«Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған.
Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ)
рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
Сынып
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
1-
тоқсан
2-
тоқсан
3-
тоқсан
4-
тоқсан
7-
сынып
1
1
1
1
8-
сынып
1
1
1
1
9-
сынып
1
1
1
1
«Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған.
144
Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ)
рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
Сынып
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
1-
тоқсан
2-
тоқсан
3-
тоқсан
4-
тоқсан
5-
сынып
2
1
2
1
6-
сынып
1
2
2
1
7-
сынып
2
1
2
1
8-
сынып
2
1
1
1
9-
сынып
1
1
1
1
2019-2020
оқу жылында жаратылыстану-математикалық циклінің
(математика, биология, химия, география) мұғалімдерімен бірге кіріктірілген
тақырыптық онкүндіктер өткізу ұсынылады. Онкүндіктер үш кезеңде:
бастауыш, одан кейін орта және жоғары сынып білім алушыларымен
өткізіледі. Аталған іс-шара пәннің аясында білім алушылар мен мұғалімдерді
жаңа жаңалықтарға ынталандырып қана қоймайды; мұғалімдердің өзара
тәжірибе алмасуы, қолданылатын әдістердің жетілдірілуі мен кіріктірілуіне
ықпал ететін болады. Оқып жатқан тілде сол елдің мәдениеті мен тарихын
терең зерделеу мақсатында маңызды күндері мен мерейтойларына назар
аудару ұсынылады, ол өз кезегінде, білім беру ұйымы базасында өткізілетін
тақырыптық іс-шараларда тікелей көрініс табуы тиіс.
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ
«
Жаратылыстану» білім саласында келесі пәндер оқытылады:
«
Жаратылыстану» – 5, 6-сыныптар, «Физика» – 7-9-сыныптар, «Биология» – 7-
9-
сыныптар, «Химия» – 7-9-сыныптар, «География» – 7-9-сыныптар.
Жаратылыстану ғылымын оқыту білім алушылардың бойында табиғи
құбылыстар мен заңдылықтар туралы түсініктерді қалыптастырып, табиғатты
танудың ғылыми әдістерін ашып көрсетеді. Ол табиғаттың бір бөлігі ретінде
адамға, табиғат әлемін ұғыну ғана емес, осы өзгергермелі әлемдегі өз орнын
сезінуге бағытталған және жеке тұлғалық құндылық қасиеттер жүйесін
тәрбиелеуге, жеке тұлғаның дүниетанымдық, мәдени, тәжірибеге бағдарланған
қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
«Жаратылыстану» пәнін география, биология, физика және химияның
кіріктірілген курсы ретінде география пәнінің мұғалімі сияқты биология
пәнінің мұғалімі де, немесе физика немесе химия пәні мұғалімі жүргізе алады.
Негізгі орта білім деңгейінде «Жаратылыстану» білім саласы бойынша
келесі пәндер оқытылады:
5, 6-
сыныптарда – «Жаратылыстану»;
7, 8,9 -
сыныптарда - «География», «Биология», «Химия», «Физика».
Негізгі орта білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес 7-сыныптан
145
бастап бір мезгілде «Физика», «Химия», «Биология», «География» пәндері
оқытылады, мектептегі жаратылыстану ғылымдарын оқытудың үздіксіздігін
және әлемнің біртұтас ғылыми көрінісін қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Бұл 5-сыныпта оқыған «Жаратылыстану» пәнінен кейінгі үзілістің
болуын жояды, өйткені қолданыстағы оқу бағдарламалары бойынша «Физика»
пәні 7-сыныптан, ал «Химия» пәні 8-сыныптан бастап оқытылатын.
«Физика», «Химия», «Биология», «География» пәндерінің синхронды
оқытыла басталуы әр пәннің мазмұны басқа пәнде жалғасын табуға ықпал
етеді, оған сәйкес осы төрт пән бойынша кейбір тақырыптар бір академиялық
кезеңде зерделенеді.
«Жаратылыстану» оқу пәні
«Жаратылыстану»
оқу
пәні
бастауыш
мектепте
оқытылған
«Жаратылыстану» пәні бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылады.
5-
6 сыныптың білім алушыларына жаратылыстану бағытында білім беру,
олардың жаратылыстану ғылымына деген қызығушылығының артуына, осы
жастағылардың мүмкіндігіне қарай зерттеулер жүргізудің қарапайым
дағдыларын, әлем туралы ой-өрістерін кеңейтуге, ғылымды ұғыну мен
қоршаған әлемді тұтастай қабылдауларының дамуына, қоршаған әлемді бағалай
және қорғай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.
5-6-
сыныптарда «Жаратылыстану» курсын оқудың мақсаты білім
алушылардың бойында жаратылыстану ғылымы білімін, табиғат пен қоғамның
өзара байланысы, табиғаттағы заңдылықтардың біртұтастығы туралы түсінігін
қалыптастыру және күнделікті өмірде кездесетін табиғат құбылыстарының
зардабы мен процесін сипаттау, болжау үшін қолдану біліктігін дамыту болып
табылады. Пәннің мазмұнын меңгерудегі жүйелік-әрекеттік тәсіл зерттеу
дағдыларын (іздеуді, іріктеуді, жүйелеуді, ақпаратты талдауды және бағалауды,
зерттеу нәтижелерін ұсынуды қалыптастыру)дамытуға мүмкіндік береді.
Оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімнен тұрады: «Ғылым әлемі», «Ғалам. Жер.
Адам», «Заттар және материалдар», «Тірі және өлі табиғаттағы процестер»,
«Энергия және қозғалыс»,«Экология және тұрақты даму», «Әлемді өзгертетін
жаңалықтар». Бағдарлама білім алушыларға қоршаған әлемнің көптүрлілігін,
табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, тірі және өлі табиғатта
болатын табиғи құбылыстар мен процестердің себептері мен салдарын,
табиғаттағы нысандар мен процестердің көптүрлілігін жүйелеу принциптерін,
адамның көптеген іс-әрекеті үшін ғылыми-жаратылыстану білімінің
маңыздылығын түсінуге мүмкіндік беретіндейетіп құрылған.
Сабақ уақытында білім алушылардың байқау, ғылыми зерттеуді
жоспарлау, деректерді алу және ұсыну, нәтижелерді түсіндіру тәрізді
зерттеушілік,
ойлау,
сөйлеу
және
коммуникативтік
дағдыларын
қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет. Мысалы, түрлі тақырыптарды
зерделеу арқылы, білім алушы зерттеу жоспарын құрастыруды, бақылауды,
эксперименттер жүргізуді, нәтижелерді ауызша және жазбаша сипаттауды және
бағалауды, қорытынды және тұжырымдама жасауды үйренеді. Ол білім
алушының үйде, мектепте, табиғатта бақыланған нысандар мен құбылыстарды
түсінуі үшін, алынған білім мен дағдыларды күнделікті өмірде қолдану
146
біліктерін дамытады.
«Жаратылыстану» сабақтарында жергілікті компонент деректерін
тартуғаерекше назар аудару қажет.
Мысалы, ғылыми жобаларды әзірлеу үшін білім алушыларға күнделікті
өмірде практикалық маңызы бар төмендегідей оқыту мақсаттарына назар
аудару ұсынылады:
5.6.3.1 -
Қазақстан Республикасының экологиялық проблемаларын атау;
5.6.3.2 -
өз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу;
5.6.3.3 -
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының маңыздылығын
анықтау;
5.7.1.1 -
әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтарға мысалдар келтіру;
5.7.2.1 –
ғылымдағы болашақ зерттеулер үшін зерттеу идеяларын ұсыну;
6.3.3.3 -
Қазақстандағы пайдалы қазбалардың орындарын және қолдану
салаларын анықтау;
6.3.3.4 -
Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өндеудің ірі орталықтарын
атау және көрсету;
6.3.3.5 -
пайдалы қазбалардың өндірілуі мен өңделінуінің қоршаған
ортаға әсерін түсіндіру;
6.4.2.4 -
толыққанды тамақтану рационын құру;
6.4.2.5 -
азық-түлік өнімдеріндегі органикалық заттардың болуын
тестілеу;
6.5.1.4 -
электр энергиясының құнын есептеу;
6.5.1.5 -
энергияны алудың баламалы көздерін ұсыну;
6.6.3.1 -
өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін
талдау;
6.6.3.2 -
экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсыну
6.7.1.1 -
әлемді өзгерткен жаңалықтардың маңызын талқылау;
6.7.1.2
-
жаратылыстану ғылымдарын дамытуда қазақстандық
ғалымдардың үлесін талқылау;
6.7.1.3 -
ғылыми зерттеулер бағыттарының болашақтағы дамуына
болжам жасау.
«Жаратылыстану» пәнінің мұғалімдері білім алушының бойында білуге
құмарлықты, ой-өрісін, қоршаған әлемді ғылым тұрғысынан түсінуді, табиғи
және техногендік байлықты бағалау және қорғауды қалыптастыру қажет.
Ол білім алушының қоршаған әлемнің түрлі нысандары мен
құбылыстары туралы білім қорының жинақталуына, түрлі практикалық және
зерттеушілік іс-әрекеттер арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен
байланысы түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді.
«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-
сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
6-
сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің тамыз отырысында
қарастыруға төмендегідей тақырыптар ұсынылады:
1.
Білім мазмұнын жаңарту аясында (7-9-сыныптарда) жаратылыстану
пәндері оқу бағдарламасының ерекшеліктері.
147
2. STEM –
білім беру – проблемасы және келешегі.
3. Жаратылыстану-ғылыми білім беру және clil - технологиялар.
Жаратылыстану мұғалімдерінің оқу жылы ішінде әдістемелік
құрылымдарының (әдістемелік бірлестіктер, жас маман мектебі,
педагогикалық шеберлікті жетілдіру мектебі, шығармашылық топтар
және т.б.) отырыстарына ұсынылатын тақырыптар:
1.
Жаратылыстануциклыпәндерін
оқыту
жәнеSTEM-білімінің
артықшылығы
2.
Қазақстанда өндірілетін жаңартылатын энергия көздері.
3. Жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерін ағылшын тілінде кіріктіріп
оқыту әдістемесі: ерекшеліктері, артықшылықтары, әдістері, жүзеге асыру
тәсілдері.
«Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған.
Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ)
рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
Сынып
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-
тоқсан
2-
тоқсан
3-
тоқсан
4-
тоқсан
5-
сынып
2
1
2
2
6-
сынып
2
1
2
2
«Физика» оқу пәні
«Физика» пәнін оқыту мақсаты – білім алушылардың ғылыми
дүиетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесін тұтастай
қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат
құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.
«Физика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
7-
сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
8-
сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды;
9-
сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
7-9-
сыныптарда «Физика» оқу пәнінің мазмұны 8 бөлімді қамтиды:
Физикалық шамалар мен өлшеулер; Механика; Жылу физикасы; Электр және
магнетизм; Геометриялық оптика; Кванттық физика элементтері; Астрономия
негіздері; Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі.
7-
сыныпта «Физика» оқу пәнінде табиғат құбылыстарын қарастырады,
физиканың негізгі заңдарымен танысады және осы заңдарды техникада,
күнделікті өмірде қолдану деңгейінде оқытылады. Физика мен оның заңдары
барлық жаратылыстану саласының өзегі екендігіне басты назар аударылады.
7-
сыныптың кіріспе бөлімінде «атом», «материя» және «физикалық
термин», «гипотеза» және «эксперимент», «өлшем» және «өлшеу қателігі»
«Халықаралық бірліктер жүйесі(SI)», «скаляр және векторлық шамалар»
физиканы зерттеу үшін негіз болып табылады.
148
«Физика» пәнін оқыту бойынша тақырыптың оқу күрделілігі және
тереңдігі деңгейіне назар аудару қажет:
- «7.1.1.7-
күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету. Білім
алушыларға күрделі емес есептер ұсыну және әртүрлі денелердің
қозғалысының нақты мысалында меңгеру үшін «вектор» бастапқы ұғымын
енгізу ұсынылады;
-
7.2.2.8 күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету;
- 7.2.2.9
денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған
күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау.
Осы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін практикалық бөлігіне
графикалық деректермен жұмыс істеудің әртүрлі нұсқалары берілген тапсырма
карталарды енгізу ұсынылады.
7-
сыныпта физиканы сапалы меңгеру 6-сыныпта математикадан, 7-
сыныпта алгебра және геометриядан алған білімдеріне негізделетініне назар
аудару қажет.
Физика және химия пәндерінде: атом, молекула, физикалық және
химиялық құбылыстар, масса, дененің агрегаттық күйі тәрізді көптеген ортақ
ұғымдар зерттеледі. Осы шамаларды және оларды қолдану мен түсіндіруде
бірдей анықтаманы қолдану қажет.
Физика мен биологияның өзара байланысы ретінде жалпы және ішінара
пайымдау, табиғаттың біртұтастығын түсіну қабілеті және физика заңдарының
әсері туралы білім алушылардың биологиядан алған білімдерін кеңейтуіне
көмектеседі. Ол биологияның әдістерін физикамен байланыстырып
пайдаланануды қарастыруға ықпал етеді.
Физика пәні сабақтарының басты ерекшеліктерінің бірі – физикалық
шамаларды тәжірибе жүзінде анықтау, қолдағы құралдармен тәжірибе өткізу,
көрсеткіштерді оқи білу және нәтижені талдау.
Физика пәнінің негізі физикалық шамаларды тәжірибе жүзінде анықтау,
қолдағы құралдармен тәжірибе өткізу, көрсеткіштерді оқи білу және нәтижені
талдау. Сондықтан білім алушылар тәжірибелерді жасап қана қоймай,
мәліметтерді жинақтау, талдау, градиентті тәуелділігі мен табуға қатысты
кестені құрастыру, тәжірибені өткізуге әсер ететін факторларды анықтау және
оның нәтижесін көре білуі керек. Сондағана білім алушы зерттеу жолын жеке
меңгереді және қандай да болмасын физика заңдылығына қатысты қорытынды
жасай алады. «Орындалуға міндетті практикалық және зертханалық жұмыстар
тізімі» білім алушыларға пән бойынша жаңа білім алып, зерттеу дағдыларын
дамытуға мүмкіндік беретіндей етіп іріктелген.
7-
сыныпқа «Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу», «Жазық фигураның
массалар орталығын анықтау» атты екі зертханалық жұмыс қосылды. Барлығы
10 зертханалық жұмыс және 22 практикалық жұмыс қамтылған.
8-
сыныпта үш бөлім яғни «Жылу физикасы», «Электр және магнетизм»,
«Геометриялық оптика» оқытылады.
9-
сыныпта «Кинематика негіздері», «Астрономия негіздері», «Динамика
негіздері», «Сақталу заңдары», «Тербелістер және толқындар», «Атом
құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық өзара әрекеттесу»,
149
«Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі» бөлімдері оқытылады.
9-
сыныпта 4 10 зертханалық жұмыс және 6 практикалық жұмыс
қамтылған.
Қолданбалы материалды теориялық зерделеу кезiнде оның мазмұны,
негiзiнен, адамзат қоғамындағы жаратылыстану ғылымдарының рөлiн
көрсетуге, білім алушылардың ғылым жетiстiктерiн әртүрлi көзқарас
тұрғысынан бағалай алуға, ғылыми-техникалық прогреске байланысты
туындайтын
экологиялық
проблемаларды
түсiнуге
бағытталатыны
қарастырылады.
Физикалық заңдарды тұжырымдау мен оларды түсіндіруде
математикалық аппаратты қолдануына назар аударылады. Математиканың
физикамен байланысының айқын мысалының бірі – физикалық шамалар
арасындағы функциялық тәуелділікті және функциялар графигін пайдалану.
Физика мұғалімі білім алушылардың есептеу шеберліктері мен дағдыларын
ойдағыдай қалыптастыру мақсатында алдынала математика мұғалімдерімен
бірігіп, ортақ әдістерді қолдануға болады.
«Физика» мен «Химия» ғылым ретінде бір-бірін өзара толықтырып
отырады. Өйткені, бұл екі ғылым табиғаттағы құбылыстар мен процестерді өз
тұрғыларынан қарастырады. Физика мен химия үшін өте маңызды ортақ
ұғымдардың қатарына зат, масса, салмақ, энергия ұғымдары, сондай-ақ
энергияның, электр зарядының, электр өрісінің сақталу және айналу заңы,
молекулалық-кинетикалық және электрондық теория жатады.
Физика мен химияның пәнаралық аса маңызды теориялық байланыстары
екеуінде бірдей: атом құрылысы теориясын оқып үйренуде айқын көрініс
алады.
Сабақта жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар,
ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін
ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан білім алушының
белсенділігін арттыру ұсынылады. Технология, медицина, ауыл шаруашылығы,
өнеркәсіп пен энергетиканың әртүрлі саласындағы жетістіктер ғылыми идея
мен ғылыми прогресс дамуының жарқын мысалдары болып табылады.
Мысалы оған төмендегідей мақсаттар берілген:
-
техникада және тұрмыста жылу беру түрлерінің қолданылуына
мысалдар келтіру;
-
әртүрлі температураларда тірі ағзалардың бейімделуіне мысалдар
келтіру;
-
жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау;
-
жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына әсерін
бағалау;
-
Қазақстанда және дүниежүзінде электр энергиясын өндірудің
мысалдарын келтіру.
Білім алушылардың базалық білімдерін практикада бекіту зертханалық
және практикалық жұмыстарды орындау кезінде жүзеге асырылады.
8-
сыныптыңзертханалық жұмысында №3«Ауаның ылғалдылығын
анықтау»зертханалық жұмысы алынып тасталып, оның орнына № 6
150
«Өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосуды зерделеу» зертханалық
жұмысы екіге бөлініп, №5 «Өткiзгiштердi тiзбектей қосуды зерделеу»
зертханалық жұмысы және №6 «Өткiзгiштердi параллель қосуды
зерделеу»зертханалықжұмысы берілген. Барлығы 10 зертханалықжұмыс және
30 практикалық жұмыс қамтылған.
Физика пәнінің мұғалімдерінеғылыми тілді қалыптастыру мақсатында
білім алушылардың сөздік қорын байыту, үш тілдегі физикалық терминдермен
таныстыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу;физикалық процестерге
диаграммалар, сызбалар, жалпылама және талдау кестелерін жасай білу
дағдыларын, баяндау, сипаттау, салыстыру, графикті талдау, қорытынды жасау
және
жалпылама
қорыту
(жазбаша
және
ауызша)
дағдыларын
қалыптастыру;есептердің шешімін сауатты ресімдеуге назар аудару;жүргізілген
практикалық және зертханалық жұмыстар бойынша кеңейтілген жазбаша
есептерді немесе ауызша баяндамаларды дайындай білуді дамыту; білім
алушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, олардың пікірлерінің
қисындылығы және дәлелдермен түйінделу дәрежесін арттыру ұсынылады. Ол
үшін сабақты жоспарлау кезінде белгілі бір біліктілік, дағдыларды
қалыптастырытын қолайлы тақырыптарды таңдау қажет.
Зертханалық және практикалық жұмыстың қажетті көлемін орындау үшін
ақпараттық және компьютерлік технологияларды (виртуалды жұмыс)
пайдалану ұсынылады.
Зертханалық және практикалық жұмыстарды әзірлеу кезінде
эксперименттік деректер мен қортындыны жасауға басты назар аудару қажет.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мұғалімдерге көмек
ретінде білім мазмұнын жаңарту аясында «Физика» (7-9-сыныптар)оқу пәнін
оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдамалар әзірледі. Әдістемелік
ұсынымдамаларды Академияның сайтынан (www.nao.kz) алуға болады.
«Физика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған.
Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ)
рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
Сынып
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-
тоқсан
2-
тоқсан
3-
тоқсан
4-
тоқсан
7-
сынып
3
2
2
3
8-
сынып
2
2
2
1
9-
сынып
2
1
2
3
Достарыңызбен бөлісу: |