3-сурет «Дәмді»сүзбе өнімі
«Дәмді» сүзбе өнімін өндірудің технологиялық схемасы:
6. «Дәмді» сүт өнімін өндіру технологиясы.
Сүт — барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім. 100 грамм сүтте 3 граммға жуық ақуыз, 3,2 грамм эмульгацияланған оңай сіңетін май, көптеген мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор қосындылары, сондай-ақ белгілі мөлшерде А1, В2, Д витаминдері бар және де жазғы уақытта сиыр сүтіндегі бұл витаминдер қыстағыдан едəуір көп болады. 100 грамм сүт организмге 60-қа жуық килокалория береді. Сүт ақуызы негізінен, казеиннен (2,7 %), лактальбуминнен (0,4 %) және лактоглобулиннен (0,1%) тұрады. Сүт ақуызының 75-96 пайызы организмге сіңімді келеді. Құрамындағы лактоза не сүт қанты тез ашиды. Бұл қасиетті сүт ашытуда пайдаланылады. Минерал заттары органикалық және бейорганикалық қышқыл тұздары түрінде кездеседі. Сондай-ақ, 60-тан астам фермент, әртүрлі гормон (окситоцин, пролактин, фолликулин, адреналин, инсулин т.б.), иммундық заттар (антитоксин, глотинин, онсонин т,б,), газдар (СО2 , О2, Н2, NH3), микроорганизмдер болады.
Сиыр сүті – құнды тағамдық зат, одан әртүрлі сүт тағамдары, май, балмұздақ, т.б. жасалады. Адамның күнделікті тағамдық рационында сиыр сүті көп пайдаланылады. Сиыр сүтінің құрамында су (87,5%), сүт қанты (4,7%), май (3,9%), ақуыздар (3,3%), минералды заттар (0,7%), витаминдер мен ферменттер бар. Мал сүтінің құрамындағы ақуыздар: альбумин – жас организмнің өсуі; глобулин – иммунитеттің қалыптасуы үшін қажет. Сүт майы глицеридті қоспалардан тұрады. Салқындатылған сүтте май түйіршіктерінің диам. 0,1–20 мкм болатын суспензия, ал жаңа сауылған сүт пен ысытылған сүтте эмульсия түрінде болады. Осы түйіршіктер сүт біраз тұрғаннан кейін оның бетіне кілегей болып жиналады. Сүт лактозасы (дисахарид) – таза күйінде ақ түсті, кристал тәрізді ұнтақ. Оны айран, қымыз ашыту үшін және медицинада, бактериологияда қоректік орта дайындау үшін қолданады. Сүттің минералдық құрамы: макроэлементтер (кальций, фосфор, натрий, калий, күкірт, хлор, магний, т.б.) мен микроэлементтерден (цинк, мыс, темір, күміс, т.б.) тұрады. Сондай-ақ ферменттер, гормондар, иммунды денелер, газдар да кездеседі
Күнделікті 0,5 л шикі сүт немесе сүт қышқылды сусындарды тұтыну адамның тағамдық заттарға деген тәуліктік қажеттілігін біраз мөлшерде қамтамасыз етеді.
Сүттің энергетикалық құндылығы оның биологиялық тотығу процессінде бөлінетін энергиямен сипатталады.
«Дәмді»сүті - ультрапастерленген сүт.Құрамына:құрғақ майсызданған сүт,сүт майы,сүт майын алмастырғыш кіреді.100г өнімнің тағамдық және энергетикалық құндылығы:ақуыз-2,6г;май-3,2г;көмірсу-4,7г.Энергетикалық құндылығы-58кКал. Дәмді сүті майлылығы бойынша(2,5%;3,2%;6%) шығарылады.
Ультрапастерленген сүт-сүттің 1350С ыстықта 6 секунд ысытылып,20 градусқа дейін суытылған түрі. Зиянды бактериялар және сүттің бұзылуына себеп болатны бактериялар жойылады. Ультрапастерленген сүттің ерекшелігі:
1.Құрамында қоспа болмайды.Бірақ иісі болады.Дәмін беру үшін.
2.Картон ыдыстарда сатылады.
3.Ашылмаған жағдайда ерекшелігі мен азықтық құндылығы ең аз дегенде 4ай сақталады.Мерзімінен өтіп кетсе,түрі сарғылданып,дәмі қышқылданып,иістеніп кетеді.
4.Бөлме температурасы режимімен сақтауға да болады.
«Дәмді» сүт өнімін өндіру кезіндегі операциияларға:сүтті қабылдау және сапасын анықтау, нормалау, тазарту, гомогенизациялау, пастерлеу, салқындату, шикізатты тасымалдау, ультрапастерлеу, қораптарға құю, орау және таңбалау, сақтау және сату кіреді. «Дәмді» сүт өнімдерін өндіру жұмыстары суретте көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |