Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет175/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ЕМІ ЖӘНЕ САРАПТАМАСЫ
Қан тамырлық аурулар кезіндегі психикалық бұзылыстарды емдегенде, ең 
алдымен, негізгі патологиялық қан тамырлық үрдіске әсер ету қажет. Қан та- 
мырлар спазмы мен ми гипоксиясын жойғаннан кейін бас миының қанмен 
қамтамасыз етілуін жақсартуға және қалыптастыруға бағытталған терапиялық 
әсерлер кешенін жүргізу ұсынылады.
Нейротропты спазматикалық әсерді вегетативті реттеудің әр түрлі звеносы- 
на әсер ететін заттар көрсетеді. Бұл препарат тобына холинолитикалық (атро­
пин, белладона, метамизил ж әне т.б.), антиадренолитикалық препараттар 
(пироксан, анаприлин және т.б.), ганглиоблокаторлар (пентамин, диколин, 
изоприн және т.б.) жатады. Спазмолитикалық әсері бар препараттарға — транк- 
вилизаторлар (седуксен, грандаксин, элениум және т.б.), ұйықтататын пре­
параттар (эуноктин ж әне т.б.), нейролептиктер (френолон, галоперидол 
және т.б.) жатады.
М илы қ ж әне коронарлы артериялардың қанм ен қамтамасыз етілуін 
жақсартатын препараттарға танымал спазмолитикалық және коронарлы қан


Емі және сараптамасы
309
тамырларды кеңейтетін препараттар (но-шпа, компламин, дибазол, курантил, 
стугерон ж әне т.б.) жатады. Гиполипемиялык препараттарды (мисклерон, 
никотин кышкылы және т.б.) колданған дұрыс. Дәрумендер кешенін (Е, РР, 
А, В, В6, В12, В 15) ж әне олардың комбинацияларын (ундевит, пангексавит 
және т.б.) кеңінен колдану кажет. Гармоналдык препараттар және анаболикалык 
стероидтар колданылады (нерабол, ретаболил). Гипоксияға карсы күреске 
бағытта поли және реополиглюкин, кокарбоксилаза, АТФ және т.б. препарат- 
тар колданады.
Қанмен камтамасыз етілуді және оксигенацияны жаксартатын препарат- 
тарды колданудың да мәні бар (гипербариялык оксигенация).
Сандырак кезінде доминирлеуші психопатологиялык синдромдарға байла­
нысты нейролептиктер, депрессия кезінде — транквилизаторлармен (седуксен, 
реланиум және т.б.) бірге антидепрессанттар колданылады.
Дәрілік терапия жүргізгенде, әсіресе, нейролептиктермен, наукастың жал­
пы жағдайын, кан тамырлык жүйесінің күйін ескеру кажет, аталған препа- 
раттардың дозасын ұкыпты таңдап, аз мөлшерден бастап, өзге психоздарды 
емдеу кезіндегідей орташа терапиялык дозаға дейін жеткізбеген абзал.
Психотерапиялык емдеу әдісі (әсіресе, рационалды психотерапия) және 
еңбек терапиясы ерекше зейінді кажет етеді.
Қан тамырлык аурулардың бастапкы сатысының психикалык бұзылыстары 
ғана бакыланғанда, наукастар еңбекке кабілетін жоғалтпайды, өз мамандығы 
бойынша жеңілдеу жағдайда жұмысын жалғастыра алады, мұндай жағдайда 
оларға 3-топ мүгедектіктігі тағайындалады.
Айкын акыл кемдігі және кан тамырлык психоздар орын алғанда, еңбекке 
кабілеттілік толык және тұракты жоғалады.
Сот-психиатриялык сараптама өткізгенде, наукастардың кабілеттілігін 
бағалау келесідей: наукастар психоз ж әне деменция жағдайында кабілетсіз, 
психотикалык емес ж әне айкы н деменция белгілері болмаған жағдайда 
кабілеттілік күйі индивидуалды жағдайда шешіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет