Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


-тарау. «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру (төмендетілген оқу жүктемесімен)



бет130/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0

3-тарау. «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру (төмендетілген оқу жүктемесімен)
1-параграф. «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


17. «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 108 сағат;

11-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 108 сағат.

18. 10-сыныпқа арналған «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:

1) 7-9-сыныптардағы алгебра курсын қайталау;

2) «Функция, оның қасиеттері және графигі». Функция және оның берілу тәсілдері. Функциялардың графиктерін түрлендіру. Функцияның қасиеттері. Күрделі және кері функция ұғымдары;

3) «Тригонометриялық функциялар». Тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері. Тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен салу;

4) «Кері тригонометриялық функциялар». Арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс. Кері тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері;

5) «Тригонометриялық теңдеулер». Қарапайым тригонометриялық теңдеулер. Тригонометриялық теңдеулер және олардың жүйелерін шешу әдістері;

6) «Тригонометриялық теңсіздіктер». Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу;

7) «Ықтималдық». Комбинаторика элементтері және оларды оқиғалардың ықтималдықтарын табуда қолданылуы. Жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномы (натурал көрсеткішті). Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері. Шартты ықтималдық. Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері;

8) «Функцияның шегі және үзіліссіздігі». Функцияның нүктедегі және шексіздіктегі шегі. Функция графигінің асимптоталары. Сан тізбегінің шегі. Функцияның нүктедегі және жиындағы үзіліссіздігі. Шектерді табу;

9) «Туынды». Туындының анықтамасы. Функция дифференциалы ұғымы. Туынды табу ережелері. Күрделі функция туындысы. Тригонометриялық функциялардың туындылары. Туындының физикалық және геометриялық мағынасы. Функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет