128
2)
капиталды тиімді салу жолдарын анықтау, оны ұтымды пайдалануда
дәрежесін бағалау;
3)
ақша қаражатын үнемді пайдалану есебінен пайданың ұлғаюында ішкі
шаруашылық резервтерін анықтау;
4)
бюджетпен, банктермен және контрагенттермен ұтымды қаржы
қатынастарын белгілеу;
5)
акционерлердің және басқа да инвесторлардың мүдделерін сақтау;
6)
кәсіпорынның несиеқабілеттілігін және төлемқабілеттілігін, қаржылық
жағдайын бақылау.
Қаржылық жоспарлау принциптері
оларды оңтайландыру көз-қарасынан
және жоспардың шынайлығын қамтамасыз ету болып:
-
қаржы қатынас мерзімінің принципі – қаржы құралдарын алу және
пайдалану мерзім бойынша сәйкес болуы тиіс;
-
кешенділік – қаржылық жоспар жүйесін өңдеуде бір ретпен, өзара
байланыстырылған, келісуді көздейді;
-
төлемқабілеттілік – кәсіпорынның өтімділігін және төлем қабілеттілігін
кез-келген уақыт жолында қамтамасыз ету;
-
рентабельділік – қарыз қаражатын тарту көзделеді, егер меншікті
капитал тиімділігі артқан;
-
тәуекелдердің тепе-теңдігі қаржыландыруды көздейтін неғұрлым
тәуекелді салымдар меншікті қаражат есебінен жүргізіледі;
-
шекті тиімділік, капитал көлемін оңтайландыруды қамтамасыз ету,
соның ішінде қарыз, капитал құрылымы және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: