Білу және түсіну:: 1. «Табиғатты қорғау» деген түсінікті немен байланыстыратыныңды жаз.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ түрлерін атаңдар. Олардың арасындағы
айырмашылықтарды көрсетіңдер.
Қолдану:: 1. Қазақстандағы қорықтар, табиғат ескерткіштері, ботаникалық бақ,
табиғат резервацияларының тізімін жасап, шолу жасаңдар.
2. Қорықтар, қорықшалар, ұлттық саябақтар мен табиғат ескерткіштері
арасындағы айырмашылықтарды түсіндіріңдер.
Талдау:: 1. Сендер тұратын жерде табиғат нысандары мен ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар бар ма? Бар болса, оларды атаңдар және сипаттама беріңдер.
Сендер тұратын жерде мемлекеттік қорғауды қажет ететін нысандар бар
ма? Себебін түсіндіріңдер.
2. Дендрологиялық бақ, ботаникалық бақ пен хайуанаттар бағының
ұқсас тығы мен айырмашылығына Венн диаграммасы бойынша Талдау:
жасаңдар.
Синтез: 1. Қазақстанның физикалық картасын (немесе қорықтар картасын) пай-
даланып, облыстар бойынша Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарының орналасуын қараңдар.
2. Себебін жазыңдар.
Бағалау: 1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың Қазақстан Республикасы
халқының өміріндегі және олардың болашақ ұрпақ үшін маңызына баға
беріңдер.