Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


§ 14. Қыпшақ хандығы (ХІ-ХІІІ ғасырдың басы)



бет33/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

§ 14. Қыпшақ хандығы (ХІ-ХІІІ ғасырдың басы)


Деректер. VІІІ-ІХ ғасырлардағы авторлардың еңбектерінде Шығыста қыпшақтар, Русьте половецтер, ал Еуропада командар аталған тайпа атауы айтылған. Шығыс тарихшылары мен орыс жылнамашылары қыпшақ-половецтердің саны көп, күшті тайпа екендігін және бүкіл Ұлы Даланың солардың атымен аталғанын жазады. «Қыпшақ» этнонимі алғаш рет VIII ғасырдағы көне түркі руна ескерткішінде кездеседі.
Қыпшақ мемлекетінің құрылуы. VIII ғасырдан XI ғасырдың басына дейінгі қыпшақтар қимақтар тарихымен тығыз байланысты болды. Қыпшақтар Қимақ мемлекетінің батыс қанатын құраған.
XI ғасырдың басында Қимақ қағанаты құлағаннан кейін олардың жері қыпшақ хандарының қолына өтті.
ХІ ғасырдың ортасында қыпшақтар оғыздарды Сырдария аймағынан және Каспий даласынан ығыстырды. Осы кезде қыпшақтар Еділден өтті, бірқатар тайпаларды бағындырып, Дунайға дейін жетті. Батысқа жылжуы барысында олар Шығыс Еуропа, атап айтқанда, Русь, Византия, Венгрия халықтарымен байланыс орнатты.



XI ғасырда қыпшақтар Жетісумен қатар бүкіл Қазақстан жеріне үстемдік етті. Еуразияның Алтайдан Дунайға дейінгі аумағындағы үлкен тайпалық одақ саналды. Дәл осы кезден бастап жоғарыда аталған аралықтағы барлық түркі тайпалары «қыпшақ» атала бастады.
XI ғасырдағы Оғыз мемлекетімен соғыстар; салжұқ, Хорезм шахымен және Қарахан әулетімен күрес; сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету - Қыпшақ мемлекеті құрылуының басты себептері болып табылады.



ХІ ғасырдың басында қыпшақтар Алтайдан Дунайға дейінгі бүкіл далалық аумаққа үстемдік етті. Бұл аумақ Дешті Қыпшақ даласы деп аталды. Дешті Қыпшақ даласы екі ірі бірлестікке бөлінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет