20
Тағы да бір тармақталған алгоритмді қарастырып көрелік.
Цилиндрлік бұйымдарды диаметрі бойынша сұрыптау қажет делік,
және оны екі дүкенге бөлу керек (жәшіктерге, қораптарға). Бұйым
конвейрден олардың диаметрін өлшегіш құрылғыға түседі және өлшеу
нәтижелеріне қарай басқа құрылғы бұйымдарды сол не басқа дүкенге
орналастырады.
Сұрыптау алгоритмі былай болуы мүмкін:
1.
Бұйымды өлшегіш құрылғыға орналастыру.
2.
Бұйым диаметрін өлшеу.
3.
Егер диаметр мөлшерден артық болса, онда бұйымды №1
дүкенге жібереді.
4.
Әйтпесе бұйымды № 2 дүкенге жібереді.
5.
Тарамақталудың соңы.
Бұл алгоритмді орындаушы адам болуы да, машина болуы да
мүмкін ( мысалы, робот). Егер мұндай алгоритмді орындау машинаға
жүктелсе, онда оның нұсқауды түсінетіндігіне ғана емес, таңдау жасай
білетіндігіне де сенімді болу керек, яғни, машинаның
Егер
шартының
орындалғандығын анықтауға қабілетті техникалық құралы болуы
керек. Біздің жағдайда машина тек қана бұйымның диаметрін өлшеп
қоймай, сонымен бірге оны міндеттелген диаметрмен салыстыруы
керек және салыстыру нәтижесі бойынша бұйымды қай дүкенге
орналастыру туралы шешім шығаруы тиіс.
Адамның қатысуынсыз жұмыс жасайтын автоматты жүйеде әртүрлі
мәселелер туындаған жағдайда әрекет нұсқаларын таңдауға
машинаның өзіне шешім шығаруға тура келеді, сондықтан мұндай
жүйелерде тармақталған алгоритмдер жиі пайдаланылады. Бір немесе
бірнеше әрекет нұсқаларының ішінен біреуін ғана таңдау қажет болған
кез келген жағдайды әрдайым алгоритмнің бір немесе бірнеше
тармақтарына түйстіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: