Пәнінен оқу-әдістемелік кешен


WORLD WIDE WEB – жүйесімен қатынас құру тәсілі



бет18/59
Дата08.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#97912
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59
Байланысты:
3e8d861d-3ad2-11e3-9713-f6d299da70ee№3web

WORLD WIDE WEB – жүйесімен қатынас құру тәсілі
Web жүйесімен жұмыс істеудің бірнеше тәсілі бар. UNIX операциялық ортасында сервистік қызмет көрсететін, компания жасап қойғақ, арнайы команда арқылы WWW браузерімен оңай байланысу жолы бар. Оны іске қосу үшін WWW немесе linх сөздерін енгізу керек.
Егер тұрақты қызмет атқару қажет болса немесе тікелей теру арқылы байланыс орнату керек болып жатса, өз браузеріңізді пайдалану мүмкіндігі де бар.
Қолданылып отырған тәсілге қарамастан сіз гипермәтіндік файлдарда мәліметтерді іздеп таба алатын браузермен жұмыс істей аласыз. Енді біз желіні пайдалану кезінде жұмыс істеуге тиіс Internet Ехрlorer графиктік браузерімен сіздерді таныстыралық. Әрине бұдан басқа да браузерлер бар, мысалы, Netscape Navigator, бірақ Windows 98 жүйесі өз Internet Ехрlorer программасының ішкі браузерімен жабдықталады. Windows жүйесінің басқа түрлерінде де арнаулы бірден бекітіліп берілетін ішкі браузерлер болады, олармен жұмыс істеу де ыңғайлы. Ал егер кейбір себептермен сіз Internet Ехрlorer -мен жұмыс істегіңіз келмесе, онда Netscape Navigator браузеріне немесе басқасына оңай ауыса аласыз және олардағы жалпы жұмыс істеу ережелері бір-біріне ұқсас болады.
Сонымен FТР-серверімен жұмыс істеуді меңгерсеңіз және Web жүйесінің бірнеше адресін білсеңіз, онда желіге кіріп жұмыс істеу қиын болмайды. Адресті білмесеңіз де, өзіңізге керекті информацияларды тақырыбы арқылы іздеу ісіне кірісіп кете бересіз.
Internet Ехрlorer немесе Navigator іске қосылса, браузер автоматты түрде, сіз араласпай-ақ, "өз" серверімен байланыс орната береді. Ал, егер де Internet Ехрlorer жүйесімен жұмыс істейтін болсаныз, онда бірден Місrosoft компаниясының WWW сервері парағымен байланысатыныңыз есіңізде болсын, оған мынадай мәлімет енгізілсе, http://www.home.microsoft.com./int/ru
Мұнан кейін "лифт" көмегімен парақтың төменгі жағына өтіп, өзіңізге керекті ақпаратты таңдайсыз. Курсорды ерекшеленген мәтін бөлігіне алып барып, тышқанды бір рет шертіңіз, браузер осы таңдап алынған жаңа мәтін бетін сіздің өз машинаңызға жеткізеді. Біздің жағдайда курсорды " Internet -те парақты іздеу үшін осы сілтемені тандаңыз" (выберите данную ссылку) деген сөзге, яғни оның ерекшеленіп тұрған үзіндісіне алып барып, тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз. Сол сәтте браузер сіздің компьютеріңізге Internet -тегі информация іздеу жүйелерінің жиі қолданатын бірнеше адресі көрсетілген келесі парақты шығарады да, сіздің іздеу шарты көрсетілген (критерий) информация енгізуіңізді және "іздеу" батырмасын басуыңызды өтінеді.
Бұл сервердің тағы бір ерекшелігі — кодтарды сәйкестендіре отырып өзгерту: бір сұрақты әр түрлі кодтар түріне келтіру үшін бірнеше рет енгізудің керегі жоқ. Бір енгізілген мәлімет автоматты түрде барлық кодқа айналады (нәтижені қарап шығу үшін тек қаріпті өзгерту жеткілікті), сервердегі кодтау түрі екеу — КОИ-8 бен 1251). Басқа да кодтарда өрнектелген информациялар болғанымен, олар осы екі кодтау түріне автоматгы түрде айналады. Керекті ақпарат табылса, ары қарай барлық жұмыс FТР- серверіндегі сияқты орындалады.

Дәріс №5-6. Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер



  1. Интернеттегі клиент-серверлік архитектура.

  2. Компьютер мен қосымшаның клиент-серверлі әрекеттесуі.

  3. Компьютерлік тораптар.

  4. Интернеттегі тораптардың иерархиясы.

  5. Интернеттегі ISP, POP, NAP түсініктері.

  6. Интернетке ақпаратты жіберу. TCP/IP протоколдарының стэгі.

  7. IP – бағдарының үрдісі.

  8. Домендік аттардың жүйесі. DNS – сервер.

  9. Браузерлер мен серверлер.

  10. Прокси-сервер. URL-мекенінің форматы.

7-8. WEB технологиялар негіздері: КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРДІ ҚҰРУ НЕГІЗДЕРІ. КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

  • Компьютерлік жүйелерді құру негіздері

  • Компьютерлік жүйелердің пайда болуы мен даму тарихы

  • Жасанды және нақты желілер

  • Компьютерлік желілер классификациясы

  • Компьютерлік желілер топологиясы

  • Серверді пайдалану технологиясы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет