Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы


Көк азықтарды химиялық жолмен консервілеу



бет46/89
Дата25.03.2022
өлшемі1,05 Mb.
#136731
түріПрактикум
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   89
Байланысты:
Азықтандыру практикумы (копия)

Көк азықтарды химиялық жолмен консервілеу. Сүрлемдеу -көк азықты тиімді биологиялық жолмен сақтау, яғн консервілеу әдісі. Қиын сүрлемделетін дақылдарды сақтау үшін сүрлемдеу нәтижесінде орын алатын жағдайды, атап айтқанда орта қышқылдығының рН-ын 4-4,2 деңгейіне жеткізу жасанды түрде туғызу қажет. Оны сүрлемге салынған массаға түрлі бактериялар ашытқысын немесе органикалық неминералдық қышқылдар ерітіндісін қосу арқылы жүзеге асыруға болады.
Сақталатын азықта микробиологиялық өзгерістер тежейтін орта қалыптастыру үшін минералдық қышқылдарын итальян ғалымы Жильоли (Giglioli, 1887), неміс ғалымы Фингерлинг (Vingerling, 1926), кейіннен фин агрохимигі Виртанен (Virtanen, 1933), орыс ғалымы А.А.Зубрилин (1936) қолданды. Виртаненнің 1931 ж. патенттелген AIV ыдысы 1 л судағы 7 г-экв түз жөне 7 г-экв сірке і ышқылдары ерітіндісінен түрады. Пайдаланар алдында оның I иитрінде түз және сірке қышқылдарының 1 г-экв болатындай етіп 1 : 6 аралығында сумен араластырып, сүрлемделетін (консервіленетін) 1 т жоңышқаға - 90 л, бедеге, ал, астық тұқымдастарға - 65 л қосады, Зубрилиннің ААЗ препаратын 140 г глаубер тұзы қосылған 1 л тұз қышқылын 4,5л сумен араластырып дайындайды. Сүрлемделетін 1 т бұршақ тұқымдастарға - 80-85 л, астық тұқымдастарға - 30-40 л қосады.
Сүрлемге салынған азықты консервілеуге кеңінен қолдау тапқан финдық Viher препараты 55% формалин, 30% сіркеқышқылы мен 15% қорғаныс ерітіндісінен құрастырылады. Қазіргі кезде бұлармен қатар 85% құмырсқа, сірке, пропион қышқылдарының ерітіндісі, натрий пиросульфиті мен биосульфиті, бензол қышқылының ұнтағы, т.б. қосындыларды сүрлемделетін массаға қосу арқылы, оның рН-ын тез арада 4-ке дейін төмендетіп, герметикалық жағдайда шіріткіш және майлықышқылды бактериялар, ашытқылар мен көгерткіштер дамуын тежеп, азық қоректік қорын, оның ішінде қантын сақтайды. Жемшөп емдеуде қолданылатын консерванттар екі айда толық ыдырап, мал денсаулығы мен өніміне қауіпсіз болуға тиіс.
1-тапсырма. Өткен тақырып тапсырмасында есептелінген сүрлем, химиялық консервілеу үшін қанша AIV, ААЗ және Viher препараты жұмсалатынын есептеңдер.
2-тапсырма. Химиялық жолмен консервіленген азық үлгісін механикалық және химиялық әдіспен бағалап, басқа жолмен консервіленгеназық қоректілігімен салыстырыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет