ПӘнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет1/5
Дата22.08.2017
өлшемі0,92 Mb.
#24447
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3-деңгейлі СМЖ құжат


ПОӘК



ПОӘК

«Тіл білімінің негіздері» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы



№1 басылым

«__» _____ 2014жыл

ПОӘК 042-18-28.1.04/03-2014





5 В 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5 В 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» (жеделдетілген), 5В012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі

«қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарына арналған «Тіл білімінің негіздері»
ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР




СЕМЕЙ


2014
Мазмұны
1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық сабақтар

4 Курс жұмысы (жоба)

5 Студенттердің өздік жұмысы

ГЛОССАРИЙ

1. Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік теориясы.

2. Экстралингвистика – экстра латын тілінде «сыртқы, сыртқары» мағынасын береді.

3. Интра – латын тілінен ауысқан префикс «ішкі» мағынасын білдіреді.

4. Менталингвистика деген термин құрамындағы мента – латын тілінде ойлау, ақыл деген мағынаны білдіреді.

5. Неолингвизм. (гр. neos – жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған).

6. Натурализм латынның натура деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда ХІХ ғасырдың екінщі жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды.

7. Аморф - формасыз деген мағынаны білдіреді.



8. Ареалдық тіл білімі – (лат.аrea – кеңістік, аудан) – лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы.

9. Интеграция - өзіндік тілдік ерекшеліктері бар қауымдардың бір – бірімен жақындасуларының, араласып бірігулерінің нәтижесі.

10. күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдану тіл білімінде билингвизм деп аталады.

11. Тілдік жағдаят - әлеуметтік тіл білімінің зерттейтін мәселесі.

12. Этнолингвистика – грекше ethnos халық, тайпа) – тілдің халық мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт.

13.Социологиялық (әлеуметтік) бағыт (социолингвистика) тілді адамдардың қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым – қатынас құралы деп қарайтын бағыт.

14. Сөйлеу дегеніміз - әрекет.Әрекет белгілі бір нәтижеге жету үшін, бағыты, мақсаты бірлігі арқылы топтасқан процестердің күрделі жиынтығы.

15. Жергілікті халықтар ол тілде жазылған аят-хадистарды мағынасын, тілін түсінбесе де жатқа біліп, құдайға құлшылық ететін дұға ретінде айтуға міндетті болды. Бұл тіл -тіл ғылымында канондық тіл деп аталады.



16. Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында « Тіл туралы жаңа ілім » немесе « Яфет тіл ғылымы » деп аталады.

17. Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында « Тіл туралы жаңа ілім » немесе « Яфет тіл ғылымы » деп аталады.

18. Тіл теориясы – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым.

19. Семиотика - әр түрлі хабарлар, мәліметтер беру үшін қолданылатын таңбалар жүйесі




2 ДӘРІСТЕР

№1 модуль: Тіл білімі және оның басқа ғылымдармен байланысы


1 дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның салалары
1.Тіл білімі және оның зерттеу нысаны

2. Тіл білімінің салалары

3. Тарихи тіл білімі және сипаттамалы тіл білімі..

4.Жалпы тіл білімі және жеке тіл білімі.

Тіл білімі лингвистика (грек linqua–тіл), тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы – тіл. Тіл – адамның табиғи тілі.Тіл-таңбалар жүйесі.Тіл - қоғамның ең маңызды байланыс құралы.Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады. Осыдан келіп тіл білімінің салалары шығады.


Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика, грамматика (сөзжасам, морфология және синтаксис) стилистика. Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені, тіл білімінің әр түрлі жақтары мен салалары, олардың дамуын, өзара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдары зерттейді. 
Тарихи тіл білімі - тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы-бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Диахрондық лингвистика. Сипаттамалы лингвистика-белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын зерттеу, яғни белгілі бір уақыттан және өзгерістерден тыс жататын қатынастар жүйесі ретінде зерттеу. Синхрондық лингвистика.
Жалпы тіл білімі – жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы.Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары мен қорытындылары жеке тілдерді зерттеу үшін қажет. Ал жалпы тіл білімі жеке тілдерді зерттеуге бағыт-бағдар сілтейді. Сөйтіп, жалпы тіл білімі тілдің мәні мен қызметін, оның ойлаумен ара қатынасын, байланысын, адам баласы тілінң пайда болуын қарастырады; тілдің даму заңдарын айқындайды; дүниежүзі тілдеріне классификация жасайды; ғылымдар жүйесінде тілдің алатын орнын айқындайды.
Жеке тіл білімі-жеке, нақты, туыстас тілдер тобын зерттейді. Туыстас тілдер тобын тюркология (түркі тілдер). Славянистика (славян тілдері), германистика (герман тілдер) т.с.с. зерттейді.
Бақылау сұрақтары:

1. Тіл білімі ғылымы нені зерттейді?

2.Тіл білімі қандай салалардан тұрады? Тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелеріне не жатады?

3. Тарихи тіл білімі және сипаттамалы тіл білімінің зерттеу нысанына не жатады?

4.Жалпы тіл білімі және жеке тіл білімі нені қарастырады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010

2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987

3.Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997

4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002
2 дәріс тақырыбы: Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны және тіл білімінің басқа ғылым салаларымен байланысы
1. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы
2.Тіл білімінің басқа ғылымдар арасында алатын орны
3.Тіл білімінің теориялық және практикалық мәні

Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны ерекше. Себебі кез келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі. Ғылым атаулы екіге бөлінеді: қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары .Тіл білімі қоғамдық (әлеуметтік) ғылым. Тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.Тіл білімі және филология. Филология грек тілінен аударғанда «сөзді сүю» деген мағынаны береді. Тіл білімі - тарих, археология, этнография, әдебиеттану, психология, педагогика, логика, философиямен байланысты.

Тіл білімі жаратылыстану ғылымдары: физиология, физика, математика, география, кибернетикамен байланысты.

Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысынан туындайтын түрлері: социолингвистика (әлеуметтік лингвистика) этнолингвистика, психолингвистика, лингвостатистикалық, лингвистикалық философия, логикалық грамматика, қолданбалы лингвистика, лингвистикалық география, когнитивтік лингвистика, лигвомәдениеттану, интерлингвистика және т.б.

Тіл білімінің теориялық мәні – тіл ғылыми тұрғыда зерттелінеді, соның нәтижесінде тілдің табиғаты, оның даму заңдылықтары айқындалады, ондағы тілдік категориялар сараланады.

Бақылау сұрақтары:

1. Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны қандай ?

2. Тіл білімі қандай ғылымдармен байланысады?
3. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәні қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010

2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987

3.Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997


3 дәріс тақырыбы: Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі


1.Тілдің табиғаты, мәні мен қызметі

2. Тілдің қоғамдық қызметі




Өмірде алуан құбылыстар бар. Олар табиғат құбылыстары және қоғамдық құбылыстар болып екі топқа бөлінеді.Тіл қоғамдық құбылыстардың қатарынан орын алады. Тілдің табиғатын (мәнін) танып білу үшін оның ең басты қасиетін айқындап алудың маңызы айрықша. Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті делініп, оның қатынас құралы болу қызметі аталады.

Тіл – адам баласы қоғамында қатынас құралы, сөйлесіп, пікір алысудың құралы ретінде пайда болды. Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды . Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес. Демек, қоғамның өмір сүруі, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы, пікір алысудың құралы – тіл қажет . Тіл – адам баласы қоғамының өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты. Екіншіден , тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам – тілдің өмір сүруінің шарты, қоғамнан тыс, адамдардың коллективінен тыс тіл жоқ. Қоғамның өмір сүруі үшін, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін тіл қаншалықты қажет болса, тілдің өмір сүруі үшін қоғам да соншалықты қажет.
Тілдің қатынас құралы болу қызметі мен ойлаудың құралы болу қызметіне қоса тағы бір қызметі бар: ол – экспрессивті қызмет. Тілдің экспрессивті қызметі делініп, әдетте, оның адамның субъективті қатынасын, сезімі мен эмоциясын білдіру қызметі аталады.

Тіл мен ойлаудың өз ара байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге философия мен логиканың және психологияның ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады.Мәселенің күрделілігі ойлаудың табиғаты мен тілдің табиғатының өте-мөте күрделі болуымен байланысты.Дыбыстық тіл де, абстракті ойлау да – адамға тән құбылыстар. Бұл екі құбылыстың екеуі де адамның екі жақты табиғатына сәйкес әрі әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталады, осы екеуін бірдей қамтиды.

Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің мәні мен табиғаты жайлы қандай көзқарастар бар?
2. Тіл қандай қоғамдық қызмет атқарады?
3.Тіл мен ойлаудың арақатынасы қандай?
4. Тілі негізгі қызметі қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010

2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987

3.Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997

4 дәріс тақырыбы: Тіл мен ойлау

1.Тіл мен ойлау

2.Тіл мен сөйлеу
Тіл мен ойлаудың өз ара байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге философия мен логиканың және психологияның ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады.Мәселенің күрделілігі ойлаудың табиғаты мен тілдің табиғатының өте-мөте күрделі болуымен байланысты.Дыбыстық тіл де, абстракті ойлау да – адамға тән құбылыстар. Бұл екі құбылыстың екеуі де адамның екі жақты табиғатына сәйкес әрі әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталады, осы екеуін бірдей қамтиды. Біріншіден, тілде, ойлау да – адам миының туындысы, соның жемісі, екіншіден, тіл де, ойлау да - әлеуметтік құбылыс, өйткені адамның өзі қоғамдық құбылыс болып саналады.

Бақылау сұрақтары:
1.Тіл мен ойлаудың арақатынасы қандай?
2. Тіл мен ойлаудың өзара байланысы неден көрінеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010

2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987

3.Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997

5 дәріс тақырыбы: Тілдің таңбалық, құрылымдық және жүйелік сипаты

1.Тілдің таңбалық сипаты

2.Тілдің құрылымдық және жүйелік сипаты

3.Синхрония және диахрония


Тіл таңбалар жүйесінен тұрады. Таңбаның екі түрі: тілдік таңба, шартты таңба. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тілдік таңбаның екі негізгі қасиеті дыбыстардың көмегімен кез келген сөздік белгіні жеткізу. Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.Тілдік таңбаның белгілері: 1)еріктілік, 2) шарттылық.

Еріктілік, шарттылық дегеніміз – таңба мен сол таңба арқылы белгіленген заттың немесе ұғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы. Сондықтан бір зат әр түрлі тілдерде әр түрлі аталады. Тілдің таңбалық теориялары. Семиотика - хабарды сақтап басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.

Құрылым дегеніміз-бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы. Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Фонема - тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. Морфема – ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік. Сөз – болмыс құбылыстарын, заттарын , олардың қасиетерін атайтын негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем – тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі.

Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі.

Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын және оның өзгеруін зерттейді. Бұл екеуі бір нәрсе емес.Синхрония - тіл дамуындағы өзгеріссіз кезең, диахрония-тіл жүйесінің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің қыры.

Бақылау сұрақтары:
1. Тілдің таңбалық сипаты дегеніміз не ?
2. Тілдің құрылымдық және жүйелік сипатын неден көреміз?

3.Тіл мен ойлаудың арақатынасы қандай?
4. Синхрония және диахрония дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010

2.Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
6 дәріс тақырыбы: Фонетиканың мақсаты мен міндеті, қарастыратын мәселесі. Тілдің дыбыстық жүйесі.Фонема мәселесі.

1. Фонетика және оның салалары


2. Тілдің дыбыстық жүйесі

3.Дыбыстау мүшелері және олардың қызметі

4.Фонема мәселесі
Адам баласының тілі – дыбыстық тіл . Тіл дыбыстары - әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі. Тіл дыбыстары, әдетте сөз ішінде айтылады.

Фонетика тіл дыбыстары және дыбыс заңдарымен ғана шектеліп қоймайды. Тіл дыбыстары, олардың құрамы, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтары туралы мәселелер фонетикада маңызды орынға ие болады. Алайда, тіл дыбыстары туралы мәселенің фонетикада басты орынға ие болуы фонетиканың басқа да маңызды объектілерінің болуын жоққа шығармайды. Дыбыстарды зерттеу мен дыбыстық тілдің басқада мәселелерін, мысалы, буын, екпін және интонация мәселелерін қарастыру өз ара тығыз байланыста болады. Сонымен фонетиканың зерттейтіндері – тілдің барлық жағдайларында және қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдері және тілдің дыбысталу түрі мен жазба түрінің арасындағы байланыстар.
Дыбыстың жалпы теориясын физиканың акустика деп аталатын саласы қарастырады. Акустикалық тұрғыдан алғанда, дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп қозғалуының нәтижесінде пайда болады да , құлаққа естіледі. Дыбыс өтетін орта – ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып пайда болуы мүмкін емес . Акустика дыбыстардағы төмендегідей белгілерді ажыратады: дыбыс ырғағы, дыбыс күші, дыбыс әуені (тембр), дыбыстың созылыңқылығы.

Фонема (гр.phonema-дыбыс)- сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан айыруға септігі бар тілдің тілдің ең кішкене функциялық бөлшегі.

Бақылау сұрақтары:

1. Фонетика қандай салалардан тұрады?

2.Дыбыстың жалпы теориясын қай сала қарастырады?

3. Акустика дыбыстарды қандай белгілері арқылы ажыратады:?

4. Фонема деген не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010

2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987

3.Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997

4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002
7 дәріс тақырыбы: Екпін және оның түрлері

1. Екпін (акцентуация) туралы түсінік

2.Оның басты түрлері: ой екпіні және инверсия, көңіл-күй екпіні, сөз екпіні және т.б.олардың бір-бірінен айырмашылығы.

3.Екпіннің басқа тілдердегі атқарған орны.


Сөз ішінде бір буынның күшті айтылуын екпін дейміз.Қазақ тілінде екпін сөздің сонғы буынына түседі.Бұл-бізге мектептен таныс қағида.

Екпін түскен буын басқа буындардан негізгі үш түрлі тәсіл арқылы ажыратылады.

1)Буынның біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы арқылы ажыратылады. Екпіннің мұндай түрі лебізді екпін немесе динамикалық екпін деп аталады.

2) Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы (высота тона) арқылы ерекшеленіп, дауыс шымылдығының дірілінің жиілеуіне негізделеді. Екпіннің бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін деп аталады.

3)Басқа буындардың ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстың созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл квантативті екпін деп аталады.

Екпін арнаулы бір буынға байланбай, ыңғайына қарай әр басқа буынға түсе беретін болса, ондай екпін жылжымалы екпін деп аталады. Мысалы, орыс тіліндегі екпін – жылжымалы екпін.

Кейбір тілдерде, мысалы, түркі тілдерінде, екпін көбінесе арнаулы бір буынға байланып, басқа буындарға жылжи бермейді. Екпін белгілі бір буынға телініп тұрақталса, ондай екпін тұрақты екпін деп аталады.

Акцентуациялық жақтан жігі ажырамай, бір ғана екпінмен айтылып, ритмикалық бір бүтін топ құрған сөз тіркесінің құрамындағы екпін түспеген сөз екпінді өз бойына тартқан сөздің алдында тұрса, проклитика деп аталады да, соңында тұрса энклитика деп аталады. Жөн-жосық, кем-кетік, көл-көсір, мал-мүлік тәрізді қос сөздер мен ән салу, қол қою тәрізді сөз тіркестерінің әрқайсысының алдыңғы сыңарлары дербес екпінге ие бола алмай, проклитикаға айналып тұр.



Логикалық екпін. Сөзде белгілі бір буынның екпін түсіп, ерекшеленіп айтылатыны сияқты, кейде сөйлемде бір сөзге айрықша назар аударылып айтылатыны бар. Сөйлемдегі айрықша назар аударылып айтылған сөзде ой екпіні болады да, ол сөз басқа сөздерге қарағанда, ерекше әуенмен айтылады. Мұндай екпін логикалық екпін деп аталады.

Бақылау сұрақтары:

1.Екпін (акцентуация).

2.Оның басты түрлері: ой екпіні және инверсия, көңіл-күй екпіні, сөз екпіні және т.б.олардың бір-бірінен айырмашылығы.

Әдебиеттер:

1.Кеңесбаев I., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика).

А., 1962, 1993.

2.Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. А., 1986,1986,1993.

3. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет