Дәріс 9. Аралық пайдалану
Басты пайдалануға кесу –жетілген және ескі ағашты кесу үшін ағаштың сүрегін дайындаумен қалпына келтіру болып табылады. Қазіргі заманда осындай ағаш кесу орманда басты және белсенді ықпал етеді. Сонымен қатар кесудің басты пайдасы халық шаруашылығымен және орманның экологиялық маңызына тәуелді болуы, олардың тұрған жері мен қызметінің орындалуы әр түрлі рөл атқарады. Басты міндетінен басқа –орман материалдарын дайындау осындай оқиға қатарында кесу су қоймасының күшеюіне орманның қорғаныш және санитарлық-гигиеналақ қасиеттеріне байланысты. Сөйтіп, кесудің басты пайдасы орманды пайдалану қызығушылығымен, орманды қалпына келтіруге байланысты.
Басты пайдалануға кесу – орманды басты пайдаланудың бір түрі, ішкі ресурстарды пайдаланудың басты бөлігі болып табылады. Орманды дұрыс пайдалануда, кесудің пайдасын негізге алып, олар ағаштың өлшемі мен сапасын алады, халық шаруашылығымен тұрғындардың қажеттілігін толық қанағаттандырады.
Басқа да кесу орманды басты пайдалануда бірнеше ағаш жағдайларында орын алады, гидроузелді құрылыс кезінде, су басу аймағында ағаштың қатты бөлігін кесумен байланысты.
Басқада кесу бұл орманның қалпына келтірудің кезексіз, амалсыз шараларының жойылуы және олар орман шаруашылығының, орман өсірушілік пен экономикасына әсер етеді.
Ресейде басты кесу арнайы ережемен реттеледі, кепкен ағаштардың қолдануы мен қарастырылған орманды жаңарту және орман байлықтарын сақтап қалуды міндетті түрде есепке алады.
Ресейдің орман қоры бірінші, екінші және үшінші топ ормандарына, ал бірінші топ сонымен қатар қорғаныс категорияларына қатысты. Бірінші топ ормандарына қатысты ормандар, олар келесі қызметтерді айырықша орындайды және мынадай қорғаныс категорияларын қосады: су қоймасы (өзен, көл жиектері, су сақтағыш және басқа да сулы объектілері тыйым салынған алқаптарда) орманның тыйым салынған алқаптары, қорғайтын бағалы уылдырық шашатын балық шаруашылығы, қорғалатындар (бүлінуге қарсы ормандар, мемлекетпен қорғалатын ормандық алқаптар, жолақтық қылқанды орман, темір жолдар жағасындағы қорғалатын алқаптар, сондай-ақ автомобильдік, басқа ормандар шөлдік, жартылай шөлдік, құрлық, орманды құрлық және аз ормандық таулы ормандарда); санитарлы – гигиеналық және денсаулыққа пайдалы (қала орманы, ормандық парктер, қала аумағындағы жасыл орман, елді мекендер мен өнеркәсіп орындары, бірінші, екінші ормандық белдеу зоналарында санитарлық күзеттің сумен жабдықтауы), ерекше қорғалатын орман территориялары (ерекше бағалы орман алқабы), ғылыми және тарихи маңызы бар ормандар, табиғат ескерткіштері, жаңғақтық кәсіптік аймақтар, табиғи Қорғалжын қорығындағы ормандар (қорғалжындар, ұлттық табиғи парктар, қорғалжындық ормандық учаскілер).
Тұқым арқылы көбейетін ұзын ағашты ормандар мен шаруашылықтарда, орташа және өсімді жолмен пайдаланатын аласа ормандарда кесудің басты пайдалануы қолданылады. Ұзын ағашты шаруашылықтар 80,120 жылдық ағаштарды кесуде жүргізіледі және тұқым көбеюмен есептеледі. Орта орман шаруашылық 40 жыл ағаштар өсіріледі. Аласа орман шаруашылықтарында 30-60 жасында кесуі, кейбір кезде қылқанжапырақтыларды 1-3 жасында. Рессейдің орман шаруашылығында биік ағашты ормандарды кесу кеңінен жүргізіледі, өйткені барлық ағаштың бағалы түрлері және қылқан жапырақтылар тұқымымен көбею арқылы пайдаланады.
Барлық кесуді пайдалану 3 топқа немесе жүйеге бөлінеді, яғни кесудің түрлерінің жиынтығына байланысты: жалпы, таңдамалы (ішінара), кезектесіп.
Жалпы кесу – бұл бір жылдың ішінде бір уақыт аралығында барлық ағаштарды кесу. Кесудің – орманды қайта қалпына келтіру түрі – ағашты пайдалануды жетілген ағашты кесу. Орманды қайта қалпына келтіру І топты ормандарда жүргізіледі және кесудің басты қолдану түрінен қатаң тәртіппен ерекшеленеді.
Таңдамалы кесу түрі кезінде кесудің басты түрі немесе орманды қайтадан қалпына келтіру түрі қолданылады, бұл кесу кезінде ағаштың жасы, мөлшері, сапасы қарастырылады.
Кезектесіп кесу кезінде бір немесе екі класс жасындағы ағаш кесу арқылы кесудің басты түрімен амалды қайтадан қалпына келтіру түрлері жүргізіледі. Кесудің басты пайдасы кезінде орманды пайдалану қызығушылығы орманды қайта қалпына келтірумен ұштасады. Осыған байланысты орманды қайтадан қалпына келтірудің табиғи 3 санаттары бар; алдын - ала, кейінгі және ілеспелі.
Орманды алдын – ала қайта қалпына келтіру – бұл ағаштардың табиғи түрде қайта қалпына келуі бұл кесу кезінде табиғи қайта қалпына келуі.
Орманның ілеспелі қайта қалпына келу- бұл ағаштың кезектесіп немесе іріктеп кесу арқылы табиғи қалпына келуі.
Ресейде ірі региондарындағы ережелерге байланысты кесудің басты пайдалану түрі жүргізіледі. Кесудің бұл ережелері орман өсімдіктерінің орман экологиясын, орманды пайдалану және экологиялық жағдайларды толық бақылауды қамтамассыз етеді.
Іріктеп кесу - бұл жасы, мөлшері, сапасы, күйі жағынан бірдей ағаштарды мерзімдеп кесу арқылы орманды қалпына келтіру. Бұл ағашты кесудің екі түрі: іріктеп кесу кезінде орманның негізгі элементтері (бөлшектері) сақталады, сонымен бірге әр-түрлі жастағы ағаштарда ормандарда алдын – ала және ілесу қайта қалпына келу жүзеге асырылады. Іріктеп кесу кезінде ағаштарды таңдау экономикалық және орман өсірушілікке, қабылдануына және өткізу технологиясына тәуелді болады. Халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандыруда белгілі түрлері, яғни өлшеміне байланысты кесіледі. Мысалы авиация өнеркәсібінде, гидротехникалық құрылыста және пайдалануда ағаштың көп мөлшері қажет болған. Бұл мақсатта сапасы және мөлшері жағынан ағаштар таңдалады (авиациялық, сіріңке және шаңғы өнеркәсібінде). Басқа жағдайларда жоғары сапалы ағаштарды сақтау мен өсіру мақсатында көбінесе ауру, қураған, кеуіп қалған ағаштарды кесу.
Экономикалық және экологиялық факторларға ағашты іріктеп кесу қағидаларына, әр түрлі құрамды ағаштар өсіру мақсатында кесудің 2 тәсілі бар: еркін –іріктеп кесу- бұл көбінесе қурап қалған, шіріген, қу ағаштарды кесу. Бұл көбінесе тұрғындары көп аумақтарда кездеседі.
Бұл кесу І топта ең алдымен санитарлық - гигиеналық, сауықтыру, эрозияға қарсы мақсатындағы таулы ормандарда және жасыл аймақтарда жүргізіледі.
Еркін – іріктеп кесу әр түрлі жасты орманда 35% жүргізіледі. Мұндай кесу жұмыстары Батыс Еуропада кең таралған (Швейцария, Германия).
Еріксіз- іріктеп кесу жұмыстары кезінде белгілі бір іріктеме ағаштары кесіледі. Ол кеме жасайтын ағашты дайындау үшін емен және қарағай ағаштарын кеседі. Ағашты кесу өнеркәсібі және ағашты өңдеу өнеркәсіптері пайдалану бастап олар қарағайлы, шыршалы ормандарда көбінесе көпжылдық ормандарда қолдана басталды.
Іріктеп кесуді қолдану экономикамен және табиғаттың ерекше ормандары- құрамына, құрлысына жасына және басқа да ағаштың белгілеріне сонымен қатар ағаштың басқа тұқымдарын өсіруге тығыз байланысты.
Іріктеп кесу шыршалы орманның жоғарғы өнім алуына, табиғи қалпына келтіруге мүмкіндік туғызады.
Қарағайлы орманда іріктеп кесудің әсіресе еріксіз - іріктеп кесу жасыл топ жас қарағайлы ормандар, сонымен бірге шөптік және күрделі көбінесе қарағайды шыршамен алмастыруға әкеліп соқтырады, сол себепті шыршаның көлеңкеде өсуі қарағайдың қалпына келуіне кедергі жасайды. Әр түрлі орман түрлерінде іріктеп кесуді қолдануда және өндіруде қайта қалпына келтіру болады. Қайта қалпына келтіруде, ағаш кесетін жерде, жұмыс істеуде бұны қатаң еске алып сақтау керек. Өндірудің тұрақтылығы еріксіз іріктеп кесудің, ағаш тұқымы орман өсірудің құрамына, құрлысына, ағаштың жасымен құрылымына, өнімділік кесудің орман түріне тәуелді. Шыршалы орманда еріксіз - іріктеп кесуді қолданудың тұрақтылығы қарағайға қарағанда төмен. Ол әсіресе құрамымен, жасымен, ағаштың толық жағдайындағы орман түрімен байланысты. Шыршалы – қылқан жапырақты ағашты өндірудегі кесу 20 %-ке , ал шыршалы- қайың 40% -ке дейін ыдырайды.
Таңдамалы кесулерде механикамен қанағаттандыру қолданбағасын, бұл қиынға түседі. Онын жеткіліксіздігі, таңдамалы кесулерде аса үлкен емес қарқынмен жүргізіледі, жұмыс шығындалуы шоғырлайды: кесуге белгіленген ағашты іздегенде, құлатудың бағытын анықтағанда, тасымалдау машиналары мен механизмдерге ағаш тасымалдау жолдарында ауырлық туғызады. Бұл тасымалдауда үлкен шығынға әкеледі. Кесуге ағаш дайындағанда шығын үлкейеді, орман тасымалдау жолдарының жүйесі кеңейеді. Еріксіз таңдап кесуде орманның мұрагерлерінің жағдайы төмендейді. Жаңа өскіндер мен ағаштардың бұзылуы көбейеді, орманның фаунасы көбейеді, қылқан жапырақтылардың жапырақты тұқымына ауысуы мүмкін, сонымен қатар орман өрттерімен жел сұлатпа қауіптілігінің әсері бар.
Таңдап кесуі жағымды жақтарды қамтиды. Еріксіз таңдап кесу түрінде үлкен және арналған сортименттерді кеседі. Ал ерікті таңдап кесуде экологиялық жағдайлар сақталады және жақсарады. Орман алқабы ағаштармен жабық болған соң оның қайта жаңдануы өздігінен болады.
Таңдап кесудің жақсы жағы тұтастай кесуге қарағанда жаңа өскіндерге аз әсер етеді. Тұтастай еріксіз таңдап кесуде, қауып төндіретін немесе әдейі кесілетін сортименттер ұсынылады. Ол практикада орман ресурстарын тиімді пайдалану болып табылады.
Олар орманды кедейтеді және оның санитарлық жағдайларын төмендетеді. Жетілмеген ағаштарды еріксіз таңдап кесу, орман құру және экономикалық көзқарас бойынша жаңа жолдары пайда болып, оларды пайдалануға мүмкіндік туады.
Қазіргі кезде бұл кесу түрінен бас айыруға болмайды. Еріксіз іріктеп кесудің тиімділігін арттыру үшін, жер бөлінеді және білікті мамандармен ағаштар белгіленеді. Түгелдей кесілген ағаштарды пайдаланудан кейін, кескен жерді тазалау керек. Ол орман өрттерін болмауына және кең таралмауына үлкен маңызы бар. Сонымен қатар зиянды жәндіктер мен ауру туғызатындарды шектейді.
Достарыңызбен бөлісу: |