштен бірі, ал тезегіндегі клетчатканың төрттен үші лигниннен құралса, инертті заттар есептелген органикалык заттар қорытылымы қандай болмақ?
4-тапсырма. Рацион органикалык, затының қорытылуын сүтті сиырларғашығарылған регрессиялық теңдеулер бойынша санаңдар.
5-тапсырма. Сиыр рационының және пішеннің протеиндік қатынасын есептеңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет