Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


СОМАТИКАЛЫҚ АУРУЛАР, ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫ ЛЫ СТАР



Pdf көрінісі
бет31/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

СОМАТИКАЛЫҚ АУРУЛАР, ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫ ЛЫ СТАР, 
ПАЙДА БОЛУ ҚАУПІ ЖОҒАРЫ КОНТИНГЕНТ РЕТІНДЕ
М и нейрондары ны ң жоғарғы реактивтілік қасиеті О Ж Ж -нің басты 
қызметімен түсіндіріледі, оның реттеушілік қасиеті организмдегі гомеостазды 
тұрақты ұстап, қалпына келтіруге бағытталады. Зерттеу мәліметтері бойынша, 
оттегі жетіспеушілігіне, қаң қалы қ бұлшықетпен салыстырғанда, жүрек 
бұлшықеті 5 есе сезімтал болып келеді, ал мидың сезімталдығы 15 есе жоғары. 
Жүректің ишемиялық ауруы, миокард инфаркты кезінде психикалық бұзылыстар 
тұрақты көрініс беретіні осыдан түсінікті; жиі аффективті бұзылыстар, ұйқының 
бұзылысы және т.б. бұзылыстар жағдай өршігендегі соматикалық көріністерден 
де ерте көрініс береді (жүрек аймағында ауру сезімі, ауа жетіспеу сезімі және т.б.). 
Бұл жағдайда психопатологиялық симптоматика соматикалық (инфекциялық) 
аурулардың нәтижесі және оның белгісі болып табылады. Осы және аурудың 
тағы басқа белгілері дертке тән заңдылықтарды көрсетеді: яғни, өткірлігі, 
сатылығы, ағымы мен аяқталу үрдістерінің үлкен диагностикалы қ ж әне 
болжамдық маңызы бар. Негізгі ауруды белсенді түрде емдеу (соматикалық, 
инфекциялық) психикалық бұзылыстарға қатысты негізгі профилактикалық 
шара болып табылады.


Соматикалық аурулар, психикалық бүзылыстар, пайда болу қаупі жоғары контингент ретінде
67
Соматикалық стационарда сандырақпен, галлюцинациялармен, психомо- 
торлы қозумен ауыратын тіпті бір ғана науқастың пайда болуы тез арада бүкіл 
бөлімше өмірін өзгертеді. Психоз қоршаған ортаға ауыр әсер етеді: түнгі уақытта 
күшеюі, соматикалық аурулардың психикалық қозуы, соматикалық күйзеліске 
шалдыққан аурулардың демалуына кедергі жасайды. Психоздық жағдайлардың 
дамуы науқастармен жұмыс жүргізуді қиындатады, диагностикалық және емдеу 
шараларын жүргізу мүмкін болмайды, соматикалық жағдайдың одан әрі на- 
шарлауына ықпал етеді, өмірге қауіп төндіреді. Психикалық бұзылыспен бірге 
жүретін сыни көзқарастың жетіспеушілігі жүріс-тұрысының дұрыс болмауына 
және ожар қылықтарға әкеліп соғады, ал соматогенді депрессиялық жағдайлар 
суицидалды үрдістерімен қауіпті. Күрделі, ауыр соматикалық ауру жағдайында 
психикалық бұзылыстар пайда болуына кедергі жасау және психопатологиялық 
синдромның алғашқы белгілерін уақытылы танып, аурудың асқынуын тоқтату 
үшін дәрігерге арнайы білім керек. Динамикада барлық психопатологиялық 
симптоматиканы дұрыс ескеру соматикалы қ ауруларды болжауға бағалы 
мәліметтер береді.
П сихопатологиялық симптоматика этиологиясы ретінде соматикалы қ 
аурулардың рөлін тек соматогенді әсерлермен байланыстыруға болмайды. 
Соматикалық аурулардың маңызды көзі — психогения болып табылады. 
Теріс эмоция, қорқыныш , аурудың өз өмірі үшін үрейі, жағымсыз тексеру- 
ге реакциясы , емдеу процедуралары ны ң ауырлығы, ауруды ауруханаға 
жатқызу — осылардың барлығы психогенияның дамуына жағдай жасайды. 
С ом атикалы қ зардап шегу науқасты әлсіретіп, реактивті жағдайлардың, 
н евр о зд ы қ р еакц и ял ар д ы ң пайда болуын ж еңілдетеді. А стен и зац и я, 
психиканың әлсіздігі, психожарақаттық ситуациялар соматикалық аурулардың 
барысына қарай күшейеді. Реактивті жағдайлар аурудың жедел кезеңінде 
ғана емес, жедел кезең басы лғанда ж ән е науқасты ң дертін ің сипаты , 
асқынулары мен салдары жөнінде түсінігі жоғарылаған алыс кезеңдерде де 
бақыланады. С ом атикалы қ науқас күйзелісінің басты тақы ры бы ол — 
зақымдалған мүшенің жағдайы, дерт, оның нәтижесі ж әне оған байланысты 
әлеуметтік жағдай.
Соматикалық аурулар кезінде невротизация, тұлғаның ипохондриялық 
дамуы, депрессивті және үрейлі жағдайлардың дамуына дәрігердің өзі ықпал 
етуі мүмкін, оның науқаспен теріс қарым-қатынасы және айтқан сөздері не­
месе науқастың дәрігер әрекеттерін дұрыс түсінбеуі аталған бұзылыстарға 
әкелуі мүмкін. Дәрігер қателігінің әсерінен болатын дертті жағдай — ятрогения 
деп аталады, бұл жағдай науқас үшін соматикалық патология жағдайынан да 
ауыр соғуы мүмкін. Ятрогенияның алдын алу үшін жалпы дәрігерлік мәдениетті 
күшейту керек, медицина мекемелерінде деонтология принціпін сақтау керек, 
медициналық қызметкерлерді психотерапиялық әсер ету әдістерімен таны- 
стыру керек. Соматикалық катастрофа кезіндегі психикалық өзгерістердің 
сипатын, динамикасы мен айқындылығын анықтайтын басты факторлар ішінде 
негізгі рөлді науқастың тұлғалық ерекш елігі, сонымен бірге, дәрігердің 
психологиялық әсері және басқа факторлар: отбасы, қызметке оралу мерзімі 
және т.б. алады.


68
V Тарау. Психопрофилактика
Қазіргі уақытта соматикалық катастрофаны басынан өткерген, ауыр опера- 
циядан өткен ауруларға ғылыми негізделген жүйе сатылы психогигиеналық, 
психопрофилактикалық психотерапиялық шаралар қолданылады. Бұл әдістің 
міндеттері ауру нәтижесінде өзгеріске ұшыраған өмірлік жағдайларға тұлғалық 
көзқарастар жүйесін қайта құру процесін жеделдету болып табылады. Бұл 
міндеттерді шешу үшін мынадай әдістер қолданылады:
а) бөлімшенің жалпы психотерапиялық жағдайының әсері;
б) емдік іс-шаралар кешеніне рационалды психотерапия ж әне аутогенді 
жаттығуларды қосу;
в) психотропты препараттарды қолдану;
г) емдік дене шынықтырудың психотерапиялық әсерін қолдану;
д) қатал төсек мерзімін және стационарда болу ұзақтығын қысқарту;
е) ятрогенияның алдын алу, ауруханалық режимнің және күнделікті өмір 
белсенділігінің тиімсіз шектелуімен күрес;
ж) аурудың туыстарымен психотерапиялық және ақыл-кеңес жұмыстарын 
жүргізу;
е) ауруды бұрынғы еңбек жағдайына оралуға ынталандыру және әлеуметтік 
белсенділікке ынталандыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет