Ситуациялық сауалдар:
Терапия бөлімшесінде жатқан науқасты кенеттен қан кету ашылды: аузынан, жөтелген кезде көбікті алқызыл түсті қан ағады. Науқаста қан кетудің қай түрі? Медбике дәрігерге дейінгі жедел жәрдемді қалай жасау керек?
Науқастың оң аяғының башпайларына кірпіш түсіп кетті, соның нәтижесінде езілген жарақат пайда болды, жарақаттың беті қанталауда. Науқаста қан кетудің қай түрі? Бұл қан кетуді қалай тоқтатуға болады?
Сан жарақатынан соққыменен алқызыл түсті көп мөлшерде қан ағуда. Қай тамыр жарақатталған? Науқасқа дәрігерге дейінгі жедел жәржемді қалай көрсету керек?
25 жастағы науқас хирургия бөлімшесіне келесі шағымдармен түсті: жалпы әлсіздік, бас айналу. Бозарған, жабысқақ тер, пульс 120 минутына, әлсіз, АҚ 80/60, ішінің оң жағы ауырады, перкуторлы дыбыс жоқтығы. Бір күн алдын оң қабырға астынан соққы алған. Науқаста қандай жарақат. Диагнозды растау үшін қандай тексеру қажет? Бұл жағдайда медбикенің іс - әрекеті?
Науқас сол иық алды венасын кесіп, өзіне қол жұмсады. Ағып жатқан қанды көріп, науқас есінен танды. Науқасқа не болды? Науқасқа дәрігерге дейінгі жедел жәрдемді көрсету. Бұл қан кетуді қалай тоқтатады?
Көшеден кетіп бара жатып медбике жол апатының куәгері болды. Машина жүргізушісі авария нәтижесінде мойын аймағында кесілген жарақат алды. Жарақаттан алқызыл түсті қан соққылы түрде ағуда. Қандай тамыр жарақатталған? Бұл қан кетуді уақытша қалай тоқтатуға болады? Науқасты ауруханаға дейін дұрыс тасымалдау тәртібі.
Хирургия бөлімшесіне ауыр халде науқас келіп түсті. Тері қабаттары бозарған. Мұздай термен қапталған. Пульс минутына 130, әлсіз, АҚ 80/50, науқас «кофе тұнбасы» түрінде құсқан және нәжісі қара түсті. Асқазан – ішектің қай бөлігінен қан кеткен? Тексерудің қандай түрімен диагнозды растауға болады?
Орви мен ауырған науқастың мұрнынан көп мөлшерде қан кетті.Науқасқа дәрігерге дейінгі жедел жәрдемді қалай көрсетеміз?
Тісін жұлдырған науқастың жұлынған орнынан қан кетті, бұл қан кетудің қай түрі, оны қалай тоқтатамыз?
Достарыңызбен бөлісу: |