Ұқсату заңы. Тiлдiң лексикасындағы сөздердiң сыртқы дыбысталуын, түрiн өзгертпестен зат не құбылыстарының белгiсiнiң ұқсастығына қарай жаңа мағына туғыза қолданыла беруi - ұқсату заңы деп аталады. Бiрақ бұл заң кез-келген ұқсастыққа қарай жаңа мағына туғыза бермейдi. М: сиыр малының негiзгi ерекшелiгi мүйiзi болушылық. Осыған қарай мүйiздi жан-жануардың бәрiн сиыр деп қарауға болмайды.
Ұқсату заңы бойынша жана мағына туатын сөздер көбiнесе айуанның, адам, дене мүшелерiнiң аттары. Ұқсату заны дегенiмiздiң өзi шартты нәрсе. Ұқсату заңына жататын кейбiр белгiлi сипаттарына қарай орынды жерде ұқсату арқылы ғана жаңа мағынаға ие болады. Омоним сөздерiнiң негiзгi көпшiлiгi осы заң бойынша жасалады. М:
көк – аспан әлемi
көк – түс, сапа, сын атауы
көк - шөптiң жас кезiндегi аты
көк – капуста, қияр, сарымсақ, сәбiз тағамды өсiмдiк
көк - революцияға дейiнгi қазақ өмiрiндегi саба, көнек, сүйретпе, мыс, торсық, т.б. ыдыстар атауы.
Осы кезде ол ыдыстар сирек кездесетiндiктен қолданудан шығып қалды. Олардың орнына күбi, шелек, эмаль ыдыстар жұмсалады. Сөйтiп, қорыта айтқанда көбiнесе омоним сөздер жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |