4.6.2. Күркетауық, үйрек және қазазықтандыру
Күркетауықазықтандыру.Басқа құстармен салыстырғанда күркетауықтың протеин мен оның аминқышқылдык құрамына мұқтаждығы жоғары болып келеді. Тұқымдық күркетауыққа берілетін 100 г құрамажемде 280 ккал немесе 1,172 МДж АЭ, 16% "шикі" протеин, 6% "шикі" клетчатка, 2,8% кальций, 0,7% фосфор, 0,3% натрий болуы керек. Күркетауық азығындағы протеиннің биологиялық құнарлылығын жоғарылату үшін, оның 30% жануар тектес азықтармен жеткізіп, олай болмаған жағдайда синтетикалық лизин, метионин аминқышқылдарымен қоса В12витаминімен байытады.
Мекиеніне қарағанда тірілей салмағы анағұрлым ауыр тартатын күркетауық қоразының қоректік және биологиялық әсерлі заттарға, азық протеинінің құнарлылығына мұқтаждығы жоғары келеді. Олардың қорегіндегі протеин сапасын жақсарту үшін, рацион протеинінің 28-30% жануартектес азықтармен жеткізілуі керек. Сондай-ақ, олардың А, В2мен Е витаминдеріне жоғары болып келетін қоректік қажеттігін де ескеріп, рационына қажетті көлемде витаминді азықтар енгізеді. Мекиендерден бөлек азықтандырылған жағдайда, олардың рационында кальций мөлшері 1,3-1,5% шектеліп, ал аталған витаминдер мөлшері екі есе жоғарылатылады.
Күркетауық балапандары да өмірінің алғашқы күндері өте нәзік, әлжуаз, өсіру жағдайы мен азықтандыру сапасына талабы жоғары болып келеді. Алғашқы айдағы азығының энергетикалық куаттылығы 290 ккал (1,22 МДж) АЭ келетін 8,1% "шикі" протеинінде аргинин, лизин, триптофан, изолейцин аминқышқылдарының деңгейі жоғары болуы керек. Келесі 5-17-аптадағы 100 г жемінің 300 ккал (1,25 МДж) АЭ, 22-20% "шикі" протеин, ал соңғы 18-30-аптасында 270 ккал (1,13 МДж) АЭ, 14,5% "шикі" протеин келуі керек. Н.Омарқожаұлының 1971-1975 ж.ж. Панфилов ауданында жүргізген зерттеулерінде анықталған. Осы биогеохимиялық өңір биогеоценоздарында азықтың 1 кг кұрғақ затына шаққандағы микроэлементтерге мұқтаждығы келесідей болған:
а)жұмыртқалаған кездегі күркетауық, мекиенін азығында... мыс " 10-15 мг, мырыш — 40-45мг, марганец — 50-60мг, кобальт — 0,7-0,8мг, йод-0,9-1,0 мг/кг;
б)10-120-күндік балапандар азығында... мыс — 8-10 мг, мырыш 30-35мг, марганец — 45-50мг, кобальт — 0,5-0,6мг, йод — 0,7-0,9мг/кг.
Күркетауық азықтандыруында олардың көк азықты жақсы жеп, шегіртке секілді түрлі жәндіктерді аулап жайыла алатын кеңінен пайдаланып, құнарлы жем шығынын азайтқан жөн. Оның орнына шөп ұны, дән кебегі мен түрлі ұнтақтар қоспасын мол жегізеді.
Қаз азықтандыру. Басқа құспен салыстырғанда қаздар жемшөп жасұнығын жоғары қорытатындықтан, оларды өсіруде көгалды жайылым отын кеңінен пайдалану керек. Олар тіпті түнде де жайылып, төулігіне 0,5-2 кг көк азық жеп, 2-айлығында тірілей салмағы 3-3,5 кг тартады. Жайылым отынан басқа азықтардан қаз басына тәулігіне 500 г шөп ұнын, 300 г картопты, 100 г құрама сүрлемді турап, араластырып ботқа тәріздес қойыртпақ қоспа түрінде жегізугеболады. Жемшөп жасұнығын жоғары - 45-50%қорытатынын пайдаланып, қаздарға қысы-жазы арзан аумақты жемшөпті молынан жегізеді. Жеке науаға жаздатуралған көкшөпті, ал қыста жасыл, жапырақты пішенді салып қояды. Сойылатын балапанының етінің сыртын әдемі сарғайтып, тауарлық сапасын көтеру үшін, бордақылаудың соңғы онкүндігінде рацион қоректілігінің 20% сары жүгері дәні не жоңышқа шөп ұны түрінде береді,
Достарыңызбен бөлісу: |