Параноидты (паранояльды)психопатия
235
Сексуалдык әуестігі аса айкын болған. 14 жасынан бастап кезең-кезеңмен
анонизммен айналыскан. 15 жасынан бастап жыныстык катынаска түскен.
16 жасында өзіне ескерту жасаған карт кісіні соккыға жығып, 3 жылға бас
бостандығынан айрылған.
М ерзімін өтеп ш ы ккан соң, автобазада шофер болып жұмыс істеген.
Жұмысында әкімш ілік мүшелерімен кактығысып, баска жұмыска ауысуға
мәжбүр болған. Соңғы бесжылдыкта 4 жұмыс орнын ауыстырған. Қазіргі уакытта
гаражда слесарь болып жұмыс істейді.
1975 ж. үйленген, жарына сүйіп косылған, 3 жасар кызы бар. Соңғы кездері
маскүнемдікке салынып, тітіркенгіштік, ашушаңдык күшейген. Жанұясында ұрыс-
керіс жиілеген. Әйелі мен анасының өтінішімен наукас клиникаға келіп түскен.
Соматикалык жағдайы: орта бойлы, дене бітімі — атлетикалык, аздап дене
салмағы басым. Ішкі мүшелерінде патология жок.
Неврологиялык статусында бас миының органикалык бұзылысының белгілері
байкалмайды. Вегетативті лабильділік, вазомоторлык реакциялардың жеңіл
көрінуі, алакан, табан гипергидрозы, кызыл дермографизм байкалады. Бас сүйегі
рентгенограммасында және көз түбін зерттегенде патологиялык өзгеріс жок.
Психикалык жағдайы: наукастың уакыт, орын, өзіндік тұлғасы бойынша
бағдары дұрыс. Сөйлескенде кұныксыз жауап береді, өзін сак ұстайды. Жау-
аптары біртекті. Кезеңмен жандана түседі, өзінің тітіркенгіштігі, ашушаңдығы,
ұстамсыздығы жөнінде белсенді әңгімелейді, өзін элекгрлеп койғандай, бір сөз
айтылса болды, төбелеске ұмтыламын дейді. Өзінің әйелі мен анасы жөнінде
тітіркене еске алады, олар өзін түсінбейді, әдейі менің ашуымды шакырады
деп есептейді. Өзінің маскүнемдігін «аз ғана бой сергіткім» келеді деп түсіндіреді.
Жұмысындағы нашар катынасты оның өткен шағындағы асоциалды жүріс-
тұрысына байланысты калыптасып калған катынас деп карайды. Өзін өз ісіне
жауап бере алатын адам деп санайды, бірак біршама ұстамсыздык және шама-
дан тыс ашуға берілу өміріме кедергі келтіреді дейді.
Асоциалды кылыктарына байланысты сұрактар койылғанда, кызарып козып,
дөрекі түрде жауап беруден бас тартады. Бөлімшеде алкоголизммен зардап
шегетін наукастармен араласады. Кейде аурухана тәртібін сактамай, медицина
кызметкерлерімен шатасып калады. Бакылау бөлмесіне жіберілген кезде агрес
сия көрсетіп, санитарға кол жұмсаған. Клиникаға келгеннен бері продуктивті
психопатологиялык симптомдар байкалмаған. Интеллектуалды бұзылыстар
байкалмайды. Өз жағдайына сыни көзкарас төмен. Кезекті кактығыстан кейін
өзінің табанды сұранысы бойынша ауруханадан шығарылған.
Достарыңызбен бөлісу: