«Жаңартылған білім бағдарламасы аясында белсенді орта қалыптастыра отырып, білім алушылардың білім сапасын арттыру мен жан-жақты көзқарасы қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу»
Бастауыш пәнбірлестігінің мақсаты:
Білім алушылардың білім алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету және олардың оқуға қызығушылығын арттырудың жолдарын қарастыру.
Бірлестік мұғалімдеріне жан-жақты әдістемелік көмек көрсетіп, олардың ұстаздық іс-тәжірибесін терең меңгеруін қамтамасыз ету.
Мұғалімдердің үнемі өзіндік саяси, теориялық және әдістемелік білімін көтеріп отыруына дұрыс бағыт-бағдар беру.
Озат іс-тәжірибелерді жете қадағалап, олардың тиімділерін мектеп өміріне енгізу жұмыстарын мүмкін ету.
ҚР-да білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын мектепте оқып- үйренуді қамтамасыз ету.