Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Жануарларға жүргізілетін эксперимент



бет31/304
Дата22.04.2022
өлшемі9,78 Mb.
#140282
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   304
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz

4. Жануарларға жүргізілетін эксперимент. Химиялық заттардың табалдырықтық әсерін анықтау жөніндегі эксперименттер зертханалық жануарларға – тышқандарға, егеу құйрықтарға, теңіз шошқасына, қояндарға, мысықтарға, иттерге ( ен алдымен - тышқандарға, егеу құйрықтарға ) қойылады. Эксперименттер жедел, жеделдеу, созылмалы болуы мүмкін. Заттың биологиялық белсенділігі туралы ең толық ақпаратты созылмалы эксперимент береді.
Жедел эксперимент DL50 (CL50), жеделдеу және созылмалы эксперимент үшін дозалар анықтау, уланудың клиникалық белгілерін зерттеу, заттың ағзада жиналатын қабілетін, химиялық тазалығын анықтау, ШРЕК-ті есептеу жолымен анықтау мақсатында жүргізіледі.
Жеделдеу эксперимент ең сезiмтал тесттердi анықтау және созылмалы эксперимент үшін дозалар таңдап алу, есептеу жолымен ШРЕК бекіту, заттың ағзада жиналатын қабілетін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Созылмалы эксперимент, заттың табылдырықтық концентрациясын анықтау үшін жүргізіледі.
Заттың биологиялық белсендігі жөнiндегi ең толық информацияны созылмалы эксперимент бередi.
Жануарларға жүргiзiлетiн эксперименттер химиялық заттың адамға тигiзетiн уытты әсерiн болжауға мүмкiндiк бередi. Алайда, мұндай болжаудың дәлдiгi бiрқатар шарттарға байланыстьг:

  1. Жануарлар зерттелетiн заттың не фактордың әсерiне сезімтал болуы қажет.

  2. Жануарларға затты енгiзетiн жолы, табиғи жағдайда осы заттың адам ағзасына түсетiн жолына сәйкес (адекватты) болуы қажет. Мысалы, атмосфералық ауаны ластайтын зат нормаланатын болса, эксперимент жүргiзiлетiн жануарлардың ағзасына зат ингаляциялық жолмен енгiзілуі тиіс. Егер азықтарды ластайтын заттар зерттелетiн болса, асқорыту жолдары арқылы енгізу керек т.т.

  3. Нақты қорытынды шығару үшiн жануралардьң саны жеткiлiктi болуы қажет.

  4. Заттың физикалық күйi мен химиялық түрi адамға әсер ететiн түрi мен күйiне сәйкес болуы қажет.

Осы айтылгандарға қарамастан жануарлардың алынған мәлiметтердi адамға қолдану (экстраполяция) елеулi мөлшерде салыстырмалы. Бұл әртүрлi тiрi жандылардың сезiмталдығының, зат алмасуының, заттардың ағзадан шығу жолдарының әртүрлiлiгiмен байланысты.
Оны қолданудағы елеулi кедергiлердiң бiрi адам мен эксперименттiк жануарлардың өмiр сүру узақтығының бiрдей еместiгi, тiптi созылмалы эксперимент қойғанның өзiнде де. Мысалы, егеу құйрықтың орташа өмiр сүру уақыты (2,5 жыл) адамның 15-17 жасындағы өмiрiне сәйкес келедi. Осы айтылғандардың бәрiн эксперименттен алынған мәлiметтердi интерпретациялаған (ой тұжырымын жасалған кезде) кезде ескеру қажет.
Кейбiр жағдайларда нормалау жөнiндегi эксперимент өз еркiмен келiскен адамдарға жүргiзiледi. Мұндай тәжирибилер келесi талаптарға сай болуы қажет: .

  1. Адам өз еркiмен келiспесе, эксперимент жүргiзуге болмайды.

  2. Эксперимент тек алдымен жануарларға жүргізілген зерттеулерден және басқа зерттеулерден кейiн ғана адамға жүргiзiлуi мүмкiн.

  3. Эксперимент адам денсаулығы үшiн мүлде қауіпсiз болуы қажет.

  4. Экспериментке тек денi сау адамдар ғана қатыса алады.

Көбiнде волонтер-адамдарға гигиеналық эксперименттi атмосфераны ластайтын заттардың иiс табалдырығын анықтау үшiн немесе кейбiр физикалық факторларды нормалау кезiнде жүргiзедi. Бiрақ мұндай эксперименттiң өзi де фактордың әсерi жөнiндегi ақпаратты адамға тигiзетiн әсерiн тiкелей байқау кезiнде алатын жағдайда ғана койылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   304




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет