Целиноград оқиғасы Тарихи оқиғаның себептері 1. Еділ бойындағы неміс автономиясы таратылғаннан кейін оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне көшірілді. (КОКП ХХ съезінен кейін ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында таратылған көптеген автономиялы республикалар қалпына келтірілгенімен Еділ бойынан көшірілген немістер жөніндегі шешім қайта қаралмай қалды. Осыған байланысты жер аударылған немістер арасында тарихи отандары ГФР-ға көшу мәселесі жиі көтеріле бастады. Бұл процесті тоқтату үшін кеңес өкіметі немістердің тарихи отанына оралуына шек қойды және Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім қабылданды. 2. Бұл автономиялық облысқа Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының біраз аудандары беріліп, Ерейментау қаласы оның орталығы болып белгіленді. Тарихи оқиғаның болған уақыты 1979 жылы 16-19 маусым Тарихи оқиғаның нәтижесі Автономия құру туралы шешім болған жоқ деп мәлімдеп, облыс басшылығы КОКП ОК Саяси Бюросының автономиялы облыс құру жөніндегі жобасынан іс жүзінде бас тартты.