I-Тармақ
ПСИХИАТРИЯНЫҢ ЖАЛПЫ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
I Тарау
ПСИХИАТРИЯ ОҚУ ПӘНІ РЕТІНДЕ,
Психиатрия — к л и н и к а
бѳлігі, оның міндеттері:
психикалық аурулардың пайд
„
^
,:ѳріністерін зерттеу, емдеу
мен алдын алу болып табылады. Психиатрия міндеттеріне сот-психиатриялық,
әскери сараптама, психикалық бұзылыстары мен науқастардың еңбекке
қабілеттілігін анықтау және т.б. жѳнінде сараптамалар жүргізу кіреді.
Психиатрия курсын жүргізгенде, талапкерлерге теориялық білім мен ауру-
ды тану үшін тәжірибелік дағдыларды ж әне психикалық бұзылыстары бар
ауруларға алғашқы дәрігерлік кѳмек кѳрсетуді оқыту керек.
Болашақ дәрігер өзінің мамандығына байланысты психикалық сау және
ауру адамды ажырата білуі керек. Егер ол психикалық ауру болса, оған қажетті
кѳмек кѳрсетуді ұйымдастыруды білуі керек. Психиатриялық кѳмек түрі
жөніндегі мәселе аурудың психикалық жағдайымен байланысты шешілуі керек.
Тәжірибелік емдеу мәселелерін шешуде, әсіресе, гигиена саласындағы
дәрігер міндетіне алдын алу жұмыстарын жүргізу кіреді. Профилактика —
кеңестік медицинаның айрықша ерекшеліктерінің бірі болып табылады және
адамдардың денсаулығы үшін күресте маңызды рөл атқарады. Тиімді профи
лактика тек психикалық аурулардың ғана емес, сонымен бірге, соматикалық
патологияның әр түрлі формаларының туындауына бөгет болады, өйткені,
олардың туындауында эмоциялық стресс үлкен орын алады. Жалпы медициналық
профилактика мен психопрофилактика психиатрияға үлкен үлес қосады. Соған
сәйкес мәселелерді талдай отырып, бұл ережелер адам денсаулығының
психикалық және физикалық нығаюы жөнінде нұсқау береді, әр түрлі аурулардың
Достарыңызбен бөлісу: