ХХХ Тарау ѲЗІНДІК БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН БАҚЫЛАУ 1. 30 жастағы ер адам, қандай да бір халықаралық ұйым «оны әр түрлі әрекеттер
жасауға мәжбүрлейтінін, өз ойларын оның басына салатынын, үнемі аңдып,
оны басқаратынын» сеніммен айтады.
Төменде аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
а) галлюцинаторлы;
б) сандырақтық;
в) параноялы;
г)
психикалық автоматизм ;
д) парафренді.
2. Криминалды жүріс-тұрыспен ерекшеленген 20 жасар бозбалада, транк-
вилизаторларға, кокаинге және героинге компульсивті әуестік бақыланады.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы дәлірек?
а) наркомания;
б) психопатия тәрізді синдром;
в) физикалық тәуелділік;
г) токсикомания;
д)
полинаркомания .
3. 19 жасар бозбалаға бүкіл денесі үлкейіп бара жатқандай, басы шар
тәрізді дөңгеленіп, үрленіп, дәл қазір жарылатындай болады. Осы сезім-
дерін көзбен көріп тексергенде, өз денесінде ешқандай да өзгерістің
жоқтығына көзі жетеді. Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы
мүмкін?
а) метаморфопсия;
б)
деперсонализация ;
в) аутопсихикалық галлюцинация;
г) егіздер сандырағы;
д) дереализация.
4. 18 жасар бозбала өз бетінің «ұсқынсыздығына» шағымданады. Мұрнының,
құлақтарының «ақауын» түзету мақсатында косметикалық операция жа-
сауды талап етеді. Көндіруге келмейді. Көмек көрсетілмесе, өзіне қол
жұмсаймын деп қорқытады.
Төменде аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
а) нигилисттік сандырақ;
б) дене схемасының бұзылысы;
в) депрессивті сандырақ;
г)
дисморфомания ;
д) ипохондриялық сандырақ.
Өзіндік білім деңгейін бақылау
383 5. Қандай ауру кезінде толеранттылыктың аса жоғарылауы бакыланады?
а) алкоголизмде;
б)