Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


лар жəне жинақтау бойынша жоспарларының сəйкес келмеуімен  түсіндіреді. Үй шаруашылықтарының жинақтау себептері



Pdf көрінісі
бет57/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

84
лар жəне жинақтау бойынша жоспарларының сəйкес келмеуімен 
түсіндіреді.
Үй шаруашылықтарының жинақтау себептері:
1) қымбат тұратын заттарды сатып алу;
2) кəрілікті қамтамасыз ету;
3) күтпеген жағдайлардан (ауру-сырқаттан, кездейсоқ жағдай-
лардан жəне басқа да оқыс оқиғалардан) өздерін сақтандыру;
4) балаларын болашақта қамтамасыз ету.
Фирмалардың инвестициялау себептері:
1) таза пайда мөлшерін максималдау;
2) нақты пайыздық қойылым, яғни инвестициялау үшін са-
лынатын ақшалай капиталдың төлемі инвестиция жоспарларын 
құру кезінде есепке алынады.
Классикалық теорияға
сəйкес, инвестициялар мен жинақ-
тардың қарқынын анықтайтын негізгі фактор болып 
пайыздық 
қойылым
табылады: егер бұл көрсеткіш өссе, онда үй шар-
уашылықтары салыстырмалы түрде көбірек жинақтай бастайды 
жəне тұтынуға жұмсайтын табысының əрбір қосымша бірлігін 
төмендете береді. Үй шаруашылықтарының жинақтауды арт-
тыруы уақыт өте келе несие бағасының төмендетеді, ал бұл өз 
кезегінде инвестициялардың өсуіне жол береді, яғни фирмалар 
төменгі пайызбен инвестицияларды көбірек жүзеге асыра бас-
тайды.
Кейнстік теорияға
сəйкес, тұтыну мен жинақтаудың қарқы-
нын анықтайтын негізгі фактор ретінде пайыздық қойылым емес, 
4.1-сурет. 
Өндірістің нақты көлемінің əлеуетті деңгейімен сəйкес келмеуі


85
үй шаруашылықтарының қолда бар табыстары қарастырылады. 
Бұл жерде барлық тұтынушылық шығындарды жүзеге асырып 
болғаннан кейін қалған табыстың бөлігі жинақталады. Пайыздық 
қойылым екінші орынға ығысады, оның рөлі тұтыну мен жинаққа 
қолда бар табыстың əсер етуімен салыстырғанда аса маңызды 
емес. Дегенмен, сол уақытта инвестицияның қарқыны ең ал-
дымен, пайыздың деңгейімен анықталады, соған байланысты 
тұтыну, жинақтау жəне инвестиция функцияларында көрініс та-
бады.
Макроэкономикалық талдауда тұтынушының мінез-құлқы 
мен тəртібі экономикалық субъектінің өз табысын бөлудегі ше-
шіміне байланысты орын алады: табысының қай бөлігін бүгін 
жұмсауы қажет, ал қанша сомасын болашаққа сақтап қоюы керек.
Макроэкономикада тұтынуға байланысты əртүрлі теориялар 
қалыптасқан. Соның негізгілерінің бірі ретінде Кейнстің тұтыну 
теориясына біз кеңірек тоқталамыз. Бұл тұжырымдама бойын-
ша тұтынудың көлемі мен құрылымын қолда бар табыс көрсет- 
кіші анықтайтындығын айттық. Мұнда қолда бар табыс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет