Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби


Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері



бет169/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   190
Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
Толық лексикалық мағынасы жоқ, тек сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, белгілі бір сөздердің жетегінде қолданылып, түрлі грамматикалық мағына үстейтін көмекші сөздер шылаулар деп аталады. Мысалы, Мың ақын жырласа тіл жетпейтін, бұл қыздар жаралған тек сүю үшін (Ж.Баязитов). Профессор Александров, тәсілінде, қазақ операларына би қоюға шақыртылған-ды, бірақ Жүргеновтың арнайы табыстауымен маған хореографияның жүйе-жүйесін, техникасын үйретіп, би білімімді ұштауды қолға алды (Ш.Жиенқулова). Қасыңа бара алмадым, Сездіңбе жан арманым, Еріксіз, қалқам, саған ән арнадым (Т.Рахымов). Берілген сөйлемдердегі үшін, бірақ, бе - шылау сөздер. Бұл сөздер өздері тіркескен сөзге, салаласа, сабақтаса байланысатын сөйлемдерге әр түрлі мағыналық реңқ жамайды.
Шылаулардың өздеріне тән мынадай белгілері бар:

  • Біріншіден, шылаулар абстрактылы грамматикалық мағына білдіреді, олардың толық лексикалық мағынасы болмайды.

  • Екіншіден, шылаулар грамматикалық қызмет атқарады. Олар тең дәрежедегі сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра және сабақтастыра байланыстырады.

  • Үшіншіден, шылаулар сөйлемде жеке сөйлем мүшесі бола алмайды.

  • Төртіншіден, шылаулар өзіне жалғау, жұрнақ жалғамайды, түрленбейді.

Шылаулардың білдіретін грамматикалық мағынасы мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай үш топқа бөлінеді. Олар: жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер.
Жалғаулықтар
Өзара тең дәрежедегі сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстыратын кемекші сөздердің бір тобын жалғаулықтар дейміз. Мысалы, Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім (М.Әуезов). Әрі роль ойнайсыз, әрі белгілі балериналардан үйренесіз, - деді (Ш.Жиенқұлова). Берілген мысалдардағы пен, мен жалғаулықтары тең дәрежедегі сөз бен сөзді ыңғайластық мәнде байланыстырып тұрса, әрі жалғаулығы сөйлем мен сөйлемді ыңғайластық мәнде байланыстырып тұр. Жалғаулықгар салалас құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерді, сөйлемнің бірыңғай мүшелерін әр түрлі мағыналық қатынаста жалғастыру үшін қолданылады.
Мағынасына қарай жалғаулықтар алты топқа бөлінеді:

  • Ыңғайластық жалғаулықтар: мен (бен, пен), және, да, де, та, те, әрі.

  • Талғаулықты жалғаулықтар: әлде, біресе, не, немесе, болмаса, я, яки, кейде, мейлі.

  • Қарсылықты жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, сонда да, әйткенмен.

  • Себептік жалғаулықтар: себебі, өйткені, неге десең.

  • Салдарлық жалғаулықтар: сондықтан, сол үшін, сол себепті.

  • Шарттық жалғаулықтар: егер, онда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет