145
Жүйкен³ң реттелу³, диффузиялы жүйке жүйес³, жүйке түй³ндер³,
сатылы жүйке жүйес³, жұтқыншақүст³ түй³н³, ми, жүйке т³збег³,
түт³кшетәр³зд³ жүйке жүйес³.
Білу және түсіну:
1. Жүйке жүйесінің типтерін атап, оларға сипаттама беріңдер.
2. Жүйкелік реттеуді сипаттаңдар. Ол неге жануарларда пайда болды, ал
өсімдіктер мен саңырауқұлақтарда жоқ?
Қолдану:
1. Берілген жүйке жүйелерін (диффузиялық, сатылы, түтіктәрізді) күрде-
ленуі бойынша орналастырыңдар. Неге осындай ретпен орналастыр-
ғандарыңды түсіндіріңдер.
2. Жүйке жүйесінің ұсынылған сипаттамалары (жүйке түтікшесі, жұтқын-
шақүсті жүйке түйіні, жұтқыншақасты жүйке түйіні, ми, жұлын, құрсақ
жүйке тізбегі, жүйке жүйесі жоқ, торлы жүйке жүйесі) бар жануарларды
салыстырыңдар.
Талдау:
1. Қалай ойлайсыңдар, неліктен омыртқалы жануарларға жататын балыққа
қарағанда сегізаяқ интеллектуалдық тұрғыда едәуір дамыған?
2. Жүйке жүйесінің типтерін, жануарлар санатын, тіршілік ортасын және
тіршілік етуін көрсетіп, кесте немесе сызба құрастырыңдар.
Синтез:
1. Жануарлардың жүйке жүйесін олардың күрделенуі бойынша орналас-
тырыңдар. Осылай орналастыру реті эволюциялық ретті көрсетеді ме?
Дәлелдеңдер. Айырмашылықтарын тауып, салыстырыңдар.
2. Ағза үшін жүйке жүйесінің маңызын сипаттаңдар. Көпжасушалы қозғал-
ғыш жануарлар жүйке жүйесі болмаса тіршілік етер ме еді?
Достарыңызбен бөлісу: