3.Анимациялық технологияның педагогикалық негіздері. Кəсіби педагогикалық аниматорлық іс-əрекет – өзіне операционалды жəне жеке аспектілерді қосатын көп қызметті құбылыс. Болашақ маманды айтылған кəсіби іс-əрекетке дайындығын қалыптастыруда, сол іс-əрекетті жəне оның жүзеге асуына талаптар мен сипатталатын өзіндік ерекшеліктері бар. «Анимация» термині принципиалды мəнде «Animation» француз тілінен аударғанда: жандылық, жандану, тірілту, бос уақытты ұйымдастырушы кəсіп деген мағынаны білдірсе, латын тілінде «anima» анимация түбірінің бірнеше жеке мағыналары бар. Латын тілінде ол мынадай мағыналарды білдіреді: өмірлік бастау, өмір, саналы бастау, рух. Осыларға байланысты келесі түсініктерді қарастыруымызға болады, яғни «anima» (жен) жəне «animus» (муж): тілек, ұмтылу, ерік «жан құштарлығы», көңіл-күй «жан қалайды», батырлық ерлік «рух- пен қабылданады», рахаттану, лəззат алу, көңіл көтеру «жан қуалағанның бəрі». Сонымен анимацияның түбірі «anima» тірілту, жандандыру, «аnimator» сөзбе-сөз аударғанда өмір беруші, мінезді тəрбиелеуші деген мағынаны білдіреді, ал француз тілінен «Animateur» терминін сөзбе- сөз аударғанда дем беруші, басқарушы, бос уақытты ұйымдастырушы, жол көрсетуші деген мағынаны білдіреді. Ұғымның қызықты жағы маманның жұмысының өзгешелігін көрсетуінде: аниматор қызықты жəне əлеуметтік пайдалы іс- əрекеттерді ұйымдастыруға жағдай жасап, адамдарды іс-əрекетке қызықтыруға жəне онымен айналыстыруға тырысу деп қарастырылады. Ал əлеуметтік педагогика жұмысындағы кейіпкерлер девиантты мінез-құлықты балалар, қиын өмірлік жағдайларға душар болған балалар, қарттар, мүгедектер жəне т.б. деп қарастырамыз. Əлеуметтік педагогтің анимациялық əлеуеті болып коррекциялық жұмыстарды жүргізе алуы, девиантты мінез- құлықты балалармен əлеуметтік педагогикалық технологиларды пайдалана алуы, əлеуметтік педагогикалық жүйелерді басқаруы, тренингтер, педагогикалық-психологиялық диагностика жүргізуі болып табылады. Əлеуметтік педагог аниматор ретінде көмек көрсету акцияларды, кештерді, іс-шараларды ұйымдастырады.
В.Г. Бочеровтың анықтамасында «анимация» ұғымы – бос уақытта шығармашылық ізденіс іс- əрекетін ұйымдастырумен байланысты кəсіби іс-əрекет деп түсіндірілген. Ал А.И. Лучанкин мен А.А.Сняцкий «аниматор» атауын: балалармен, жеткіншектермен, жастармен мəдени тəрбиелеу құралдарымен шеберлікпен қарым- қатынаста болатын, педагогикалық бос уақытты ұйымдастырудың технологиясын меңгерген маман деп түсіндіреді. Кəсіби педагогикалық аниматорлық іс- əрекеттің мəнін анықталған типтегі, өзара əрекеттесудегі шынайыəрекеттен көруге болады. А.В.Мудрик анықтағанындай өзара əрекеттесу қарым-қатынасты қажет етеді. Бос уақыттағы өзара əрекеттесу ерікті жəне таңдаулы болады. Кəсіби педагогикалық аниматор іс-əрекетіне мəніне берілген көптеген анықтамаларды талдай келе оған төмендегідей анықтаманы беруге болады. Кəсіби педагогикалық аниматорлық іс- əрекеттің мəні: бос уақыт саласында əр түрдегі жəне формадағы педагогпен тəрбиеленушінің арасындағы өзара əрекеттесуінің, көпшекті жəне көпбағдарламалы іс-əрекетінің жинақталуы. Осының көмегімен: релоксациалық-қалпына келтіруші, мəдени білім беруші жəне мəдени шығармашылық қасиеттерімен, тұлғаның бел- сенділігіне жағдай жасауға бағыттайтын аниматордың іс-əрекетінен көруімізге болады. Берілген анықтамаларды жүйелей, кəсіби педагогикалық аниматор іс-əрекеті тəрбиеленуші тұлғаның үйлесімді жəне жан-жақты дамуына бағытталады деген тоқтамға келдік. Педагогикалық іс-əрекет барысында тео- рия мен тəжірибе ұштастырылады. Оны тəрбие теориясы→технология→техника→оқытушы тұлғасы деп қарастырамыз. Анимация – əлеуметтік ортада мəдени іс- шараларды екі не одан да көп мамандардың белгілі бір уақыт ішінде ауысып өзіс-əрекеттерін жылдам əрі нəтижелі ұйымдастыруы. «Əлеуметтік мəдени анимация» термині бос уақыт саласында алғаш рет ХХ ғасырдың 50-жылдары француз əлеуметтанушысы Ж. Дюмазадьенің «қоғамның мəдени даму досугі» атты контекстік теориясында қолданылды. Ұйымдастырылған досуг саласында лидер феноменіне қатысты Ж. Дюмазадье «əлеуметтік мəдени лидер» ұғымын қолданды, ал кейінірек оны «əлеуметтік мəдени анимация» термині етіп ауыстырды. Содан соң бұл термин ғылыми-практикалық лекцияларда «бос уақытты ұйымдастырушы кəсіп» деген атпен қатаң аталып кетті. Көрсетілген кəсіптің өзгешелігі белгілі топтағы адамдарға (маманның басқару жəне ұйымдастыру мүмкіндігіне байланысты) рес- ми жəне бейресми ықпал ете білуі болып есептеледі. Ресми ықпал ете білу маманның басқару жəне ұйымдастырушы мүмкіндігіне байланысты, ал ресми емес ықпал ете білуі маманның жеке қабілеттерінде анықталады. Бос уақыт саласында тиімді кəсіби іс-əрекетті ұйымдастыру маманның беделіне де байланысты. Əлеуметтік психологияда «бедел» ұғымына: адамның қабілетін көрсетіп, еріксіз əрекетке əкелмейтін, адамға ықпал етудің ерекше түрі деп түсіндіріледі. Кəсіби педагогикалық аниматор іс-əрекетінің құрылымында, педагогикалық іс-əрекеттегі қызметтің ортақ түрлерін сол сияқты тек өзіне қатысты қасиеттерінің өзгешеліктерінен көрсетуге болады. Сөйтіп, кəсіби педагогикалық аниматорлық іс-əрекетте құрастырушы-моделдеуші шекте жобалау, талдау, болжаушылық қызметтерді бөліп көрсетуге болады. Бұл қызметтер кез келген басқару іс-əрекетінде көрінетін мақсатты пайымдау, болжаушылық, жоспар жасау, шешімді өңдеу жəне таңдау əрекеттерімен байланысты. Кəсіби педагогикалық аниматорлық іс-əрекетіндегі аталған қызметтер бос уақыттағы өзара əрекетті ұйымдастыруға бағытталады. Адам баласына берілген ең баға жетпес құндылықтардың бірі – уақыт. Бүгінгі күні дамыған өркениетті елдерге бара қалсаңыз, кез келген адамның осы уақыт мəселесіне келгенде тым сараң екенін байқайсыз. Өйткені олар уақыттан ұтылған жағдайда көп нəрседен қағылатындықтарын жақсы біледі. Адамның өмірінің басты мақсаты – ол мəдениет принциптеріне сүйене отырып, өзінің бойындағы дарынды-қасиетті дəйекті де тұғырлы етіп тəрбиелей отырып, жүзеге асыру. Өйткені мəдениеттің өзі өмірдің тиянақтылығын, дəйектілігін, мəнділігін, табандылығын, тұрақ- тылығын қамтамасыз ететін бірден-бір институт болып табылады. Бос уақытты ұйымдастыру жұмысының мазмұнын, ұстанымдарын, мақсатын кесте түрінде көрсетіңіз.
мазмұны
ұстанымдары
мақсаты
1. Бос уақытты ұйымдастырудағы негізгі əдіс-тəсілдер: ойын, ойын- жаттығулар, тренинг-ойындар, спорттық ойындар, би, əн айту, т.б. 2. Демалыстан лəззат алатын орындарға: көл жағасына, тау баурайына, табиғат аясына, театрға бару. 3.Демалысты өзін-өзі дамытуға ар- нау: кітап оқу, шығармашылықпен айналысу, т.б.
Əр адамның қызығушылықтарын ескеру, бос уақытты ұйымдастыру барысындағы қойылған мақсаттарға қалайда қол жеткізу, жұмыс немесе басқа да қиындықтар жөнінде ойламау.
Бос уақытты тиімді əрі қызықты ұйымдастыру, бос уақытты өткізу барысында жағымды орта құру, қажетті жағдайлардың барлығын жасау.
Сөйтіп, педагогикалық аниматорлық іс-əрекеттің мотивациялық компоненті өзіне: балаларға жəне басқа адамдарға эмоционалдық құнды қатынастарды (тұлғаның гуманистік бағыты) өзіндік кəсіби сапалардың дамуына жəне мамандығына жағымды қатынаста болуды (кəсіби педагогикалық бағыт) педагогикалық аниматорлық іс-əрекетінің пəніне жағымды қатынасты (көркем шығармашылық бағыт) қосады. Жоғарыда қарастырылған феномендердің мəнін ашып, болашақ мамандардың педагоги- калық аниматорлық іс-əрекетке дайындығын: бос уақыт саласында əлеуметтік тəрбиенің ерекшелігін білуде, толығымен тəрбиелеу процесінің мəнін білуде, педагогикалық ұйымдастырылған бос уақыт саласындағы өзара əрекеттердің технологиялық ерекшеліктерін, мəнін, құрылымын білуде, кəсіби педагогикалық аниматорлық іс-əрекеттің əртүрлі технологиясының мəнін білуде деп көрсетуге болады.