Этиологиясы және патогенезі
291
созылмалы регредиентті ағымды болады. Энцефалит кезіндегі психикалык
бұзылыстар неврологиялык бұзылыстармен бірге жүреді. Әдетте, табанды және
күшті бас ауырулары, аяк-колдардың орталыктык және перифериялык салда-
ры мен парездері, гиперкинетикалык бұзылыстар,
сөйлеудің ж әне бас-ми
жүйкесі кызметінің бұзылысы, эпилептиформды ұстамалар байкалады. Дене
кызуы жиі өте жоғары көрсеткіштерге дейін көтеріледі (39-40 °C). Вазовегетативті
бұзылыстар байкалады (артериалдык кысымның тербелістері, гипергидроз).
И н ф екц и ял ы к психоздар созылмалы ағыммен жүргенде, олардың
клиникасындағы психикалык бұзылыстардың әркилылығы органикалык син
дром типтес тұлғалык өзгерістерге алып келеді.
ЖИТС (журе пайда болған иммунды тапшылъщ синдромы) кезіндегі психикалыц
бузылыстар.
Ж И Т С -тің кли н и калы к көрінісінде осы дерттің баска да
көріністерімен катар диагностика, емдеу және жүргізу тактикасы үшін маңызды
болып табылатын психикалык бұзылыстардың ерекше орны бар.
Ж ИТС-пен ауыратын наукастардың преморбидтік тұлғалык ерекшеліктері
жиі психопатиялык айры кш алы кпен сипатталады, олардың ішінде жиі
истериялык тұлға ерекшеліктері байкалады (мәнерлілікпен,
мимикасы мен
жестерінің театралдылығымен). Әр түрлі сексуальды бұрмаланыстар байкалады.
Ж ИТС-ті жұктыру факті жөніндегі акпаратты әдетте наукастар сәйкес баға-
ламайды, айкын реакгивті психопатологиялык күйлер бакыланбаған.
ЖИТС-пен наукастанудың алғашкы кезеңдерінде инфекцияның соматикалык
көріністерінің пайда болуымен катар, зейін жинактау, есте сактаудың киындауы
және эмоционалды тұраксыздык сиякты бұзылыстар көрінетін неврастения
тәрізді синдром жиі байкалады.
Ал, ауру дамуының соңғы сатыларында амнестикалык бұзылыстар айкынырак
бола бастайды. Бұл фиксациялык амнезияны еске түсіреді, өткен өмірінің
окиғаларына катысты ес сакталған,
өзіне сыни көзкарас төмендеген, өз мүм-
кіндіктері мен жеке басын асыра бағалау тенденциясы бар аса бағалы идеялар
пайда болады. Ойлау байымдылыкка бейімделеді. Эмоциялык ұстамсыздык
байкалады.
К линикалы к психопатологиялык көрінісі динамизммен, психикалык
жағдайының уакытша жаксаруы кезеңдерімен ерекшеленеді, бірак аурудың
дамуы мен үдеуіне байланысты психикалык бұзылыстар айкын психоорганикалык
синдром дәрежесіне дейін жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: