ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ҧйымдарында оқу-тәрбие процесін



Pdf көрінісі
бет17/48
Дата23.10.2019
өлшемі5,04 Mb.
#50520
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48

 

«Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны   

Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  бӛлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу қарастырылған. 

Тӛменде  49-кестеде  оқу  пәнінен  бӛлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны кӛрсетілген. 

 

49-кесте. «Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны   



 

 

Сынып 



Бӛлім бойынша жиынтық бағалау саны   

1-тоқсан 

2-тоқсан 

3-тоқсан 

4-тоқсан 

7-сынып 




8-сынып 




9-сынып 






 

142 

«Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны 

Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  бӛлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу қарастырылған. 

Тӛменде  50-кестеде  оқу  пәнінен  бӛлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны кӛрсетілген. 

50-кесте. «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып 

Бӛлім бойынша жиынтық бағалау саны 



1-тоқсан

2-тоқсан


3-тоқсан

4-тоқсан


5-сынып



6-сынып





7-сынып




8-сынып




9-сынып




2019-2020  оқу  жылында  жаратылыстану-математикалық  циклінің 

(математика,  биология,  химия,  география)  мұғалімдерімен  бірге  кіріктірілген 

тақырыптық  онкүндіктер  ӛткізу  ұсынылады.  Онкүндіктер  үш  кезеңде: 

бастауыш,  одан  кейін  орта  және  жоғары  сынып  білім  алушыларымен 

ӛткізіледі. Аталған іс-шара пәннің аясында білім алушылар мен мұғалімдерді 

жаңа  жаңалықтарға  ынталандырып  қана  қоймайды;  мұғалімдердің  ӛзара 

тәжірибе  алмасуы,  қолданылатын  әдістердің  жетілдірілуі  мен  кіріктірілуіне 

ықпал  ететін  болады.  Оқып  жатқан  тілде  сол  елдің  мәдениеті  мен  тарихын 

терең  зерделеу  мақсатында  маңызды  күндері  мен  мерейтойларына  назар 

аудару  ұсынылады,  ол  ӛз  кезегінде,  білім  беру  ұйымы  базасында  ӛткізілетін 

тақырыптық іс-шараларда тікелей кӛрініс табуы тиіс. 



 «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ 

 «Жаратылыстану» 

білім  саласында  келесі  пәндер  оқытылады: 

«Жаратылыстану» – 5, 6-сыныптар, «Физика» – 7-9-сыныптар, «Биология» – 7-

9-сыныптар, «Химия» – 7-9-сыныптар, «География» – 7-9-сыныптар.

Жаратылыстану  ғылымын  оқыту  білім  алушылардың  бойында  табиғи 

құбылыстар  мен  заңдылықтар  туралы  түсініктерді  қалыптастырып,  табиғатты 

танудың  ғылыми  әдістерін  ашып  кӛрсетеді.  Ол  табиғаттың  бір  бӛлігі  ретінде 

адамға,  табиғат  әлемін  ұғыну  ғана  емес,  осы  ӛзгергермелі  әлемдегі  ӛз  орнын 

сезінуге  бағытталған  және  жеке  тұлғалық  құндылық  қасиеттер  жүйесін 

тәрбиелеуге, жеке тұлғаның дүниетанымдық, мәдени, тәжірибеге бағдарланған 

қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. 

«Жаратылыстану»  пәнін  география,  биология,  физика  және  химияның 

кіріктірілген  курсы  ретінде  география  пәнінің  мұғалімі  сияқты  биология 



143 

пәнінің мұғалімі де, немесе физика немесе химия пәні мұғалімі жүргізе алады. 

Негізгі  орта  білім  деңгейінде  «Жаратылыстану»  білім  саласы  бойынша 

келесі пәндер оқытылады: 

5, 6-сыныптарда – «Жаратылыстану»; 

7, 8,9 -сыныптарда - «География», «Биология», «Химия», «Физика». 

Негізгі  орта  білім  берудің  жаңартылған  мазмұнына  сәйкес  7-сыныптан 

бастап  бір  мезгілде  «Физика»,  «Химия»,  «Биология»,  «География»  пәндері 

оқытылады,  мектептегі  жаратылыстану  ғылымдарын  оқытудың  үздіксіздігін 

және әлемнің біртұтас ғылыми кӛрінісін қалыптастыру қамтамасыз етіледі.  

Бұл  5-сыныпта  оқыған  «Жаратылыстану»  пәнінен  кейінгі  үзілістің 

болуын жояды, ӛйткені қолданыстағы оқу бағдарламалары бойынша «Физика» 

пәні 7-сыныптан, ал «Химия» пәні 8-сыныптан бастап оқытылатын. 

«Физика»,  «Химия»,  «Биология»,  «География»  пәндерінің  синхронды 

оқытыла  басталуы  әр  пәннің  мазмұны  басқа  пәнде  жалғасын  табуға  ықпал 

етеді, оған сәйкес осы тӛрт пән бойынша кейбір тақырыптар  бір академиялық 

кезеңде зерделенеді. 

«Жаратылыстану» оқу пәні 

«Жаратылыстану» 

оқу 

пәні 


бастауыш 

мектепте 

оқытылған 

«Жаратылыстану» пәні бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылады. 

5-6  сыныптың  білім  алушыларына  жаратылыстану  бағытында  білім  беру,

олардың  жаратылыстану  ғылымына  деген  қызығушылығының  артуына,  осы

жастағылардың  мүмкіндігіне  қарай  зерттеулер  жүргізудің  қарапайым

дағдыларын,  әлем  туралы  ой-ӛрістерін  кеңейтуге,  ғылымды  ұғыну  мен

қоршаған әлемді тұтастай қабылдауларының дамуына, қоршаған әлемді бағалай

және қорғай білу біліктіліктерінің дамуына кӛмектеседі.

5-6-сыныптарда  «Жаратылыстану»  курсын  оқудың  мақсаты  білім

алушылардың бойында жаратылыстану ғылымы білімін, табиғат пен қоғамның 

ӛзара байланысы, табиғаттағы заңдылықтардың біртұтастығы туралы түсінігін 

қалыптастыру  және  күнделікті  ӛмірде  кездесетін  табиғат  құбылыстарының 

зардабы мен процесін сипаттау, болжау үшін қолдану біліктігін дамыту болып 

табылады.  Пәннің  мазмұнын  меңгерудегі  жүйелік-әрекеттік  тәсіл  зерттеу 

дағдыларын (іздеуді, іріктеуді, жүйелеуді, ақпаратты талдауды және бағалауды, 

зерттеу нәтижелерін ұсынуды қалыптастыру)дамытуға мүмкіндік береді. 

Оқу  пәнінің  мазмұны  7  бӛлімнен  тұрады:  «Ғылым  әлемі»,  «Ғалам.  Жер. 

Адам»,  «Заттар  және  материалдар»,  «Тірі  және  ӛлі  табиғаттағы  процестер», 

«Энергия  және  қозғалыс»,«Экология  және  тұрақты  даму»,  «Әлемді  ӛзгертетін 

жаңалықтар».  Бағдарлама  білім  алушыларға  қоршаған  әлемнің  кӛптүрлілігін, 

табиғи құбылыстар мен процестердің ӛзара байланысын, тірі және ӛлі табиғатта 

болатын  табиғи  құбылыстар  мен  процестердің  себептері  мен  салдарын, 

табиғаттағы  нысандар  мен  процестердің  кӛптүрлілігін  жүйелеу  принциптерін, 

адамның  кӛптеген  іс-әрекеті  үшін  ғылыми-жаратылыстану  білімінің 

маңыздылығын түсінуге мүмкіндік беретіндейетіп құрылған. 

Сабақ  уақытында  білім  алушылардың  байқау,  ғылыми  зерттеуді 

жоспарлау,  деректерді  алу  және  ұсыну,  нәтижелерді  түсіндіру  тәрізді 

зерттеушілік, 

ойлау, 

сӛйлеу 


және 

коммуникативтік 

дағдыларын 


144 

қалыптастыруға  ерекше  назар  аудару  қажет.  Мысалы,  түрлі  тақырыптарды 

зерделеу  арқылы,  білім  алушы  зерттеу  жоспарын  құрастыруды,  бақылауды, 

эксперименттер жүргізуді, нәтижелерді ауызша және жазбаша сипаттауды және 

бағалауды,  қорытынды  және  тұжырымдама  жасауды  үйренеді.  Ол  білім 

алушының үйде, мектепте, табиғатта бақыланған нысандар мен құбылыстарды 

түсінуі  үшін,  алынған  білім  мен  дағдыларды  күнделікті  ӛмірде  қолдану 

біліктерін дамытады. 

 «Жаратылыстану»  сабақтарында  жергілікті  компонент  деректерін 

тартуғаерекше назар аудару қажет. 

Мысалы,  ғылыми  жобаларды  әзірлеу  үшін  білім  алушыларға  күнделікті 

ӛмірде  практикалық  маңызы  бар  тӛмендегідей  оқыту  мақсаттарына  назар 

аудару ұсынылады: 

5.6.3.1 - Қазақстан Республикасының экологиялық проблемаларын атау; 

5.6.3.2 - ӛз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу; 

5.6.3.3  -  Қазақстан  Республикасының  Қызыл  кітабының  маңыздылығын 

анықтау; 

5.7.1.1 - әлемді ӛзгерткен ғылыми жаңалықтарға мысалдар келтіру; 

5.7.1.2 –ғылымдағы болашақ зерттеулер үшін  зерттеу идеяларын ұсыну; 

6.3.3.3  -  Қазақстандағы  пайдалы  қазбалардың  орындарын  және  қолдану 

салаларын анықтау; 

6.3.3.4  -  Қазақстандағы    пайдалы  қазбаларды  ӛндеудің  ірі  орталықтарын 

атау және кӛрсету; 

6.3.3.5  -  пайдалы  қазбалардың  ӛндірілуі    мен    ӛңделінуінің  қоршаған 

ортаға әсерін түсіндіру; 

6.4.2.4 - толыққанды тамақтану рационын құру

6.4.2.5  -  азық-түлік  ӛнімдеріндегі  органикалық  заттардың  болуын 

тестілеу; 

6.5.1.4 - электр энергиясының құнын есептеу;  

6.5.1.5 -энергияны алудың баламалы кӛздерін ұсыну; 

6.6.3.1 - ӛзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін 

талдау; 


6.6.3.2 - экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсыну 

6.7.1.1 - әлемді ӛзгерткен жаңалықтардың маңызын талқылау

6.7.1.2 

жаратылыстану  ғылымдарын  дамытуда  қазақстандық 



ғалымдардың үлесін талқылау; 

6.7.1.3  -  ғылыми  зерттеулер  бағыттарының  болашақтағы  дамуына 

болжам жасау. 

«Жаратылыстану»  пәнінің  мұғалімдері  білім  алушының  бойында  білуге 

құмарлықты,  ой-ӛрісін,  қоршаған  әлемді  ғылым  тұрғысынан  түсінуді,  табиғи 

және техногендік байлықты бағалау және қорғауды қалыптастыру қажет.  

Ол  білім  алушының  қоршаған  әлемнің  түрлі  нысандары  мен 

құбылыстары  туралы  білім  қорының  жинақталуына,  түрлі  практикалық  және 

зерттеушілік  іс-әрекеттер  арқылы  алынған  білімнің  күнделікті  ӛмірмен 

байланысы түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді.  

«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі: 


 

145 


 

5-сыныпта –  аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;  

6-сыныпта –  аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды. 

Жаратылыстану  пәндері  мұғалімдерінің  тамыз  отырысында 

қарастыруға тӛмендегідей тақырыптар ұсынылады: 

1.Білім  мазмұнын  жаңарту  аясында  (7-9-сыныптарда)  жаратылыстану  

пәндері оқу бағдарламасының ерекшеліктері. 

2. STEM – білім беру – проблемасы және келешегі. 

3. Жаратылыстану-ғылыми білім беру және clil - технологиялар. 

Жаратылыстану  мұғалімдерінің  оқу  жылы  ішінде  әдістемелік 

құрылымдарының  (әдістемелік  бірлестіктер,  жас  маман  мектебі, 

педагогикалық  шеберлікті  жетілдіру  мектебі,  шығармашылық  топтар 

және т.б.) отырыстарына ұсынылатын тақырыптар

1. 


Жаратылыстануциклыпәндерін 

оқыту 


жәнеSTEM-білімінің 

артықшылығы 

2. 

Қазақстанда ӛндірілетін жаңартылатын энергия кӛздері. 



3.  Жаратылыстану-ғылыми  цикл  пәндерін  ағылшын  тілінде  кіріктіріп 

оқыту  әдістемесі:  ерекшеліктері,  артықшылықтары,  әдістері,  жүзеге  асыру 

тәсілдері. 

«Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалау саны   

Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  бӛлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу қарастырылған. 

Тӛменде  51-кестеде  оқу  пәнінен  бӛлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны кӛрсетілген. 

51-кесте. «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалау саны   

 

Сынып 


Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны   

1-тоқсан 

2-тоқсан 

3-тоқсан 

4-тоқсан 

5-сынып 




6-сынып 






 

 

«Физика» оқу пәні 

«Физика»  пәнін  оқыту  мақсаты  –  білім  алушылардың  ғылыми 

дүиетанымдық  негіздерін,  әлемнің  жаратылыстану-ғылыми  бейнесін  тұтастай 

қабылдауын,  ӛмірде  маңызды  практикалық  мәселелерді  шешуде  табиғат 

құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.  

«Физика» пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі: 

7-сыныпта –  аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;  

8-сыныпта –  аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды; 

9-сыныпта –  аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды. 

7-9-сыныптарда  «Физика»  оқу  пәнінің  мазмұны  8  бӛлімді  қамтиды: 

Физикалық  шамалар  мен  ӛлшеулер;  Механика;  Жылу  физикасы;  Электр  және 

магнетизм;  Геометриялық  оптика;  Кванттық  физика  элементтері;  Астрономия 

негіздері; Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі.  

7-сыныпта  «Физика»  оқу  пәнінде  табиғат  құбылыстарын  қарастырады, 



 

146 


 

физиканың  негізгі  заңдарымен  танысады  және  осы  заңдарды  техникада, 

күнделікті  ӛмірде  қолдану  деңгейінде  оқытылады.  Физика  мен  оның  заңдары 

барлық жаратылыстану саласының ӛзегі екендігіне басты назар аударылады. 

7-сыныптың  кіріспе  бӛлімінде  «атом»,  «материя»  және  «физикалық 

термин»,  «гипотеза»  және  «эксперимент»,  «ӛлшем»  және  «ӛлшеу  қателігі» 

«Халықаралық  бірліктер  жүйесі(SI)»,  «скаляр  және  векторлық  шамалар» 

физиканы зерттеу үшін негіз болып табылады.  

«Физика»  пәнін  оқыту  бойынша  тақырыптың  оқу  күрделілігі  және 

тереңдігі деңгейіне назар аудару қажет: 

- «7.1.1.7- күштерді берілген масштабта графикалық түрде кӛрсету. Білім 

алушыларға  күрделі  емес  есептер  ұсыну  және  әртүрлі  денелердің 

қозғалысының  нақты  мысалында  меңгеру  үшін  «вектор»  бастапқы  ұғымын 

енгізу ұсынылады; 

-  7.2.2.8 күштерді берілген масштабта графикалық түрде кӛрсету; 

-  7.2.2.9денеге  әсер  ететін  және  бір  түзудің  бойымен  бағытталған 

күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау.  

Осы  оқу  мақсаттарына  қол  жеткізу  үшін  практикалық  бӛлігіне 

графикалық деректермен жұмыс істеудің әртүрлі нұсқалары берілген тапсырма 

карталарды енгізу ұсынылады. 

7-сыныпта  физиканы  сапалы  меңгеру  6-сыныпта  математикадан,  7-

сыныпта  алгебра  және  геометриядан  алған  білімдеріне  негізделетініне  назар 

аудару қажет. 

Физика  және  химия  пәндерінде:  атом,  молекула,  физикалық  және 

химиялық  құбылыстар,  масса,  дененің  агрегаттық  күйі  тәрізді  кӛптеген  ортақ 

ұғымдар  зерттеледі.  Осы  шамаларды  және  оларды  қолдану  мен  түсіндіруде 

бірдей анықтаманы қолдану қажет. 

Физика  мен  биологияның  ӛзара  байланысы  ретінде  жалпы  және  ішінара 

пайымдау, табиғаттың біртұтастығын түсіну қабілеті және физика заңдарының 

әсері  туралы  білім  алушылардың  биологиядан  алған  білімдерін  кеңейтуіне 

кӛмектеседі.  Ол  биологияның  әдістерін  физикамен  байланыстырып 

пайдаланануды қарастыруға ықпал етеді.  

Физика  пәні  сабақтарының  басты  ерекшеліктерінің  бірі  –  физикалық 

шамаларды  тәжірибе  жүзінде  анықтау,  қолдағы  құралдармен  тәжірибе  ӛткізу, 

кӛрсеткіштерді оқи білу және нәтижені талдау.  

Физика  пәнінің  негізі  физикалық  шамаларды  тәжірибе  жүзінде  анықтау, 

қолдағы құралдармен тәжірибе ӛткізу,  кӛрсеткіштерді оқи білу және нәтижені 

талдау.  Сондықтан  білім  алушылар  тәжірибелерді  жасап  қана  қоймай, 

мәліметтерді  жинақтау,  талдау,  градиентті  тәуелділігі  мен  табуға  қатысты 

кестені құрастыру, тәжірибені ӛткізуге әсер ететін факторларды анықтау және 

оның нәтижесін кӛре білуі керек. Сондағана білім алушы зерттеу жолын жеке 

меңгереді және қандай да болмасын физика заңдылығына қатысты қорытынды 

жасай алады. «Орындалуға міндетті практикалық және зертханалық жұмыстар 

тізімі»  білім  алушыларға  пән  бойынша  жаңа  білім  алып,  зерттеу  дағдыларын 

дамытуға мүмкіндік беретіндей етіп іріктелген. 


 

147 


 

7-сыныпқа  «Сырғанау  үйкеліс  күшін  зерттеу»,  «Жазық  фигураның 

массалар орталығын анықтау» атты екі зертханалық жұмыс қосылды. Барлығы 

10 зертханалық жұмыс және 22 практикалық жұмыс қамтылған.  

8-сыныпта  үш  бӛлім  яғни  «Жылу  физикасы»,  «Электр  және  магнетизм», 

«Геометриялық оптика» оқытылады. 

9-сыныпта  «Кинематика  негіздері»,  «Астрономия  негіздері»,  «Динамика 

негіздері»,    «Сақталу  заңдары»,  «Тербелістер  және  толқындар»,  «Атом 

құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық ӛзара әрекеттесу», 

«Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі» бӛлімдері оқытылады. 

9-сыныпта  4  10  зертханалық  жұмыс  және  6  практикалық  жұмыс 

қамтылған. 

Қолданбалы  материалды  теориялық  зерделеу  кезiнде  оның  мазмұны, 

негiзiнен,  адамзат  қоғамындағы  жаратылыстану  ғылымдарының  рӛлiн 

кӛрсетуге,  білім  алушылардың  ғылым  жетiстiктерiн  әртүрлi  кӛзқарас 

тұрғысынан  бағалай  алуға,  ғылыми-техникалық  прогреске  байланысты 

туындайтын 

экологиялық 

проблемаларды 

түсiнуге 

бағытталатыны 

қарастырылады. 

Физикалық 

заңдарды 

тұжырымдау 

мен 


оларды 

түсіндіруде 

математикалық  аппаратты  қолдануына  назар  аударылады.  Математиканың 

физикамен  байланысының  айқын  мысалының  бірі  –  физикалық  шамалар 

арасындағы  функциялық  тәуелділікті  және  функциялар  графигін  пайдалану. 

Физика  мұғалімі  білім  алушылардың  есептеу  шеберліктері  мен  дағдыларын 

ойдағыдай  қалыптастыру  мақсатында  алдынала  математика  мұғалімдерімен 

бірігіп, ортақ әдістерді қолдануға болады.  

«Физика»  мен  «Химия»  ғылым  ретінде  бір-бірін  ӛзара  толықтырып 

отырады. Ӛйткені, бұл екі ғылым табиғаттағы құбылыстар мен процестерді ӛз 

тұрғыларынан  қарастырады.  Физика  мен  химия  үшін  ӛте  маңызды  ортақ 

ұғымдардың  қатарына  зат,  масса,  салмақ,  энергия  ұғымдары,  сондай-ақ 

энергияның,  электр  зарядының,  электр  ӛрісінің  сақталу  және  айналу  заңы, 

молекулалық-кинетикалық және электрондық теория жатады.  

Физика мен химияның пәнаралық аса маңызды теориялық байланыстары 

екеуінде  бірдей:  атом  құрылысы  теориясын  оқып  үйренуде  айқын  кӛрініс 

алады. 

Сабақта  жергілікті  сипаттағы  материалдарды  (нысандар,  кәсіпорындар, 



ақпарат  кӛздері)  пайдалануға  бағытталған  оқу-жобалау  іс-әрекеттерін 

ұйымдастыру  арқылы  танымдық  және  әлеуметтік  тұрғыдан  білім  алушының 

белсенділігін арттыру ұсынылады. Технология, медицина, ауыл шаруашылығы, 

ӛнеркәсіп  пен  энергетиканың  әртүрлі  саласындағы  жетістіктер  ғылыми  идея 

мен ғылыми прогресс дамуының жарқын мысалдары болып табылады. 

Мысалы оған тӛмендегідей мақсаттар берілген: 



-  техникада  және  тұрмыста  жылу  беру  түрлерінің  қолданылуына 

мысалдар келтіру; 



-   әртүрлі  температураларда  тірі  ағзалардың  бейімделуіне  мысалдар 

келтіру; 



-  жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау; 

 

148 


 

-  жылу  машиналарының  қоршаған  ортаның  экологиясына  әсерін 

бағалау; 



-   Қазақстанда  және  дүниежүзінде  электр  энергиясын  ӛндірудің 

мысалдарын  келтіру. 

Білім  алушылардың  базалық  білімдерін  практикада  бекіту  зертханалық 

және практикалық жұмыстарды орындау кезінде жүзеге асырылады. 

8-сыныптыңзертханалық 

жұмысында 

№3«Ауаның 

ылғалдылығын 

анықтау»зертханалық  жұмысы  алынып  тасталып,  оның  орнына  №  6 

«Ӛткiзгiштердi  тiзбектей  және  параллель  қосуды  зерделеу»  зертханалық 

жұмысы  екіге  бӛлініп,  №5  «Ӛткiзгiштердi  тiзбектей  қосуды  зерделеу» 

зертханалық  жұмысы  және  №6  «Ӛткiзгiштердi  параллель  қосуды 

зерделеу»зертханалықжұмысы  берілген.  Барлығы  10  зертханалықжұмыс  және 

30 практикалық жұмыс қамтылған.  

Физика  пәнінің  мұғалімдерінеғылыми  тілді  қалыптастыру  мақсатында 

білім алушылардың сӛздік қорын байыту, үш тілдегі физикалық терминдермен 

таныстыру  бойынша  жүйелі  жұмыстар  жүргізу;физикалық  процестерге 

диаграммалар,  сызбалар,  жалпылама  және  талдау  кестелерін  жасай  білу 

дағдыларын, баяндау, сипаттау, салыстыру, графикті талдау, қорытынды жасау 

және 


жалпылама 

қорыту 


(жазбаша 

және 


ауызша) 

дағдыларын 

қалыптастыру;есептердің шешімін сауатты ресімдеуге назар аудару;жүргізілген 

практикалық  және  зертханалық  жұмыстар  бойынша  кеңейтілген  жазбаша 

есептерді  немесе  ауызша  баяндамаларды  дайындай  білуді  дамыту;  білім 

алушылардың  ауызша  және  жазбаша  сӛйлеу  мәдениетін,  олардың  пікірлерінің 

қисындылығы және дәлелдермен түйінделу дәрежесін арттыру ұсынылады. Ол 

үшін  сабақты  жоспарлау  кезінде  белгілі  бір  біліктілік,  дағдыларды 

қалыптастырытын қолайлы тақырыптарды таңдау қажет. 

Зертханалық және практикалық жұмыстың қажетті кӛлемін орындау үшін 

ақпараттық  және  компьютерлік  технологияларды  (виртуалды  жұмыс) 

пайдалану ұсынылады. 

Зертханалық 

және 


практикалық 

жұмыстарды 

әзірлеу 

кезінде 


эксперименттік деректер мен қортындыны жасауға басты назар аудару қажет. 

Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы мұғалімдерге  кӛмек 

ретінде  білім  мазмұнын  жаңарту  аясында  «Физика»  (7-9-сыныптар)оқу  пәнін 

оқыту 


бойынша 

әдістемелік 

ұсынымдамалар 

әзірледі. 

Әдістемелік 

ұсынымдамаларды Академияның сайтынан (www.nao.kz) алуға болады. 



«Физика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны   

Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  бӛлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу қарастырылған. 

Тӛменде  52-кестеде  оқу  пәнінен  бӛлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны кӛрсетілген. 

 

52-кесте. «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны   



 

Сынып 


Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны   

1-тоқсан 

2-тоқсан 

3-тоқсан 

4-тоқсан 


 

149 


 

7-сынып 




8-сынып 




9-сынып  







 

 

 «География» оқу пәні 

«География»  пәнінің  мазмұны  келесі  жүйелі-әрекеттік  нәтижелерге  қол 

жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс:  

-  функционалдық  білім  мен  білік,  жоспарлау  дағдылары,  талдау  мен 

ӛңдеу,  түсіндіру,  жүйелеу,  алгоритм  бойынша  жұмыс  істеудің  қалыптасуы; 

зерттеушілік, тәжірибе-эксперименттік дағдыларды жетілдіру;  

- бағалау мен қорытынды жасауды тиянақтау; әлемнің заманауи ғылыми-

жаратылыстану  бейнесінің  негізін  қалаушы  түсініктерді,  заңдылықтарды, 

теориялар  мен  принциптерді,  табиғатты  танудың  ғылыми  әдістері,  табиғатты, 

экономиканы  және  қоғамды  кешенді  зерделеу  негізінде  адамзаттың  жаһандық 

және жергілікті проблемаларын түсіну;  

- экологиялық мәдениеттің, ғылыми, жобалық және кеңістіктік ойлаудың 

дамуы;  

-  патриоттық  сезімді,  қоршаған  ортаға  жауапкершілікпен  қарауды 

тәрбиелеу;  

-  білім  алушылардың  ғылыми-жаратылыстану  бағыттары  бойынша 

кәсіптік бағдарын жүзеге асыру. 

«География» пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі: 

7-сыныпта –  аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;  

8-сыныпта –  аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды; 

9-сыныпта –  аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды. 

Бағдарламаның шиыршықты  құрылымына байланысты 8-сыныптағы пән 

мазмұны  білім  алушылардың  ӛткен  оқу  жылында  алған  білімдері  мен 

дағдыларын одан әрі тереңдетеді және дамытады. 

«Географиялық  зерттеу  әдістері»  бӛлімінде  географиялық  ақпаратты 

визуалдау,  ӛз  зерттеулерінде  далалық,  картографиялық,  теориялық  әдістерді 

қолдану,  сандық  және  сапалық  деректерді  ӛңдеу  мен  талдау,  еліктемелік 

(иммитациялық), графиктік, мәтіндік, математикалық және басқа да модельдер 

құрастыру,  жұмыс  нәтижесін  түрлі  формада  ұсыну  дағдыларын  одан  әрі 

дамытуға кӛңіл аудару қажет. 

«Картография  және  географиялық  деректер  базасы»  бӛлімінде  білім 

алушыларды  тақырыптық  карталарды  жіктеуді  және  оқуды,  сонымен  қатар 

оларды  қосымша  сипаттайтын  профиль,  диаграмма,  график,  кесте  тәрізді 

элементтерін  құрастыруды  үйрету  қажет.  Географиялық  номенклатура 

нысандарымен  жұмыс  істеу  дағдалырын  дамытуды  жалғастыру  ұсынылады. 

Білім  алушылар  тілдік  дағдыларын  дамытуларымен  қатар,  сәйкес 

түсініктемелер  бере  отырып  географиялық  нысандарды  картадан  батыл 

кӛрсетуді де үйренулері тиіс. Егер 7-сыныпта бұл бӛлім бойынша географиялық 

деректердің кесте түріндегі қарапайым базасын жасау қарастырылған болса, 8-

сыныпта  тиісті  оқыту  мақсаттарына  қолжеткізуде  АКТ  біртіндеп  қолдану 



 

150 


 

қарастырылған. 

7-сыныпта «Литосфера» бӛлімі бойынша жер қыртысының құрылысы, ірі 

геотектуралар  оқытылады.  8-сыныпта  тақырып  жер  бедері  түрлерінің,  тау 

жыныстары мен минералдардың, пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтарын 

оқумен  жалғастырылады.  Бұл  бӛлімді  жергілікті  жер  бедерінің  тұрғындардың 

тіршілігі  мен  шаруашылығына  тигізетін  әсеріне  баға  берумен  қорытындылау 

ұсынылады. Білім алушылардың ӛз ойларын дәлелді жеткізулеріне кӛңіл аудару 

қажет. 

7-сыныпта  «Атмосфера»  бӛлімінде  метеорологиялық  құбылыстар,  ауа 



райы  мен  оның  элементтері  зерделенеді.  8-сыныпта  жер  шарының  түрлі 

бӛліктеріндегі  климаттың  ерекшеліктерін  қарастыру  ұсынылады.  Сонымен 

қатар, климатты, атмосфераның ғаламдық циркуляциясы оқытылады.  

7-сыныпта  «Гидросфера»  бӛлімндеі  Дүниежүзілік  мұхит  және  оның 

бӛліктерін оқудан басталады да, құрлық суларын оқумен жалғастырылады. Бұл 

тақырыпты оқу барысында қазақстандық және жергілікті компонентті қосымша 

қамтуға баса назар аударылуы тиіс.  

«Биосфера»  бӛлімі  бойынша  7-сыныпта  биосфераның,  топырақтың 

құрамы  мен  құрылымы,  ал  8-сыныпта  табиғат  зоналары  мен  Жердің  биіктік 

белдеулері  оқытылады.  Сонымен  қатар  балалар  ӛсімдік  әлемі  мен  жануарлар 

дүниесін қорғаудың қажеттілігін дәлелдейді, қорғау жолдарын ұсынады. 

«Табиғи-аумақтық  кешендер»  бӛлімі  бойынша  ӛткен  оқу  жылында 

«Табиғи-аумақтық  кешендер»  ұғымы,  олардың  пайда  болу  шарттары  мен 

мысалдары,  кеңістіктік  рангтары  анықталған  болатын.  Биылғы  оқу  жылында 

білім  алушылар  географиялық  қабықты  планетарлық  масштабтағы  табиғи-

аумақтық кешен ретінде және оның даму заңдылықтарымен танысады. 

7-сыныпта  «Халық  географиясы»  бӛлімі  бойынша  адамзаттың  нәсілдік 

және діни құрамы оқытылады. 8-сыныпта халық санының және құрылымының 

негізгі 

кӛрсеткіштерін 

есептеу 

арқылы 


дүниежүзіндегі, 

Қазақстан 

Республикасындағы және ӛлкедегі демографиялық жағдайды анықтау бойынша 

жүйелі әрекет басталады. 

«Табиғи  ресурстар»  бӛлімі бойынша  7-сыныпта  «табиғи ресурс»  ұғымы, 

оларды  жіктеудің  негізгі  тәсілдері  мен  шоғырлану  орындарына  кӛңіл 

аударылады.  8-сыныпта  білім  алушылар  табиғат  ресурстарын  экономикалық 

және экологиялық тұрғыдан бағалайды, дүниежүзінің жекелеген аймақтарының 

табиғи-ресурстық әлеуетін анықтайды. 

«Әлеуметтік-экономикалық  ресурстар»  бӛлімінде  кӛлік  және  әлеуметтік 

инфрақұрылым  туралы  білім  беріледі.  8-сыныпта  сауда  және  қаржы 

инфақұрылымы оқытылады. 

«Дүниежүзілік  шаруашылықтың  салалық  және  аумақтық  құрылымы» 

бӛлімінде  білім  алушылар  дүниежүзі  шаруашылығын  ӛнеркәсіп  және  ауыл 

шаруашылығына  жіктеудің  қарапайым  түрімен  танысады.  8-сыныпта 

дүниежүзілік  шаруашылықты  ӛндіруші,  ӛңдеуші  және  қызмет  кӛрсету 

салаларына  жіктеуді,  сонымен  қатар  аталған  салалардың  қызметін 

ұйымдастыру  түрлеріне  сипаттама  беруді,  түрлі  салалардың  ӛнеркәсіпті 

орналастыру  факторларына  талдау  жасауды,  дүниежүзі  шаруашылығы 


 

151 


 

салаларын жоспар бойынша сипаттауды үйренеді.  

«Елтану  және  саяси  география  негіздері»  бӛлімінде  7-сынып  білім 

алушылары  дүниежүзі  елдерінің  географиялық  және  экономикалық-

географиялық  жағдайына  баға  беру  ерекшеліктерін  зерделейді.  8-сыныпта 

дүниежүзінің  саяси  картасын,  оның  негізгі  нысандары  мен  олардың 

ерекшеліктерін,  картадағы  сандық  және  сапалық  ӛзгерістерді,  дүниежүзі 

елдерінің саяси ынтымақтастығының қажеттілігі мен ерекшеліктерін оқиды.  

Пәннің  үлгілік  оқу  бағдарламасында  шиыршықты  оқу  мақсаттары 

қарастырылған.  Бағдарламаның  бірінші  және  екінші  бӛлімдеріндегі  мақсаттар 

әр  бӛлімде  қайталанып  отырады.  Оларды  оқу  және  дамыту  екі  рет,  яғни: 

бірінші рет – бірінші тоқсанда дербес тақырыптар мен сабақтар ретінде, екінші 

рет  –  келесі  бӛлімдердің  барлық  тақырыптарын  оқу  барысында  шиыршықты 

мақсаттар ретінде жүзеге асырылуы арқылыжүзеге асыруды қамтамасыз етеді. 

Тапсырмалардың 

белгілі 


бір 

бӛлігі 


оқу 

бағдарламасындағы 

«Географиялық  зерттеу  әдістері»  мен  «Картография  және  географиялық 

деректер  базасы»  бӛлімдерінің  шиыршықты  мақсаттарын  жүзеге  асыруды 

қарастырады,  сонымен  қатар  барлық  бӛлімдердің  оқылатын  тақырыбының 

мақсаттарын  толықтырады.  Бұл  мақсаттар  бойынша  әр  сабақтың  тәжірибеге 

бағытталуын  қамтамасыз  ететін  зерттеушілік  және  картографиялық 

дағдыларды  қалыптастыруға  арналған  тапсырмаларды  әзірлеуді  қарастыру 

қажет. 

8-сыныпта 



материктердің  ерекшеліктері  зерделенеді.  Оқытудың 

стандарттық,  ақпараттық  тәсіліне  қарағанда,  жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік 

оқу  бағдарламасы  оқытудың  белсенді  мақсаттары  арқылы  планетаның 

материктерін әрекетті зерделеуді талап етеді. Бұл білім алушылардың әр түрлі 

ақпарат кӛздерін және салыстыру, талдау, бағалау және жинақтау тәрізді ойлау 

операцияларын қолдана отырып, әрбір материктің ерекшелігін анықтайды. 

«Туған  жер»  бағдарламасын  жүзеге  асыру  мақсатында  үлгілік  оқу 

жоспарында  қазақстандық  және  ӛлкетанулық  материалдарды  қамту 

қарастырылған. 

9-сыныпта 

Қазақстан 

географиясы 

оқытылады, 

бағдарламада 

Географиялық  зерттеу  әдістері.  Зерттеу  және  зерттеушілер.  Қазақстандық 

географтардың  зерттеулері,  Картография  және  географиялық  деректер  базасы,  

Физикалық  география.  Литосфера.  Қазақстан  аумағының  геологиялық  тарихы 

және тектоникалық құрылымы. Қазақстанның басты орографиялық нысандары. 

Қазақ  оронимдері,  Әлеуметтік  география.  Халық  географиясы.  Қазақстан 

халқының  ұлттық  және  діни  құрамы,  Экономикалық  география.  Табиғи 

ресурстар.  Қазақстанның  табиғи-ресурстық  әлеуеті,  Елтану  және  саяси 

география  негіздері.  Дүниежүзі  елдері.  Елдердің  экономикалық  даму  деңгейі 

бойынша  топтастырылуы.  Халықаралық  ұйымдардың  деңгейлері  мен 

мақсаттары.  Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік,  экономикалық,  саяси-

географиялық 

жағдайы. 

Қазақстандағы 

саяси-әкімшілік 

хоронимдер 

оқытылады. 

Мұғалімнің 

білім 


алушылардың 

танымдық 

қызығушылық 

ерекшеліктеріне  сәйкес  келетін  неғұрлым  қызықты  және  шығармашылық 



152 

тапсырмаларды таңдау мүмкіндігі бар. 

Білім  алушыларды  әртүрлі  географиялық  ақпарат  кӛздерімен,  олардың 

ішінен  қажетті  ақпаратты  табу,  оны  талдау  және  түсіндіру,  бағалау  және 

қойылған  мақсатқа  жету  үшін  қолдану  тәрізді  жұмыс  түрлерін  істеуге  үйрету 

маңызды болып табылады. 

Негізгі  оқу  материалы  сабақта  меңгерілуі  тиіс  екеніне  кӛңіл  аударамыз. 

Оқылмаған  материалды,  сонымен  қатар  географиялық  номенклатура 

нысандарын  үйде  оқуға  тапсыру  мүмкін  емес.  Үй  тапсырмасының  басты 

қызметі – сабақта меңгерілген білім мен біліктерді бекіту болып табылады. 

    Назар аударыңыздар! 

7-сыныпқа  арналған  «География»  оқу  пәнінің  «Физикалық  география»

бӛліміне ӛлкетану бойынша екі тақырып енгізілді: «Туған ӛлкенің флорасы мен 

фаунасы»  және  «Менің  ӛлкемнің  визит  карточкасы:ӛлкетанулық  деректер 

қорын дайындау». Аталған тақырыптарды оқыту кезінде ӛзінің туған ӛлкесіне 

тән  ӛсімдіктер  мен  жануарларды  зерттеу  бойынша  ұжымдық  жұмыстарды, 

оларды 

қорғау 


жӛнінде 

іс-шараларды 

ұйымдастыру, 

ақпараттық-

коммуникациялық технологиялардың кӛмегімен ӛлкенің деректер қорын жасау 

ұсынылады. 



«География» пәні бойынша жиынтық бағалау саны 

Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  бӛлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу қарастырылған. 

Тӛменде  53-кестеде  оқу  пәнінен  бӛлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны кӛрсетілген. 

53-кесте«География» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып 

Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны 



1-тоқсан

2-тоқсан


3-тоқсан

4-тоқсан


7-сынып



8-сынып





9-сынып







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет