Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина



Pdf көрінісі
бет159/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК

Білу және түсіну:
1.  Неліктен нейрондарды жүйке ұлпасының қызмет бірлігі деп атайтынын 
түсіндіріңдер. 
2.    «Жүйке  ұлпасы»,  «нейрон»,  «нейроглия»,  «аксон»  және  «дендрит» 
деген терминдерге анықтама беріңдер.  
Қолдану:
1.  Суретте көрсетілген (а) нейрон бөлігін атаңдар. Нейронның суретін (ә) 
салған кезде қандай қате кеткен?  
 
 
         а)   
 
 
     ә)


148
2.  Жүйке жүйесіне әсер ететін факторларды жүйелеңдер. Дамып жатқан 
жас  ағзаға  есте  сақтау  қабілетін  жаттықтырмау  қалай  әсер  етеді? 
Жағымды және жағымсыз факторларды сипаттаңдар. 
Талдау:
1.  Жүйке ұлпасы қызметінің ерекшеліктерін мысалдар келтіріп дәлелдеп,  
талқылаңдар.  Аксон  және  дендрит  құрылысы  мен  қызметінің  қандай 
айырмашылықтары бар?  
2.  Нейрондар мен нейроглия құрылысын, орналасуын, мөлшерін, қызметі 
мен өзара байланысын сипаттаңдар. 
Синтез:
1.  Тітіркендіргіш және қозғыштық сияқты қасиеттердің эволюцияда пайда 
болу ретін сызбамен бейнелеңдер. Бұл кезде олар тән ағзаларды, олардың 
қызметін қамтамасыз ететін құрылымды, нәтижесін – жауап реакциясы 
типтерін көрсетіңдер. 
2.  Қосымша  ақпарат  көздерін  пайдаланып,  адам  миының  дамуына  әсер 
еткен  әртүрлі  факторлардың  рөлін  көрсететін  сызба  құрастырыңдар. 
Эволюциялық факторлар мен жеке факторларды да ескеру керек.  
Бағалау:
 
Жүйке  ұлпасында  негізгі  екі:  қозғыштық  және  өткізгіш  қызмет 
атқаратыны белгілі. Адам жүйкесі арқылы өтетін қозу жылдамдығы – 
100–120 м/с, бақада – 26 м/с, балықта  – 4–5 м/с.  Мұндай айырмашылық 
неге байланысты? Адам және жануарлардағы қозудың өту жылдамдығына 
пікірталас ұйымдастырыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет