ЖЕТІСТІК МОТИВАЦИЯСЫ(Мотивация достижения) – адамның қалаған нәтижеге жету үшін бар мүмкіндікті сарқа жұмсауға деген қажеттілігімен байланысты мотивация түрі. Жетістік мотивациясының негізгі түрлері ата – ана ықпалымен балада 3 – 13 жас аралығында қалыптасады. Ж.м. баланың кездескен қиындықты жеңуіне жәрдемдеседі.
ЖОБАЛАУ ӘДІСІ(Метод проектирования) – оқушының бірте – бірте күрделіне түсетін практикалық тапсырмаларды жоспарлы түрде орындату арқылы оқыту жүйесі.
ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ (Методика исследования) – ғылыми – зерттеу мақсатын шешетін амалдар.