Пәнінен оқу-әдістемелік кешен


АЖ динамикалық сипаттау. АЖ каноникалық түрде сипаттау. АЖ агрегаттық сипатталуы



бет17/47
Дата28.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#64948
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47
Байланысты:
b1e92176-86b5-11e3-9ea3-f6d299da70eeОИС №3

АЖ динамикалық сипаттау. АЖ каноникалық түрде сипаттау. АЖ агрегаттық сипатталуы

Кибернетикалық жүйе элементтері арасында байланысты ұйымдастыру осы жүйенің құрылым атауын алады. Жүйені тұрақты және айнымалы құрылыммен ерекшелейді. Құрылымның өзгеруі жалпы жағдайда барлық жүйені құрайтын элементтер жағдайынан және барлық жүйенің енгізілген сигналдарынан функция ретінде беріледі.

Демек, жүйенің функционалдау белгілерін сипаттау үш функциямен беріледі: жүйенің барлық элементтер жағдайының өзгеруін анықтайтын функциялар, олардың шығу сигналдарын беретін функциялар, жүйенің құрылымындағы өзгерістерді шақыратын функциялар. Егер осы барлық функциялар қарапайым (бірмәнді) функциялар болып табылса, жүйе детерминирделген деп аталады. Егер осы барлық функциялар немесе олардың бір бөлігі кездейсоқ функциялар болса, онда жүйе ықтималды немесе стохастикалық деп аталады. Егер жүйенің функционалдау белгілерін сипаттауға оның бастапқы жағдайын, яғни жүйенің бастапқы құрылымын және оның барлық элементтерінің бастапқы жағдайын қоссақ, кибернетикалық жүйенің толықтай сипаттамасын алуға болады.

Кибернетикалық жүйелерді жіктеу. Кибернетикалық жүйелер олардағы сигналдардың сипаты бойынша ерекшеленеді. Егер осы барлық сигналдар жүйенің барлық элементтерінің жағдайы сияқты үзіліссіз параметрлермен берілсе, онда жүйе үзіліссіз деп аталады. Осы барлық өлшемдердің дискреттілік жағдайында дискретті жүйе туралы айтады. Аралас немесе гибридті жүйелерде өлшемнің екі типімен жұмыс істеуге тура келеді.

Кибернетикалық жүйелерді үзіліссіз және дисретті деп бөлу белгілі дәрежеге дейін шартты болып табылады. Ол пәнге түпкілікті енумен анықталады. Мысалы, жарықтың дискретті, квантты табиғаты бар екені белгілі. Демек, мұндай жарық ағымының өлшемі сияқты, жарықтандыру деңгейі және т.с.с. параметрлерді көбінесе үзіліссіз өлшемдер сияқты сипаттайды. Келесі мысал – қарапайым сым реостат. Оның тартылу өлшемі секірмелі өзгеріп отырса да, осы секірістер (скачка) жеткілікті аз болған кезде өзгерісті үзіліссіз деп есептеу мүмкін және тиімді болып есептеледі.

Кибернетикалық жүйелердің қиындығы екі фактормен анықталады. Бірінші фактор – бұл жүйенің өлшемі, яғни оның барлық элементтерінің жағдайын сипаттайтын параметрлердің жалпы саны. Екінші фактор – оның элементтері арасындағы байланыстың жалпы санын анықтайтын жүйе құрылымының қиындығы. Қиын (үлкен) кибернетикалық жүйелер – бұл бір элементті сипаттауға және осындай элементтердің (біртипті) жалпы санын көрсетуге келтірілмейтін сипаттамалары бар жүйелер.

Қиын кибернетикалық жүйелерді меңгеру кезінде, жүйені элементтерге қарапайым бөлуден басқа жеке блоктар жиынтығы түрінде жүйелерді толықтай көрсету әдісі пайдаланылады, мұндағы жеке блоктар жеке жүйелер болып табылады. Үлкен ауырлығы бар жүйелерді меңгеру кезінде блокты сипаттау сияқты бір иерархия пайдаланылады: мұндай иерархияның жоғарғы деңгейінде барлық жүйе бір блок сияқты қарастырылады, төменгі деңгейінде блоктардың құрама жүйелері ретінде жеке элементтер қарастырылады.


Дәріс №4. Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер

  1. АЖ сипаттау әдістері

  2. АЖ сипаттаудың кибернетикалық жағынан жақындауы

  3. АЖ агрегаттық сипатталуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет