«Иелі жер – киелі » деген сөз бар. Мекен етіп отырған
жеріміздің тазалығы, одан дұрыс өнім алу өзімізге байланысты.
Қай жеріміз егіншілікке жарамды, қай жеріміз мал шаруа-
шылығына, табиғи күйінде сақталатын жерлер қайсы, оны адам
баласы игілігі үшін дұрыс пайдалана білу, оны ұрпақтан ұр-
паққа дұрыс жеткізу адам баласының басты міндеті.
Республикамыздың экологиясы бұзылған жерлерді қал-
пына келтіру, құрғақ, шөлді жерді суару, сортаң жерлерді ме-
лиорациялау тағы басқа шаралардан бастау керек. Республи-
камыздың экологиялық дағдарысқа ұшыраған негізгі аймақта-
рын қолға алып, тиісті шаралар жүргізу керек. Сонда ғана
Қазақстанда ауылшаруашылық өндірістер қарқынды, нәтижелі
жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: