Кесімді еңбек ақы төлеуді қолдану үшін қажетті жағдайлар
Жұмысшының еңбек шығындарын көрсететін жұмыс немесе өнімнің сандық көрсеткіштерінің болуы.
Өндірістің нақты техникалық ұйымдастырушылық жағдайында жұмысшыға бекітілген нормадан жоғары жұмыс жасау мүмкіндігінің болуы.
Өнім өндіру өсімін ынталандыру, жұмыс көлемін ұлғайту немесе жұмысшылар санын еңбекті интенсификациялау негізінде қысқарту қажеттілігі.
Жұмысшылар өнімін есепке алу және еңбек нормасын құрастырудың экономикалық мақсаттылығы мен мүмкіндігі.
Кесімді еңбек ақының өнім сапасының, техникалық қауіпсіздік талаптары және технологиялық режимді сақтау, энергия, материал, шикізаттардың рационалды шығындалу деңгейлеріне кері әсерінің болмауы.