§21. Тамырдың ішкі құрылысы Тамырдың құрылысы – көлденең кесіндісі (қимасы). Біз өткен
сабақта бойлай кескен кезде жақсы байқалатын тамыр аймақтарын
қарастырдық. Енді тамырдың ішкі құрылысын көлденең кесіндісінен
қарастырамыз.
Көлденең кесіндісі сору және өткізу аймағынан өтетіндей етіп,
тамырдағы элементтердің орналасуын қарастырайық. Егер тамыр
оймақшасының көлденең кесіндісін қарасақ, бірыңғай жасушаларды
– орталығындағы тірі және шетіндегі өлі жасушаларды көруге бола-
ды. Егер көлденең қимасы бөліну аймағынан өтсе, онда біркелкі ұсақ
бөлініп жатқан жасушалар көрінеді.
Эпиблема – тамырдың бірінші реттік қабығы жасушаларының
жоғары бір қабаты. Эпиблема жасушаларының қабырғасы өте жұқа,
өйткені, өзінің жасуша қабырғаларында қатты заттарды жинап
үлгермеген. Эпиблема жасушаларынан сору аймағында тамыр түктері
түзіледі (61-сурет).
Эпиблема сору аймағында ғана болады. Себебі осы аймақта жоғары,
сабаққа жақын жерде
екінші реттік қабық түзіледі. Екінші реттік
қабық жасушаларының қабырғасы қалың. Көбінесе өлі жасушалар-
дан тоз қабатын түзеді. Тамыр өскен сайын эпиблема қабаты үнемі
топыраққа тереңдей түседі.