Ішкі секреция бездері сырқаттанған
пациенттерді тексеру әдістері
Эндокринді жүйе ағзаның ішкі ортасының қалыптылығын /гомеостазды/
сақтап, метаболизмді ретейді.
Ішкі секреция бездері. Гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы без, бүйрек үсті бездер, жыныс бездері.
Аралас секреция бездері. Ұйқы безі, жыныс бездері. Осыдан басқа бүйрек, бауыр, ішек, бас мида гормон бөлетін клеткалар бар.
Гипофиз аурулаы: гигантизм, еңгежей, акромегалия, Иценко-Кушинга
ауруымен синдромы, қантты емес диабет.
Қалқанша бездің аурулары: диффузды токсикалық жемсау, аутоиммунды тиреоидит, гипотиреоз, микседема.
Бүйрек үсті бездерінің аурулары: Аддисонов ауруы.
Ұйқы безінің аурулаы:/инсулярлы аппаратының / қант диабеті.
Пациентті сұрастыру
Шағымдары: Эндокринді жүйесі зақымданған пациенттер әр түрлі шағым айтуы мүмкін. Олар әр түрлі. Соңдықтан оларды негізгі синдромдарға бөлу болады
Невротикалық синдром: жоғары түрде психикалық қозу,үзіліспен терең емес үйқы, еске сақтау қабілеттің төмендеуі, ашуланшақтық, терлегіштік «жыбырлағыштық», жылдам қимылдар, басқа ыстық келу, /диффузды уытты жемсау/ немесе: апатия, әлсіздік, терінің құрғақтауы, тежелу/гипотиреоз/.
Кардиальды синдром: жүрек қағу, жүректе ауырсыну, бас ауру, бас айналу Иценко-Кушинга ауруымен синдромда артериальді гипертензия
Диспепсиялық синдром. Жоғарлаған немесе анорексияға дейін төмендеген тәбет, диарея, іш қатпасы /қалқанша бездің аурулары/.
Бұл шағымдардан басқа, әр түрлі көп шағымдар бар: жылдам немесе баяу өсу, түрдің өзгеруі,шөлдеу, тәбеттің жоғарлауы, полиурия қант диабетіне тән. Яғни полиурия мен шөлдеу қантты емес диабетке тән.
Анамнез. Осы аурудың алдындағы ең басты себептерді анықтау керек /стресс, жұқпалы ауру/. Диффузды токсикалық жемсаудың этиологиясында стресс, психикалық жарақаттар негізгі себептердің бірі болып саналады. Өте жиі эндокринді аурулар жыныстық жетілу кезеңінде, босанғаннан кейін және климакс кезінде дамиды. Тұқымқуалаушылық әсіресе қант диабетінде анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |