1. Сау адамның абсолют температурасы қандай болады?
2. Мұздың еру температурасын абсолют шкалада анықтаңдар.
3. Дененің температурасы 15
о
С-ден 75
о
С-ге өссе, оның құрамындағы
бөлшектердің орташа кинетикалық энергиясы қаншаға артады? Неге?
4. Жабық ыдыстағы газдың температурасы 100
о
С-ден –100
о
С-ге дейін
төмендеді. Газдың қысымы қалай және неше есеге өзгерді?
5. Қатты сутектің балқу температурасы –259
о
С, ал қайнау температурасы
–253
о
С. Үш орынды санға дейінгі дәлдікпен осы температуралардың аб-
солют мәндерін табыңдар.
1. Медициналық және зертханалық термометрлерді сақтықпен салыс-
тырыңдар. Олардың жұмыс істеу принципін түсіндіріңдер; шкала-
ларының төменгі және жоғарғы шектерін анықтаңдар; бөліктерінің
құнын табыңдар.
2. Медициналық термометрмен денелеріңнің температурасын өлшеңдер.
Әуелі термометрді саусақтарыңның арасына 2–3 минут қысып, содан
кейін осынша уақыт қолтықтарыңның астына қысып ұстаңдар.
Жаттығу 1.1 Практикалық тапсырма ? Сұрақтар Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217