Пјн Информатика сынып 7в Дата


)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)



бет37/69
Дата05.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#18093
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   69
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Windows-тың сілтеуіші компьютердегі файлдардың, қапшықтар мен дискілердің иерархиялық құрылымын бейнелейді. Онда сонымен қатар қосылған желілік дискілер бейнеленеді. Windows-тың сілтеуіші көмегімен файлдар мен қапшықтарды көшірмелеуге, орнын ауыстыруға және атауын өзгертуге, сондай-ақ оларды іздестіруді орындауға болады.
Windows файлдар мен қапшықтарды іздестіруді орындаудың бірнеше мүмкіндіктерін ұсынады.
«Іздестіру бойынша көмекші» «Помощник по поиску» файлдарды іздестірудің ең тез тәсілдерін қамтамасыз етеді. Егерде файлдардың тым жиі пайдаланылатын типтерінің бірін іздестіру орындалатын болса, егерде іздестірудің орындауы қажетті файлдардың немесе қапшықтардың толық атауы немесе атауларының бөлігі белгілі болса, немесе егерде файлдың соңғы өзгеру уақыты белгілі болса, онда «Іздестіру бойынша көмекші» «Помощник по поиску» құралын пайдалану ұсынылады. Егерде атаудың тек бөлігі ғана белгілі болса, онда атаудың осы бөлігі бар барлық файлдар мен қапшықтарды іздестіруге арналған қойылымдық таңбаларды пайдалануға болады. Мысалы, «*хат.*» «*письмо.*» сұранысы бойынша «Құттықтау хат.doc», «Арнайы хат.doc» және «Арнайы хат.txt» («Поздравительное письмо.doc», «Специальное письмо.doc» и «Специальное письмо.txt») файлдары табылатын болады.
Windows-тің сілтеуіші компьютердегі барлық файлдар мен қапшықтарды тез қарап шығуға, сондай-ақ файлдарды бір қапшықтан екіншісіне көшірмелеуге және орнын ауыстыруға мүмкіндік береді. Егерде файл мен қапшықтың орны белгілі болса, онда Windows-тің сілтеуішін пайдаланыңдар.
Windows-тағы анықтамалық жүйе операциялық жүйенің жұмысымен байланысты сұрақтардың көпшілігі бойынша пайдаланушыға анықтама берудің жақсы құрылымдалған, өте қолайлы қызмет интерфейсі болып табылады.
Windows-тің анықтамалық жүйесі гипермәтін қағидасы бойынша құрылғын. Сондықтан әрқашанда анықтама мәтінінде кездескен таныс емес терминнің түсініктемесін тез алуға болады.
Анықтамалық жүйені шақыру
Windows-тың анықтамалық жүйесіне бірнеше тәсілмен қатынауға болады. можно несколькими способами. Пайдаланушы өзінің көз қарасы бойынша сол немесе басқа тиімді жағдайды таңдап алады. Windows-тың анықтамасына қатынау тәсілдері:
- Windows+ F1 пернелерінің үйлесімі;
- Анықтама мен қолдау жолын (Windows XP-дағы) немесе Негізгі менюдің анықтамасын (Windows-тың басқа нұсқаларындағы) таңдау;
- Анықтама > Анықтама мен қолдау орталығы немесе Анықтама > Операциялық жүйе құрауышының қандайда бір менюінен Анықтаманы шақыру (Справка > Центр справки и поддержки или Справка > Вызов справки) командаларын таңдау.
Windows-тың қосымша бағдарламаларында анықтамалық жүйені шақыру ұқсас тәсілдермен жүзеге асырылады:
- F1 батырмасын басу;
- выбрать команду Анықтама > Анықтама: бағдарламаның атауы немесе Анықтама > бағдарлама менюінен Анықтаманы шақыру (Справка > Справка: имя программы или Справка > Вызов справ­ки из меню программы) (кейде Меню анықтамасы орнына сол мағына мен міндеті бар пунктті қамтиды?).
Windows-тың қосымша бағдарламаларындағы жанама анықтамаға қатынау тәсілдері:
- Shift+F1пернелерінің үйлесімін пайдалану;
- Анықтама > Қосымша бағдарлама терезесі менюінен Бұл қандай нәрсе? (Справка > Что это такое? из меню окна приложения) командасын таңдау.
Сұқбаттық терезелердегі жанама анықтамаға қатынау тәсілі: «?» терезесі тақырыбындағы анықтаманы шақыру батырмасы бойынша шерту. Осы команданы орындау кезінде маус көрсеткіші «?» таңбасы формасын қабылдайды. Оны терезенің сұрақты шақырған объект тұрған орынға ауыстырыр және маус батырмасын шерту керек.
Windows XP-дағы анықтама алу
Windows XP-ның операциялық жүйесінің «Анықтама мен қолдау орталығы» терезесі (1-сурет) өзінің құрылымы мен анықтама алу тәсілі бойынша Windows-тың алдыңғы нұсқаларының анықтамалық жүйесі терезесінің классикалық формасынан ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет