Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби


?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар



бет78/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   190
?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Сөзжасам дегенде не түсінесіңдер?

  2. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері кдрай қолданылып әбден орнықкан, қалыптаскан негізгі тәсілдер қайсылар?

  3. Туынды түбірдің кұрамындағы морфемалардың орны жайлы мәлімет беріңдер.

  4. Сөзжасамдық жұрнақгар нешеге бөлінеді?

  5. Сөзжасамның лексика-семантикалық, синтетикалық және аналитикалық тәсілдері жайлы сипатама беріңдер..



Сөз формалары және олардын жасалу жолдары


Туынды сөздер
Туынды сөздер деп сөзжасамдық тәсіл арқылы сөзжасамдық бірліктердің бір-бірімен қарым-қатыска түсуінен жасалған сөздер айтылады. Мысалы, толқын, білім, сұрақ, бозар, көгер, алып кел, барып қайт, бүгін, биыл, білгіш, әсемпаз т.б. Келтірілген мысалдардың бәрі туынды сөздерге жатады. Мұндағы толқын (толқы+н), білім (біл+ім), сұрақ (сұра+қ), бозар (боз+ар), көгер (көк+ер), білгіш (біл+гіш), әсемпаз (әсем+паз) деген туындылар негіз сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған. Ал алып кел, барып кайт, бүгін, биыл деген туындылар екі толық мағыналы сөздің бір мағьшаны білдіріп, бір сөзге айналуы арқылы жасалған.
Туынды сөздер - тілдің сөзжасам саласының зерттейтін негізгі нысандарының бірі, өйткені туынды сөздер-сөзжасам заңдылықтары бойынша, сөзжасам бірліктері арқылы өмірде пайда болған жаңа затгар мен жаңа кұбылыстарды атау үшін жасалып, тілдің сөздік қорына қосылған сөздер.
Туынды сөздер тілде өте көп, өйткені олар әр заманның кажетіне қарай тілге үнемі үздіксіз қосылып отырған, сондықтан туынды сөздер тілдегі ең көп сөздерге жатады.
Қазақ тіл білімінде түбір сөз, туынды сөз, туынды түбір деген терминдердің жігі ажыратылмай, кейде олар бірінің орнына бірі қолданылуы кездесе береді. Сондықтан окулықта бұл терминдердің кандай мағынада қолданылғанына түсінік беру кажет.
Түбір сөз лексикалық бірліктің грамматикалық тұлғаларға түрленбей тұрғандағы сөздіктерде берілетін түрі. Мысалы, он, жақсы, отыр, сыбызғышы, жылыжай, жолқиыс, әсемпаз, талапкер т.б. Бұлардың әрқайсысы да - тілде белгілі мағынаны білдіретін сөздер. Осылардың қалай жасалғанына, құрамдарының түрлілігіне қарамастан, бәрі де түбір сөздерге жатады.
Түбір сөз деп лексикалық мағына беретін, сөздікте белгілі орны бар, белгілі бір сөз табына жататын сөздер аталады. Түбір сөздер екі үлкен топқа бөлінеді, олар: негізгі түбір және туынды түбір. Негізгі түбір сөз бір морфемадан ғана тұрады, әрі қарай бөлшектеуге келмейді, тұтас тұрып лексикалық мағына береді. Мысалы, ол, ел, ата, ана т.б.
Туынды сөздер ең кемі екі морфемадан құралып, сөзжасам әрекетінің нәтижесінде жасалған, белгілі лексикалық мағынасы бар сөздер. Тілде сөзжасамдык тәсілдер түрлі болғандықган, олардың нәтижесінде жасалған туынды сөздер де түрліше. Мысалы, қаламгер, сөзшең, өтірікші, білімпаз деген туындылар мен жолсерік, қолкесер, көмірқышкылы, ұзын, сонар деген туындылар бір емес. Сол сияқгы АлМУ, екпін, тасымал, ҚР деген сөздерде де айырма бар, бірақ осы сөздердің бәрі туынды сөздерге жатады, өйткені олардың бәрі-сөзжасам үрдісінің нәтижесінде, түрлі сөзжасамдық бірліктер мен түрлі сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған сөздер. Сонда туынды сөздерге сөзжасам үрдісінің нәтижесінде жасалған сөздер ғана жататыны көрінді. Олай болса, туынды сөз тек сөзжасамға катысты, сөзжасамнын мәселесінің бірі. Ал негізгі түбір сөздер сөзжасам нәтижесінде жасалмаған.
Туынды сөздер - тіліміздегі ең көп сөздер, өйткені олар тілдің барлық кезеңіңде үздіксіз жасалып, тілге қосылып, сөздік қорды үнемі байытып отырған.
Туынды сөздер құрамына қарай дара және күрделі болып, екі үлкен топқа бөлінеді. Дара және күрделі туынды сөздердің осылай бөлінуі олардың синтетикалық және аналитикалык тәсілмен жасалуына байланысты. Синтетикалық тәсілмен жасалған туынды сөздер дара туынды сөздерге жатады. Мысалы, зейнеткер, тәлімгер, оралман, оқырман, айыпкер, өсімтал, оқылым, пікірлесім, сөйлем, бейнелеуіш, кәсіпкер, адалдық, намысқой т.б. Дара туынды сөздер лексикалық мағына береді, бір ғана сөзден тұрады.
Дара туынды сөздерге негізінен туынды түбір сөздер жатады. Мысалы, кәсіпкер, аялдама, оқырман, көрермен, өзгер, басқар, сәлемдес, қосақта, сөйлесім, жалақор, тілші т.б.
Дара туынды сөзге лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің дара түрі де жатады. Мысалы, буын, тасымал, құн, нарық, құқық, баға т.б. Бұл сөздердің күнделік өмірде колданылатын бейтарап мағынасы бар, солардың негізінде кейін жасалған термин мағынасы бар. Термин мағынасында бұл сөздер туынды сөздерге жатады, бірақ мұндай сөздер туынды түбірлерге карағанда, әлдеқайда аз. Дара туынды сөздердің негізін туынды түбір сөздер құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет