Құнарлы азық
Дәндіазық. Жеңіл қорытылатын қоректік заты көп болатындықтанмал азығына жұмсалатын барлық дән 1 кг құрғақ затыныңқоректілігі 0,65 а.ө. асатын, ал жасұынығы құнарлы азыққа жатады. Құнарлылығымен қоса болғандықтан, мал қорегінэнергия жәнепротеинмен толықтыруға жұмсалады. Химиялық құрамына сәйкес көмірсуларға бай энергетикалық (АЭЗ - 60-70%, протеині - 10-14%) астық тұқымдастар дәні жатады, азотты қосындыларға бай протеиндік (АЭЗ - 30-50%, протеині - 20-40% бұршақ тұқымдастар дәні жатады) және протеин мен майға бай майлық (майы - 8-27% майлық дақылдар дәні) дәнді азықты бөледі. Соңғыларының мал азығына майын ажыратқаннан кейінгі қалдығын қолданады.
Дән сапасы мен қоректілік кұндылығын түрі, түсі, жылтырлығы, иісі, тазалығы, дәмі, ылғалдылығы, қышқылдығы, толықтығы (натурасы) және саңырауқұлақ пен қамба зиянкестерімен зақымдалуы бойынша бағалайды.
Сапалы дән өзіне тән түрі мен түсін, қабығының жылтырлығын, хош жағымды иісін сақтап, ылғалдылығы 15-17%-дан, таза ...құм мен шаң-тозаңы - 1%-дан, қамба зияикестері - 0,25%-дан, улы және зиянды өсімдіктер ұрығы -2%)-дан, металл қоспасы - 50 мг/кг-нан аспай, жақсы толған, яғни жоғары натуралы, болуға тиіс.
Шаруашылық жағдайында дән ылғалдылығын шамалау үшін бірнешеуін тістеп бөледі - құрғақ дән ұнтақталып, ылғалдысы - мыжылып, жұлмаланады, пышақпен кескенде ылғалы 15%-дан аспайтын құрғақ дән қиын кесіліп, бөлшектері жан-жаққа ұшады, ал ылғалдылығы 15-20% дән жеңіл кесіліп, бөлшектері ұшпайды, ылғалы 20%-дан асатын дән кесілмей, мыжылады.
Дұрыс жиналып, қысқа мерзімде сақталған дән иісі жұғымды, жатып қалған ескі, қамба, көгерген, қоңырсық, шіріген не тышқан иісінсіз болып, қабығы жылтыр, жеңіл аршылуы керек. Жылтырлығын жоғалтып, көгерген, қарайған, жатып қалған ескі, қамба немесе түрлі зиянкестердің, арам шөп ұрығымен (головня) зақымдалған балық иісті дәнді алдын ала тексермей, мал азығына жұмсауға болмайды.
Иісін шығару үшін дәнді алақанға салып уқалапнемесе жарты стақан дәннің үстіне ыстық су қүйып, әйнекпен3-5 минут жауып қойғаннан кейін, иіскеп анықтайды. Ауызды сумен шайып, ұнтақталған 2 г таза дәнді шайнап, дәмін біледі. Сапалы дән дәмі сәл тәтті, жағымды нан татып, өнген дәндікі - тәттіленіп, қызған дәндікі - қышқылданады. Ұзақ мерзім сақталған дән қышқылдығы күшейеді.
100 г ұнтақталған дән қышқылын бейтараптандыруға жұмсалған нормальді сілті ертіндісінің миллилитрімен есептелінетін қышқылдық градусы бойынша сапалы бидай дәнінің қышқылдығы 3°-тан, қарабидайдікі - 3,6°-тан аспай, 1,5-4,5° - дәннің бұзыла бастағанын, 5,5° - ұзақ сақталмайтынын, 7,5° - сақталмайтынын, 9,5° - бұзылғандығын көрсетеді. Қышқылдығын (Қ°) анықтау үшін 5 г дән ұнтағын 50 мл дистилденген сумен араластырып, бөлме температурасында 30 мин.ұстап, үстіне 1%-дық фенолфталеиннің 3-4 тамшысын тамызып, араластырады да, 0,1 н. NaOH не КОН ертіндісімен минут бойы сақталатын алқызыл түске боялғанша титрлеп, титрлеуге жүмсалған 0,1 н. сілті көлемі (а, мл) мен азық сынамасының массасы (м, г) бойынша анықтайды: Қ° = 2ам.
Дән натурасын, яғни оның 1 литрдегі салмағын, метрикалық пурка атты қондырғымен өлшейді. Толған, жоғарынатуралы дән қоректілігі орта- және төмен натуралы дәнінен артық болады (г/л):
Жүгері дәнінікі................. 680-820 сұлы дәнінікі ..............460-550
Арпадәнінікі....................... 545-700 қарабидай дәнінікі.... 670-750
бидай дәнінікі..................... 730-850 сорго дәнінікі........... 670-730
Ас бұршақ дәнінікі............... 700-780 азықтық бұршақтікі ....650-750
соя донінікі......................... 770-830 зығыр дәнінікі...........580-680
Натура көрсеткішінің ауыр шегіне жакын дәнді –жоғарынатуралы, орта мөлшер шамасындағыны - ортанатуралы, жеңіл шегіне жақынын –төменнатуралы дәнге жатқызылады. Мысалы, ортанатуралы сұлы дәнінің салмағы -460-510, арпа дәнінікі - 545-605, бидай дәнінікі - 745-785, қарабидай дәнінікі - 700-730 г/л тартады.
Тазалығын анықтау үшін тары дәнінен - 25 г, сұлы, арпа, сорго, бидай, қарабидай, түйежоңышқа дәнінен - 50 г, жүгері, асбұршақ, сиыржоңышқа дәнінен - 100 г, азықтық бұршақ дәнінен - 200 г өлшеп, қара қағаз бетіне жаяды да, tina дон мен қосындылар фракциясына бөледі. Стандарт талабына сәйкес дән қосындысы екіге бөлінеді:
а) тесігінің диаметрі әр дақылға белгіленген електен и ластандырушы қосындыға –минералды қоспа, топырақ, шаң-тозаң, арамшөп (улы және зиянды өсімдіктер) ұрығы зиянды (головня, спорынья секілді дәнді зақымдаушылар) мен көгерген, шіріген, қарайған дән...
б) көзбен бөлінетін дәнді қосындыға - баска дақыл дәні мен осы дақылдың жарылған, мыжылған, өнген, көгерген, дамымаған, толмаған, закымдалған дәні... кіреді.
Ластандырушы қосындысы - 1-3%, дәнді қосындысы -2-4% сұлы дәні, қосындылары, тиісінше, 2-4%; 2-5% арпа дәні, 2-3%; 3-5% жүгері дәні - орта тазалықтағы болып, тиісінше қосындылары бұл көрсеткіштерден аз осы дақылдар дәні - таза болып, ал, керісінше, бұл көрсеткіштерден көп дән - ласталған болып саналады.
Қамба зиянкестерімен зақымдалғанын анықтау үшін 1 кг дән үлгісін дөңгелек тесігінің диаметрі 1,5 мм елекпен елеп - қамба кенесін, содан кейін 2,5 мм елекпен елеп - қамба ұзынтұмсығы, ұн күйесі секілді зиянкестерін бөледі. Електеп өткен және онда калған бөлікті қара қағаз үстіндегі әйнекке жұқалап жаяды да, лупамен қарап тірі кене мен одан ірі қамба зиянкестерін (қамба және күріш үзынтүмсығынаи басқасын) санайды. Ұзынтұмсықтан басқа олі зиянкестерді ластандырушы қосындыға жаткызады.
Дәнді зиянкестермен зақымдалуы бойынша үш дәрежеге боледі: I -20 кене не 5 ұзынтұмсық табылса, II - 20-дан артық кене не 6-10 ұзынтұмсық табылса, III - киізденіп үйілген кене не 10-нан артық ұзынтұмсық табылса.
Қамба зиянкестерімен зақымдалған дән қоректілігі айына 5-8%-ға кемиді. Кему көлемі - дәннің зақымдалу дәрежесіне байланысты: жогарыді айтылған, көзге көрінетін сыртқы зақымдалуымен қатар, көзге көрінбейтін дәннің ішкі зақымдалуы да мүмкін. Оны анықгау үшін зерттелетін дәннеі қатарынан 50 талын алып, өзегінен скальпельмен бөліп, лупамен карайдыда, зақымдалған дән санын пайыздайды.
Ұзынтұмсықпен зақымдалуын АА.Бруднаяның бояу әдісімен анықтайды. Ол үшін ластандырушы және қоспадан тазартылған дән 15 гдәнді қаңылтырмен қапталған мыс торға салып, алдымен 1 минут 30°C жылылықтағы суға, содан кейін марганец қышқылды калийдің 1%-дық (10 г/л) ерітіндісіне батырады. Оның бояуын суық суға немесе 1%-дық күкірт қышқылының 100 мл мен 3%-дық сутегі астотығының 1 мл қосындысын салып кетіргенде, зақымдалған дәнде ортасы білеуленіп қарайған қоңыр дақ қалады. Сүзгіш /сорғыш/ қағаз үстінде, зақымдалған дән дағы кетпей тұрғанда санап, 15:3x200 арқылы 1 кг дәндегі ұзынтұмсық санын есептейді.
Сапалы мал азығы ретінде ылғалдылығы 17%-дан төмен, түрі, түсі, иісі мен дәмі қалыпты, жылтыр, жақсы пісіп толған, жоғарынатуралы, бүтін, ластандырушы және дәнді қоспасы стандарт талабынан аспайтын, қамба зиянкестерімен зақымдалмаған, еніп, көгеріп, шірімеген дән бағаланады.
Сезікті мал азығы ретінде ылғалдылығы 17%-дан астам, түсі бозғылт тартқан, иісі жағымсыз, дәмі қышқыл қабығы жылтырамайтын, онша пісіп толмаған, темен натуралы, көр зақымдалған, ластандырушы қоспасы 8%-дан, мпды және улы қоспасы 1%-дан астам, қамба зиянкестерімен зақымдалған, өніп, көгеріп, шірімегені мен ластандырушы қоспасының қосындысы 15%-дан көп дән бағаланады. Оны малға алдын ала тазартып, желдетіп, буменөңдеп не кептіріп жегізеді.
Органолептикалық көрсеткіші бойынша дәнді келесі шкаламен бағалауға болады:
...жетілгендігі бойынша толық жетілгеніне - 2 балл, онша жетілмегеніне — 1 балл;
...толуы (натурасы) бойынша жақсы толған, жоғары натуралысына 3 балл онша толмаған, төмен натуралысына - 1 балл;
...бүтіндігі бойынша бүтініне - 2 балл, уатылғаны 10%-дан аспаса -1балл, мыжылап, эндоспермы сұйықтылғанына - 0 балл;
...өңі мен түсі бойынша өзіндік өң, түсін сақтағанына - 5 балл, түсі бұлыңғырланып, кейбіреуінікі сәл қарайғанына - 4 балл, көбінікі сәл - 3 балл, кара дақтыларына — 2 балл, қш -1 балл, кара түстісіне — 0 балл;
...иісі бойынша жұғымды иістісіне - 4 балл, сәл ескі иістісіне — 3 балл,қоңырсық иістісіне - 2 балл, өте ескі иістісіне — 0 балл;
...қышқылдығы бойынша қалыпты қышқылдысына - 2 балл, қышқылдығы төмендегеніне – 1 балл, қышқылдығы көп төмендегеніне — 0
...дәмі бойынша тұщы, тартымдысына — 5 балл, тартымсызына — 4 дәм қышқылына — 3 балл, қышқылына — 2 балл, ащықышқылына — 1
...тазалығы бойынша арамшөп ұрығымен ласталмағанына - 3 балл, зияндыжәне улы шөп ұрығы стандарт талабынан аспайтынына - 2 балл, / және улы шөп ұрығы тазартылатын мөлшердегісіне - 1 балл, тазартылмайтын мөлшердегісіне — 0 балл;
...сақталу сапасы бойынша жақсы сақталған, құрғағына — 4 балл, ылғалданып өнгеніне — 3 балл, зиянкестермен сәл зақымдалғанына — 2 балл, зиянкестермен қатты зақымдалып, өздігінен қызғанына — 1 балл, қар астында қалғанда- 0 балл.
Осы көрсеткіштері бойынша 30-26 балл жинаған дән - өте жақсы, 20-25 балл жианғаны - жақсы, 19-15 жинағаны - орта, 14-11 жинағаны - нашар, 10-нан аз жинағаны - пайдаланарда өңдеуден өткізуді қажет ететін, ал қай көрсетуіштенболсын 0 балл алғаны - мал азығына жарамсыз болып1 кг дәнді азықта, орташа, 1 а.ө., 0,8-1,2 г Са, 2-4 г Р, астық тұқымдастар дәнінде - 80-100 г, ал бұршақ тұқымдастар дәнінде200-250 г қорытылатын протеин болады.
Тапсырма. Қамбадан мал азығына жиналған дән үлгісін алып, түрі, жылтырлығы,иісі,дәмі,ылғалдылығы бойынша сақталу мерзімін, тазалығы мен натурасы бойынша сапасы мен қоректілігін бағалаңдар.
Кебек пен ұн өндірісінің қалдықтары. Мал азығына дән өндеу қалдықтары, оның ішінде алдымен дән қабығы мен қауызынан тұратын кебек пайдаланылады. Өндірілетін ұн сортына байланысты дән массасының 25-28% еленетін ірі және майда кебекке шығады. Дақыл дәнімен салыстырғанда кебегінің құрамы протеин, май, клетчатка, минералды зат, әсіресе фосфор мен В тобының витаминдеріне бай келеді.
Азықтық мақсатта алдымен қанықпаған май қышқылдары мол, жеңіл қорытылатын, сондықтан жаңа бұзаулаған сиырарықтағанда, әлсіреген мал асқорытуын қалыптастыратын, диеталық азық ретінде бидай, содан кейін қарабидай кебегі жұмсалады. Бұлармен қатар мал азығына ұн өндірісінің бидай мен тары ұнтағы, ұн тозаңы секілді қалдығы пайдаланылады. Олардың сапасын түрі, түсі, иісі, дәмі, ылгалдылығы, тазалығы мен қамба зиянкестерімен зақымдалуы бойынша бағалайды.
Сапалы бидай кебегі қызғылт-сары боз түсті, бөгде, жұғымсыз иіссіз, тұщы дәмді, көгеріп-шірімеген, ылғалдылығы - 15%о-дан, қышқылдығы -5°-тан темен, таза, зиянды қоспасы - 0,05%-дан, 2 мм дейінгі металл қоспасы - 5 мг/кг-нан, минералды қоспасы - Новус қондырғысының сақинасынан, яғни 0,3%-дан аспауы керек. Азықтық ұнтақпен ұн тозаңының түсі боз, қоңырқай-боз болуға тиіс. Түсінің қарайғаны - топырақ, шаң-тозаңмен көбірек ласталып, қоректілігінің төмендігін көрсетеді.
Ұн қалдығының иісін анықтау үшін, алақанға алып, деммен жылтып немссе стақандағы 20 г ұнға 60°С жылылықтағы су құйып, әйнекпен жабады да, 3-5 минуттан соң суын төгіп иіскейді. Қышқыл, қоңырсық, көгерген иіс ұнның бұзылғанын мезгейді. Ұнтақ дәмінжерден алынған үлгісін шайнап біледі. Тәтті дәмі - өнген немесе үсіген дән ұны екенін, ал қышқыл дәмі - түрлі органикалық қышқылдарды кебейткен бактериялар дамуын, ащы, бұзылған май дәмі - қанықпаған май қышқылдарының альдегидтер, кетондар мен тотыққышқылдарына ыдырағанын көрсетеді.
Құрғақ ұн уыстап, сыққанда сықырлап, уысты жазған шашырайды, сәл ылғалды ұн - уысты жазғанда шашырамай, формасын сақтап, саусақпен түрткенде шашырайды, ылғалды ұн - саусақпен түрткенде шашырамайды. Ұнның өте ылғалтартқыштығын ескеріп, бұзылмауы үшін құрғақта сақталуын қадағалайды.
Ұн тазалығын басқа бөгде қоспалармен... металл қалдығымен арамшөп, зиянды және улы өсімдік ұрығымен, шаң-топырақпен ластанбауымен қадағалайды. 50 г үн үлгісін тор диаметрлі белгілі металл елекпен 2 мин. елеп, әр елек қалдығын ак қағаз не арнайы әйнек бетіне металл қалдығын, баска дәнді, зиянда және улы өсімдік, спорынья ұрығын бөліп, 0,01 г дәлдікпен өлшейді.
Металл қоспасын ажырату үшін 1 кг ұн не кебекті әйнек үстіне 0,5 см қалыңдықден жайып, тартымдық күші 12 кг-нан асатан таға тәріздес магнитпен перепиндикулярлы бағытта із сала отырып үш қайтара жүргізіп, жабысқан металл қоспасын 0,0001 г дәлдікпен өлшеп, стандартпен артады. Кебектегі 2 мм-ге дейінгі металл қалдығы 5 мг-нан аспай,мал асқорыту жолын зақымдайтын бөлшектері болмауға тиіс.
Тұз қышқылында ерімейтін құм мен минералды қоспасын муфель пешінде жағып, күлін тұз қышкылымен ерітіп, күлсіз сүзгіден өткізеді, қалдықты ыстықты қайталып өлшенген тигельге салып қайта жағады да, суытып өлшейді; немесе бөлгіш цилиндрге алынған 3 г ұнға 10 хлороформ құйып, араластырады да, тұнбаға түскен құмды 10%-дық тұз қышқылымен өндейді, сүзіп, дистилденген сумен шайып, кептіріп, қақтап, өлшеп пайыздайды. Стандарт бойынша құм мен басқа да минералдық қоспа 3%-дан, ал Новус қондырғысында 1 г ұнды 10 мл хлороформмен өңдегенде түскен минералдық тұнба диаметрі 3 мм сақина шеңберінен аспауы керек.
Ұн кенесі мен басқа да қамба зиянкестерімен зақымдалуын 1 кг ұнды тор тесігі0,56 мм №32-ші не №067, ал кебекті - N08 не N056 електен өткізіп, қара қағаз үстіндегі әйнекке жайылған електегі қалдықта - кенені, ал өткен қалдықта - басқа зиянкестерді санайды; немесе тік конустап ұн жиынтығы кене болса біршама уақытта олардың қимылынан бұзылады. Кенені қимылдату үшін ұнды 10-15 минут 20-30°С-ка дейін жылытады. Стандартты ұнда кене болмауға тиіс.
Арамшөп ұрығын ажырату үшін 1 г ұнды 70%-дық спирттің 100 бөлігі мен тұз қышқылының 5 бөлігі қосындысынан 5 мл құйып, 2-3 минут қайнатып араластырады да, тұндырады - арамшөпсіз азық тұнбасы түссіз не сәл сарғылт тартып, арамшөп ұрығы бар тұнба... спорыньянікі болса – қызыл,куколь мен плевелдікі болса - қызғылт, марьянниктікі болса - көк, көкшіл-қара түске боялады. 1 г ұнға 7 мл хлороформ және 2 мл спирт и араластырып, тұндырса спорынья ұрығы тұнба бетіне карайып шығады. Қара бөлшек саны 2-ден кем болса - ұндағы спорынья көлемі стандарттан, яғни 0,06%-дан аспағаны, 2-3 болса - 0,06%, 4-6% болса -0 болса 0,12%-0,25%, 15-18%, 30 болса - 1%болғаны.
Ұн қышқылдығы - сапалы сақталуының көрсеткіші. Ылғалды ұнда крахмал ыдыратқыш және қышқылдандырғыш бактериялар дамуынан, крахмалы - қантқа , ал қанты - органикалық қышқылдарға дейін ыдырап, қышқыл орта қалыптасады. Оны анықтау үшін, 500 мл-лік колбаға алынған 25г ұнға250 мл дистилденген су құйып, 10 мин. араластырғаннан кейін 30 мин. тұндырып, сүзеді де, сүзбесінің 25 мл пипеткамен сорып басқа колбаға құйып, үстіне фенолфталеин тамызады да, NaOH не КОН 0,1 н. ертіндісімен сәл қызғылт түске дейін титрлейді. Титрлеуге жұмсалған сілті ертіндісініңмиллилитрін 4-ке көбейтіп, 100 г ұн қышқылдығын титрлеугежұмсалғанмиллилитрін, яғни ұнның қышқылдық градусын (Қ°) есептейді.
Сапалы кебек пен азықтық ұн - бөгде иіссіз, тұщы дәмді, минералдық қоспасы мал түрі мен жасына сәйкес 0,2-0,8-дан, металл қоспасы 5 мг/ кг-нан, головня мен спорыньясы 0,05%-дан, куколі 0,1%-дан аспай, қамба зиянкестерден таза болуға тиіс. Ол зиянкестермен зақымдалға ұнтақ қоректілігі 4-5 айда 40-50%-ға кемиді. 1 кг бида кебегінде -0,75 а.ө., 97 г қорыт. прот., 2 г Са, 9 г Р, азықты диірмен ұнтағында - 1 а.ө., 80-100 г қорыт. прот., 2 г Са, 6 г болады.
1-тапсырма. Кебек пен азықтықұнтақ, диірменнің ұн тозаңыны үлгісінің түрі, түсі, иісі, дәмі, тазалығы, титрленетін қышқылдығы анықтап, сақталуы мен сапасын бағалаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |