бөлінеді, олардың содалы және содалы-хлоридті тұздану типі
басым болады. Шалғынды кебір топырақтардың ішінде ерекше
кебір сор топырақтар кездеседі. Бұл топырақтар беткі қабаттың
басым суда еритін тұздардың жинақталуымен және тығызданған
иллювиальды қабаттың бірге қалыптасуымен сипатталады.
Сібірдің орманды далалы зонасында шалғынды-батпақты кебір
топырақтар кездеседі. Бұл кебірлердің иллювиалды қабатының
үстінде шым тезекті қабат қалыптасып, кескіннің төменгі жа-
ғында глейлі қабат орналасады. Жоғарыда сипатталған кебірлер-
дің типшелері келесідей түрлерге бөлінеді: 1) гумусты-эллю-
виалды (А) қабатының қалыңдығы бойынша – қабыршықты –
қабат қалыңдығы 5 см кем, таяз-5-10 см, орташа 10-18 см және
терең 18 см қалың; 2) кебір қабаттағы сіңген натрийдің мөлшері
бойынша өте аз ( қалдықты) 10% дейін, аз натрийлі 10-25 %,
орташа натрийлі 25-40%, көп натрийлі 40%; 3) кебір В
1
қаба-
тының түйіртпектілігі бойынша – бағаналы, жаңғақты, приз-
малы; 4) шақаттану деңгейі бойынша – әлсіз шақаттанған, орта-
ша және күшті шақаттанған.
Достарыңызбен бөлісу: