1925-1964 ж. Қарағанды шахтасында темір жонушы (токарь), «Қарағанды пролетариаты» (қазіргі «Орталық Қазақстан») газетінің жауапты хатшысы, Новосібірде шыққан «Қызыл ту» газетінің, «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналының қызметкері, редакторы, ҚР Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы (1953-1956, 1962-1964) қызметтерін атқарды. Алғашқы әңгімесі «Сәрсен мен Боқаш» (1927), «Жыл құсы» альманағында жарияланса, тұңғыш жинағы «Ер Шойын» (1929) деген атпен шықты. 1940 ж. Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазылған «Өмір не өлім» атты тұңғыш романы жарияланды. Бұл кітап үлкен шығарм. Жолдың бастауын белгілеген ақын еңбегі еді. Соғыс жылдарында «Құлаған құз», «Алынған кек», «Басқа пәле тілден», «Айғақ» (1942), «Тұтқын», «Күлмеген адам», «Керуен» секілді шағын туындылырды өмірге әкелді. («Жиырма бес» (1953). Соғыстан кейін ол кең көлемді прозада қалам тартып, дүниежүзіне танымал болған Шығанақ Берсиев өмірінен «Шығанақ» повесін жазды (1945). Ол «Қарағанды» (1952), «Дауылдан кейін» (1960), «Көз көрген» (1963) ж. романдарын жазды.
Достарыңызбен бөлісу: |