Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


§62. Ауру тудыратын бактериялармен күресу тәс³лдер³ ................. 233



Pdf көрінісі
бет10/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК


§62. Ауру тудыратын бактериялармен күресу тәс³лдер³ ................. 233
§63. Вирустар – олардың құрылысындағы ерекшел³ктер³ .............. 236
Зертханалық жұмыстар ............................................................. 240
Терминдердің қазақша-орысша сөздігі ......................................... 244
Глоссарий ................................................................................. 248
Пайдаланылған әдебиеттер ......................................................... 250


6
Кіріспе 
Құрметті оқушылар! Сендер ең қызықты пәндердің бірі – биологияны оқып 
үйренуге кірісесіңдер. Биология – тірі табиғат туралы ғылым.  Миллиардтаған 
басқа ғаламшарлардың арасынан біздің ғаламшарымызды ерекше ететін де осы 
тірі табиғат. Ғарышта, басқа ғаламшарларда тіршілік болуы мүмкін, бірақ ол 
әзірге дәлелденген жоқ. 
Біздің  ғаламшарымызда  тіршілік  ететін  тірі  ағзалар  өте  алуан  түрлі. 
Бұлар – өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар және микроағзалар. Едәуір 
айырмашылықтарына қарамастан барлық тіршілік иелеріне ортақ қасиеттер 
де бар. Олар қоршаған ортадан қажет заттар (су, минералды тұздар, қорек) 
мен энергияны алып, тіршілік ете алады. Қажет заттарды тұтынып, ағзалар 
өседі  –  өз  денелерін  түзеді.  Олар  қозғалуға  және  тіршілігіне  қажет  басқа 
үдерістерге  энергия  жұмсайды.  Бүкіл  тіршілік  иелері  көбеюге  қабілетті. 
Осылай  миллиардтаған  жылдар  бойы  тіршіліктің  үздіксіздігі  қамтамасыз 
етіледі. Ұрпақтары өз арғы тегіне ұқсайды, тіршіліктің осы ортақ қасиетін 
тұқымқуалаушылық дейді. 
Биология  курсында  сендер  жеке  тірі  ағзаларды  және  бүкіл  тіршілікке 
тән жалпы үдерістерді оқып білесіңдер. Барлық тіршілік бағынатын жалпы 
заңдылықтарды біртіндеп түсіне бастайсыңдар.
Биология  ежелгі  ғылымдардың  бірі  болғанымен,  қазір  көптеген  жаңа 
жеке пәндерден тұрады. Ол әлі дамып жатыр, жаңалықтар ашылып, жаңадан 
ғылыми теориялар мен зерттеулердің заманауи бағыттары пайда болуда. Био-
логия – медицина, табиғат қорғау және ауыл шаруашылығымен тығыз бай-
ланысты болғандықтан, адамзат одан ашаршылық және аурулар, өмір сүруді 
ұзарту,  табиғатты  сақтау  және  т.б.  мәселелерін  шешуге  мүмкіндік  беретін 
жаңалықтар  күтуде.  Бұл  курсты  оқып  үйренуде  зейінді  болыңдар.  Мүмкін 
сендер келешекте биология ғылымында үлкен жаңалық ашатын жастардың 
бірі болуларың әбден ықтимал. 


7


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет