Тақырыбы: Бастауыш сыныптағы математика пәні бойынша ACTIV
STUDIO ортасында әдістемелік құралдарды дайындау үлгілері
1-сынып оқушылары негізгі арифметикалық амалдармен (+, - , *, / ) танысқан соң, сабақты пысықтау мақсатында пайдалануға болатын төмендегідей сабақ үлгілерін ұсынып отырмыз.
1-сабақ үлгісі.
Бұл мысалда өрнектерді теңестіру үшін сәйкес таңбаны анықтау керек. Мұндай флипчарт (1-сурет) дайындау үшін ACTIV STUDIO қосымшасындағыРесурстар Кітапханасын пайдаланамыз. Яғни, алдымен Кітапханадағы Жалпы фондар бөлімінен қажет фон түрін таңдаймыз. Содан соң, Жалпы коллекциялар бөлімінен Орта білім (Среднее образование), оның ішінен Математика бөлімін таңдап, қажет құралдарды (сандар, арифметикалық таңбалар жазылған карточкаларды) пайдалануға болады. Ал тапсырманы, есеп шартын жазу үшін Мәтін (Текст) құралын қолданған тиімді.
1-сурет
Достарыңызбен бөлісу: |